Ақтөбе облысында 2014 жылы 122,4 млн теңгеге 7 тұрғын үй жөнделді

03.03.2015 3345

Ақтөбе қаласында кері қайтарылатын 122,4 млн. теңге қаражаттың есебінен 7 тұрғын-үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.

2014 жылы 312 атқыштар дивизия көшесіндегі ұзындығы 11,0 км жылу жүйесіне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.Сондай ақ, Ақтөбе қаласының 11 және 12-мөлтек аудандарында ұзындығы 6,2 шақырым жылу желісі толығымен жаңғыртылды. Қарғалы ауданының орталығы Бадамша селосының орталық және кіші қазандықтары қайта жаңғыртылды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында облыстың үш шағын қаласы – Алға, Шалқар, Қандыағаш қалаларының жылумен қамту жүйелері, соның ішінде Алға, Шалқар қалаларының орталық жылыту қазандықтары қайта жаңғыртылды, Шалқар қаласында 15,4 шақырым жылу желісі ауыстырылды. Қандыағаш қаласында ұзындығы 20 шақырымнан асатын жылу желісін қайта жаңғырту жұмыстары басталып, үстіміздегі жылы бұл жұмыстар толығымен аяқталынатын болады.

2011 жылдан бастап, 90 көппәтерлі тұрғын-үйге терможаңғырту жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар үшін 1,3 млрд. теңге бөлінді, соның ішінде 2014 жылы 34 көппәтерлі тұрғын-үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді. (Ақтөбе қаласында – 15, Алға ауданында – 6, Мұғалжар ауданында – 4, Темір ауданында – 2 және Хромтау ауданында – 7 үй).