Ақтөбе мектебінде ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына орай теңізшілердің жауынгерлік ерлігіне арналған арнайы орын ашылды
23.02.2015
4404
Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесі қарсаңында Ақтөбедегі тарихи №14 орта мектеп басшылығының ұйымдастыруымен орта білім ғимараты қабырғасынан 74-ші теңіз атқыштар жеке бригадасының жауынгерлік ерлігін паш ететін арнайы орын ашылды.
Аталған бригада 1941 жылы күзде осы мектепте жасақталған.
Облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлағандай, мектеп төрінен орын берген арнайы шараға ҰОС ардагерлері Иван Гнучий мен Анатолий Евладов, отставкадағы полковник Көңілжай Жуасов, бұрынғы теңізші-сүңгуірлер: Александр Зенин мен «Флосткое бартство» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Сердалиев қатысты.
Қонақтар оқушыларға 70 жыл бұрынғы майдан даласынан сыр шертіп, оларды өз елінің патриоты болуға шақырды.