Астанада «Жарқын болашақ" республикалық қазақ тілі олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды
Астанада VII «Жарқын болашақ" республикалық қазақ тілі олимпиадасы өтті, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері мен Қазақстанның қоғам қайраткерлері қатысты.
Қуаныш Асылов өзінің сөйлеген сөзінде жастардың рухани-адамгершілік және азаматтық қалыптасуына, қазақстандық патриотизм, этносаралық және конфессионал аралық толеранттық рухтағы өскелең ұрпақ тәрбиесіне арналған іс-шаралардың мәні мен маңызының ерекшелігін атап өтті.
Қуаныш Асылов «Қазақстандық патриотизмді және оның негізін қалаушы факторлардың бірі - қазақ тілін дамыту мемлекеттік органдардың және барша қоғамның міндеті болып табылады. Еліміздің рухани және мәдени дамуына, халықтың бірлігі мен келісіміне арналған іс-шара өскелең ұрпақ тәрбиесінде айрықша рөлге ие» — деп атап өтті.
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды, сондай-ақ бірқатар жоғары оқу орындарында оқуға арналған гранттарға ие болды.