Түркітілдес елдерінің тауар айналымы $1,150 трлн жетті - Назарбаев
16.08.2013
7541
Бүгінгі күні тәуелсіз 6 түркітілдес мемлекеттің ортақ жалпы ішкі өнімі 1 триллион 150 миллиард долларға жетіп отыр, деп мәлім етті Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі үшінші саммитінде.
«Осыған қарамастан, елдер арасындағы сауда айналымы әлеуетімізге сай емес, деді ол. Мәселен, 2012 жылғы деректер бойынша, Қазақстанның түркітілдес елдермен сауда көлемі небәрі 8 миллиард доллар болды. Қазақстанның жалпы сыртқы саудасында 5 түркітілдес елдің жиынтық үлес салмағы 6 пайызға да жетпейді, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылдың аяғында Қазақстан 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын қабылдағанын,әлемдегі ең дамыған отыз елдің қатарына қосылу мақсатын алға қойып отырғанын атап көрсетті.