2015 жылы Қызылорда облысында әйнек зауытының құрылысы басталады

10.04.2015 4100

2015 жылы Қызылорда облысында әйнек зауытының құрылысы басталады, деп хабарлады «Қазақстанның инвестициялық қоры» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Дәурен Ибрашев.

«Қазақстанның инвестициялық қоры «Бәйтерек» компаниялар тобының аясында Қызылорда облысының аймағында қуаты жылына 197 мың 100 тонна болатын әйнек шығаратын зауыт жобасын жүзеге асырады. Қазіргі таңда жобаның техникалық-экономикалық негіздемелері дайындалды. Осы айдың басында ғана құрылғыларды жеткізіп беруді жобалау мен құрылысқа қатысты келісімге қол қойылды. Осы аптада құрылысты бастау жөнінде рұқсат алып, жобалау жұмыстары басталды»,-деді Д.Ибрашев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.  

Жобаның стратегиялық инвесторы болып америкалық «Steward Engineers» компаниясы бекітілді.

«Жобаның құны 198 миллион доллар тұрады. Операциялық қызмет кезінде 200 жаңа жұмыс орындары ашылды, ал құрылыс басталғанда 600-ге жуық жұмыс орындары болады»,- деп қосты Басқарма төрағасы.   

Баспасөз қызметі таратқан мәліметтер бойынша, осы уақытта жобаның инженерлік инфрақұрылымын салу жұмыстары аяқталып, енді темір жол тұйығын салу мәселесі пысықталуда.

 Камила Амирова