«Дабыл түймешелері» жобасы аясында 100-ге жуық ҰОС ардагері құтқарылды
«Дабыл түймешелері » жобасы аясында 93 ҰОС ардагері құтқарылды. Бұл туралы «Еуразиялық медиафорум» қоғамдық қор директоры, «Жеңіс-70» акциясының операторы Руслан Жемков хабарлады.
«Біз физикалық тұрғыда барлық ардагерлерді қамти алмадық, олардың саны 4700 адам, басты себеп олар өз үйлерінде болмады. Қазіргі таңда аталмыш мәселені аймақтардағы ардагерлер кеңесімен келісудеміз, себебі қалғандары да қамтылуы тиіс», - деп атап өтті Р. Жемков.
Оның айтуынша, Қазақстанда «Дамыл түймесі» жобасы аясында 100-ге жуық ҰОС ардагері құтқарылды
«Үш ай ішінде 4115 құрылғы табысталды, олардың ішінен бүгінгі таңда 500-ден астам көмекке шақырылды. Аталмыш құрылғылардың арқасында 93 адамның өмірі сақтап қалынды», - деп толықтырды ол.
Өз кезегінде, «Линия жизни 24» ҚҚ директоры Эрнар Нұрбеков атап өткендей, аталмыш жобаның жұмысы барысында ардагерлерден ешқандай шағым түскен жоқ.
«Бүгінгі таңда қосылғандардың барлығында байланыспен ешқандай проблема жоқ. Ардагерлерден ешқандай шағым да түскен жоқ. Жұмыс жоспарға сай жүргізілуде, жүйе сапалы жұмыс істеуде», - деп түйді Э. Нұрбеков.
Естеріңізге сала кетейік, жақында республикада тұратын барлық ҰОС ардагерлеріне «дабыл» түймелерімен жабдықталған ұялы құрылғылардың табысталуы аяқталды.
Индира Кауметова