Қазақстан мен Беларусь өңірлері денсаулық сақтау саласында тығыз ынтымақтастық орнатады
Қазақстан мен Беларусь өңірлері денсаулық сақтау саласында тығыз ынтымақтастық орнатады, деп хабарлады Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
Бұл туралы бүгін бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде өткен кездесуде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі Салидат Қайырбекова мен Беларусь Республикасының Гродно облыстық атқарушы комитеті төрағасының орынбасары Виктор Лисковичтің кездесуін айтылды.
Кездесуде Салидат Қайырбекова қонақтарды «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысымен таныстырып, ұлт денсаулығын нығайту мақсатындағы міндеттерді орындау үшін отандық мамандар өзге елдердің озық тәжірибелерін зерттеп, тәжірибеге енгізе беретінін атап көрсетті.
Кездесу барысында балаларға көмек көрсету, перинатальдық скрининг, неврологиялық патологиямен туылған сәбилерді ерте оңалту, шұғыл және жедел медициналық көмек көрсету қызметін дамыту, кардиологиялық отадан және инсульт алғаннан кейін науқастарды оңалту сияқты мәселелер талқыланды.
Өз кезегінде Виктор Лискович Қазақстанның денсаулық сақтау саласында соңғы жылдары елеулі жетістіктерге қол жеткізілгенін атап көрсетті. Тиісінше, аталған салада елдеріміз арасында тәжірибе алмасу керектігі анық. Осыған орай тараптар Қазақстан мен Беларусь елдерінің өңірлері арасында тікелей байланысты жолға қоюға келісті.
Беларусь делегациясының өкілдері Астанада Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық, Республикалық балаларды оңалту орталығы және Республикалық диагностикалық орталық қызметімен танысады. Сондай-ақ, Алматыға барып, қаланың бірқатар емдеу мекемелерін аралап, аталған салала ынтымақтастық орнату туралы келіссөздер жүргізеді.