Қазақстанда «Эйр Астана» тәжірибесі бойынша зәкірлік инвесторлармен бірлескен кәсіпорын құру қажет - Н.Назарбаев

05.05.2015 2993

Қазақстанда «Эйр Астана» тәжірибесі бойынша зәкірлік кәсіпкерлермен бірлескен кәсіпорын құру қажет, деді Ақордада өтiп жатқан Үкiметтiң кеңейтiлген отырысында Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев.

««Эйр Астана» тәжірибесі бойынша зәкірлік кәсіпкерлермен бірлескен кәсіпорын құру қажет. Қазақстанда «Эйр Астана» құруда авиация толық жойылды. Барлық әуежайлардағы  ұшақтар тұтқындалды. Азаматтық авиация жойылды.  Біз ағылшын компанияларымен бірігіп, олардан 10 млн, біздің тараптан 10 млн, яғни 20 млн теңгеге «Эйр Астананы» құрдық.  ТМД-дағы үздік компания.  Нью-Йоркте    жолаушыларды үздік тасымалдаушы ретінде сыйлыққа ие болды. Бі осылай жұмыс істей аламыз», - деді Елбасы.

Айта кетейік, бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтуде.

Индира Кауметова