2014 жылы қызметкерлердің есепшоттарына 23,2 млрд. теңге зейнетақы жарналары түсті
13.01.2015
2574
2014 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 4 мыңнан астам жұмыс беруші 342 966 қызметшіге 273,6 млн.теңге міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударды, деп хабарлады ҚР ДСӘДМ.
Орташа есеппен ай сайын бір қызметкерге 6 169 теңге аударылды.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап зиянды (ерекше зиянды) жұмыс жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайдасына жұмыс берушілердің есебінен міндетті 5%-дық кәсіптік зейнетақы жарналары енгізілді.
2013 жылғы 31 желтоқсандағы Үкіметтің № 1562 Қаулысымен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебінен зиянды (ерекше зиянды) жұмыс жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлер кәсіптерінің тізбесі бекітілді.