400-ден астам қазақстандық әскери қызметкер шетелде әскери білім алады (ФОТО)

20.01.2015 4614

400-ден астам қазақстандық әскери қызметкер халықаралық ынтымақтастық аясында шетелде әскери білім алады.

Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 288 курсант пен офицер-тыңдаушы Ресейге, 67-сі Түркияға, 34–і Беларуське, 19-ы Украинаға , тағы 7-еуі Үндістанға барып білім алып қайтпақ.

Сонымен қатар, Францияның Қазақстандағы әскери атташесі Лионель де Ланжеронның Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына сапары қазақстандық әскери білім беру саласына жаңалықтар әкелмек.

Француздық қорғаныс секторы өкілі әскери оқу орнының жетекшілері және оқытушыларымен кездесіп, Францияда қазақстандық әскерилерді оқыту мүмкіндіктерін қарастыру туралы ұсыныс айтты, деп хабарлайды баспасөз қызметі.