Ғылымды гранттық қаржыландыруға 21,6 млрд. теңге қарастырылған – БҒМ

02.08.2014 4507

ҚР Үкіметі жанынан ашылған Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырысы ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтың төрағалығымен өтті. Онда салалық ведомсвтоның басшысы Аслан Сәрінжіпов ғылым саласының басты бағыттары бойынша ұсыныс берді.

«Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов ғылым саласының басты бағыттары және оларды қаржыландыру бойынша ұсыныс берді. Осы мақсатта 2015 жылы бюджеттен 43 млрд теңге бөлінетін болады. Олардың 16 млрд. теңгесі бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруға, 21,6 млрд теңгесі гранттық қаржыландыруға, 5,4 млрд. теңгесі базалық жұмсалады», - деп ҚР БҒМ хабарлады.

Айта кетерлік жайт, 2015-2017 жылдарға арналған бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру бойынша сайысты өткізу барысында алғаш рет басты бағыттарды анықтау тәжірибесі қолданылатын болады. Осылайша ғылымды қаржыландырудың ашықтығы мен тиімділігі арта түседі.

ЖҒТК алқа мәжілісінде ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесін коммерциялау мәселесі де назаран тыс қалмады, делінген хабарламада.