ҚР Президенті энергетикалық тиімділікті арттыруға бағытталған Заңға қол қойды
14.01.2015
3157
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Заң энергетикалық ресурстарды өндіру және тұтыну секторында энергия тиімділігінің тетіктерін арттыруға және энергия тиімділігі технологияларын қолдануға бағытталған.