Ақтөбеде «Мәңгілік алау» мемориалдық кешенін қайта жарақтандыру жөніндегі жұмыстар жүргізілуде
13.02.2015
3798
Ақтөбеде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығын мерекелеуге дайындық аясында ағымдағы жылы «Мәңгілік алау» мемориалдық кешенін қайта жарақтандыру жоспарлануда, деп хабарлады аймақтың ІСБ.
Аталып өткендей, гранитті бетіндегі «Батыр қалалар» тұғырының сырт пішіні өзгертілетін болады, қырлы тастары ауыстырылып, түнгі жарықтандыру толық қайта жаңғыртылады, жанарғы құрылымы және газ жеткізуші құбыр диаметрі үлкеніне алмастырылады және т.б.
«Жалпы сомасы 94,4 млн.теңгеге «Ақтөбе қаласы, Ә.Молдағұлова даңғылындағы «Мәңгілік алау» мемориалдық кешенін қайта жарақтандыру» жобасы бойынша конкурс болды. Мердігер компания қоршау орнатуды, дайындық жұмыстарын бастады», - делінген хабарламада.