«Отар» қырықыншы әскери базасында терапиялық корпус ашылды (Фото)

03.03.2015 3833

63302 әскери бөлімінде күрделі жөндеу жұмысынан соң терапия корпусы – жеке медициналық жасақ ашылды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Екі қабатты ғимаратта 35 орынға арналған терапия бөлімшесі, 20 орынға арналған жұқпалы аурулар бөлімшесі, физиотерапия кабинеті, стоматология кабинеті, дәрігер-мамандар кабинеті, дәріхана, конференц-зал және асхана орналасқан.