«Самұрық-Қазына» интернет арқылы пәтер алуға өтініштер қабылдауды бастады

13.05.2015 3752

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша интернет арқылы Ақтөбе қаласындағы «Юнис Сити» ТК-ден пәтер алуға өтініштер қабылдауды бастады.

Компания хабарлағандай, сатып алу құқығымен жалдау арқылы өткізілетін объектілердің жалпы саны – 121 пәтер, тікелей сатылатыны – 37 пәтер. 

«Юнис Сити» ТК Ақтөбе қаласының «Авиатор» ауданында Бокенбай батыр көшесі, 155-үйде орналасқан.

Сатып алу құқығымен жалдау арқылы өткізілетін пәтерлер үшін  төленетін ай сайынғы төлемнің мөлшері – 1 шаршы метріне 1 289,41 теңге,  тікелей сатылатын пәтерлердің 1 шаршы метрінің құны – 143 987 теңге. 

Өтініштерді қабылдауды бастаудың белгіленген мерзімінде барлық тіркелген пайдаланушылар пәтер алу туралы өтінім жіберу мүмкіндігін бір мезгілде алды.

Бүгінгі таңда www.fnsk.kz сайтының өтінімдерді қабылдау жүйесіне 23 630 қатысушы тіркелген. Ақтөбе қаласында бағдарлама іске қосылған алғашқы 30 минут ішінде жүйеге 1594 өтінім келіп түсті.

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының инновациялық веб-жобасы өтінушілердің кезектілігін қалыптастырудың жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз етеді.

Кезектілік электрондық өтінімнің қабылданған уақыты бойынша автоматты түрде қалыптасады. Пәтер алудағы кезегіңіздің нөмірін өтінім берген сәтте-ақ біле аласыз.

Өтінімдерді қабылдау барысына адамның араласуын мейлінше азайтуға мүмкіндік беретін технологияларға Республика азаматтары оң көзқарас танытқанын атап өткен жөн.

Сондай-ақ естеріңізге саламыз, 18 мамырда Алматы қаласындағы «Асыл Арман» ТК-ден пәтер алуға өтінімдер қабылдау басталады.