Қазақстанда жасалған: «Спецэлектра» ЖШС кәсіпкерлігінде қазақстандық қамту үлесі 86 пайызды құрады (Фото)

02.03.2015 4922

Қазақстанда жасалған: «Спецэлектра» ЖШС кәсіпкерлігінде қазақстандық қамту үлесі 86 пайызды құрады, деді Strategy2050.kz АА берген сұхбатында «NADLoC» жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі» «Спецэлектра» ЖШС сілтеме жасай отырып.

«Спецэлектра» компаниясы –  Астана мен Қазақстан өңірлеріндегі қалалық, өндірістік және ауылдық электрмен қамту нысандарының жүйесін қайта жөндеу мен  құру саласында үздік кәсіпорындардың бірі.

«Спецэлектра» жеке және жан-жақты   ТП, РП, РТП  орнатуда импорттық және отандық жоғарытехнологиялық қондырғыны ұсынады. Қондырғының қазақстандық қамту үлесі 86 пайызды құрайды, ол нарықта бәсекеге қабілетті болуды қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда компанияның басымдығы шетелдік инвесторларды тарту болып есептеледі.

Импорттық қондырғыны  өндіру «Schneider Electric» (Франция), «JeanMuller» (Германия), «ABB» (Германия), «AREVA T&D» (Италия), «SEL» (Италия) компаниялары  болып есептеледі.

Камила Амирова