«Кәсіпқор» холдингі 2015 жылы ҚР-дағы 10 колледжге ИИДМБ аясында жаңа білім бағдарламасын енгізуді жоспарлауда (ВИДЕО)

05.02.2015 3615

«Кәсіпқор» холдингі 10 колледж үшін жаңа білім бағдарламасын жасақтады, ол 2015 жылы 1 қыркүйектен бастап жаңа оқу жылында енгізіледі деп көзделуде. Бұл туралы Strategy2050.kz АА берген эксклюзивті сұхбатында «Кәсіпқор» Холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қадырбек Бөрібеков хабарлады.

«Жалпы, біз 30 білім бағдарламасын жасақтадық. Оларды жасақтау барысында шетелдік мамандар, білім бағдарламасын жасақтауға лицензиясы бар үздік білім беру мекемелері тартылды», - деді Қ. Бөрібеков.

Оның айтуынша, бұл бағдарламаның мәліметтері әлемдік белгілі компаниялармен мойындалды.

«Бұл бағдарлама өзге колледждерде қолданылатын өзге бағдарламадан өзгеше. Сондықтан да бұл бағдарламаларды бір жүйеге енгізу міндеті тұр», - деп толықтырды ол.

Сонымен қатар, Бөрібеков түсіндіріп өткендей, бағдарлама бірінші кезекте серіктес колледждер арқылы енгізілетін болады. «Холдинг үшін мұндай 10 колледж анықталды. Біз бұл бағдарламаны ағымдағы жылы енгізуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін аталмыш колледждердің оқытушылары Астанада біздің холдингтің басшылығымен біліктіліктерін арттыратын болады», -  деп жалғастырды ол.

Басқарма төрағасының орынбасары атап өткендей, олар жұмыстың оқыту-жоспарлау құжатнамасын жасақтауды үйреніп, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап жаңа бағдарлама шеңберінде жұмыс істеуге дайын болады.

««Кәсіпқор» холдингі  Қазақстандағы экономикалық және әлеуметтік жағдайды ескере отырып әлемдік білім беру тәжірибесін саралап, оның үздігін Қазақстанның білім беру жүйесіне береді», - деп түйді Қ. Бөрібеков.

Индира Кауметова