Астанада ақпан айында тіркелген заңды тұлғалар саны 0,9%-ға артты
05.03.2015
3049
Ағымдағы жылғы ақпанда барлығы 585 кәсіпорын мен ұйым тіркеліп, 81-і жойылды, деп хабарлады қалалық статистика департаменті.
Жаңадан тіркелген субъектілердің негізгі саны «Алматы» (48,5%) және «Сарыарқа» (31,3%) аудандарында шоғырланған. «Есіл» ауданының үлес салмағы 20,2%-ды құрайды.
Жаңа заңды тұлғалар санынан 550-і жауапкершілігі шектеулі серіктестік (бұдан әрі - ЖШС) түрінде тіркелген. Сонымен бірге, тіркелген кәсіпорындар мен ұйымдардың қатарында 23 - қоғамдық бірлестіктер пен қорлар (бұдан әрі - ҚБ), 4 - заңды тұлғалар бірлестігі,3 - мекеме, 3 - мемлекеттік кәсіпорын, 2 бірлігін тұтыну кооперативтері құрайды.
Ағымдағы жылғы ақпанда тіркелген заңды тұлғалар басшыларының 389-ы - ерлер, 196-сы - әйелдер. Осы кезеңде жойылған кәсіпорындардың ішінде ерлер саны - 62, әйелдер 19 адамды құрады.