Астана тұрғындарды Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтуде (ФОТО)

09.05.2015 3541

Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу шаралары өтіп жатыр.

«Отан қорғаушылар» мемриалындағы Мәңгілік алауға гүл дестелері қойылып, ардагерлерге құрмет көрсетілді. Бұған қоса Жеңіс күніне арналған мерекелік концерттік бағдарламалар ашық алаңдарда өтуде. Атап айтқанда, концерт «Бәйтерек» монументінің жанында, қала әкімдігінің жанындағы қалалық алаңда, «Студенттер» саябағы мен «Жастар» театрының алдында, сондай-ақ Есіл өзенінің жағалауында өтіп жатыр.