Ақмола облысында жобалық модельдеу технологиясы бойынша семинар өтті (ФОТО)

19.01.2015 3946

Ақмола облысы Аршалы ауданы Вячеславский орта мектебінің базасында «ЭКСПО-2017 көрмесіне көзқарас» республикалық жасар байқауындағы басты критерийлерді ескере отырып жоғары сынып оқушыларын дайындау кезіндегі жобалық модельдеу технологиясы» мектеп меңгерушілеріне арналған аудандық семинар өтті, деп хабарлайды «Ақмола Медиа Орталығы».

Хабарламада айтылғандай, семинар қатысушылары педагог новатор Шетининнің мектеп-лицейіндегі оқыту мен тәрбиелеу жүйесі туралы бейнероликті тамашалады.

Шараның басты кезеңі ретінде мектеп директоры Татьяна Немцанның «Жобаларды жазу технологиясы» презентациясын пайдалана отырып және ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде жобалардың оқушы авторлары тарапынан таныстырылған мектептердің жобалық алаңы бойынша экскурия ұйымдастырып өткізген «ЭКСПО-2017 көрмесіне жастардың көзқарасы» атты байқауға қатысуға арналған жобалық модельдеу тренингін атауға болады.

«Семинар қатысушыларына мектепте жүзеге асырылған «Мектеп ауласын жарықдиодты жарықтандыру» жобасы көрсетілді. Жобаның жетекшісі – биология пәні мұғалімі Мариэлла Потехина жобаны жазу, іске асыру бойынша барлық кезеңдерді таныстырып берді», - делінген хабарламада.