«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жаңа онлайн-сервисті іске қосты
Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-мен серіктестік құра отырып, көрсетілетін қызметтер ауқымын кеңейту барысында жүк жөнелтушілердің дербес шоттарына ақша аудару бойынша онлайн-сервисті енгізді, деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
ҚТЖ-дан атап өткендей, 2015 жылғы қаңтар айынан бастап «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Заңды тұлғаларға арналған интернет-банкинг жүйесі арқылы клиенттердің жүк тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуі үшін ақшаны нақты уақыт режимінде аударуды іске асыратын болады.
«Қолданыстағы төлем тәсілдеріне қарағанда онлайн-сервистің дербес шотқа ақша аудару уақыты бойынша айтарлықтай артықшылығы бар. «Клиенттердің шоттарына ақша аудару бойынша онлайн-сервис» қызметі төлемдерді барынша тез, ыңғайлы әрі тиімді қылып, жүк жөнелтушілердің оларды жөнелту бойынша мүмкіндіктерін жылдамдатады. Оның көмегімен ұлттық көлік компаниясының клиенті жүкті тасымалдау үшін қызметтерге брінеше минут ішінде төлеп, ал «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ақшаны бірыңғай дербес шотқа аудара алады», - делінген хабарламада.