Астанада ЕАЭО елдерінің сарапшылары Азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету жөніндегі келісім жобасын талқылады
06.04.2015
3111
Бүгін Астанада ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпованың қатысуымен Қазақстан, Ресей және Беларусь өкілдерінің Еуразиялық экономикалық одағы елдері еңбеккерлерін зейнетақымен қамтамасыз ету жөніндегі келісім жобасын пысықтау мәселелері қаралған жұмыс бабындағы кездесуі өтті.
ДСӘДМ хабарлағандай, келіссөз барысында тараптардың Келісім жобасына ескертулер мен ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ЕАЭО қатысушы елдердің азаматтары үшін ақысыз негізде медициналық-әлеуметтік сараптама (күәландыру және қайта күәландыру) жүргізу және Еуразиялық экономикалық одағының біріктірілген ақпараттық жүйесінің қатысышы елдерінің ақпараттық сегментінде бірыңғай ақпараттық ресурсты әзірлеу мәселелері талқыланды.