Қ.Тоқаев полиция қызметкерлерін наградтады
ҚР Президенті Қ.Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Қаулыға қол қойды, деп хабарлады Strategy2050.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
«ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, құқық тәртібін қамтамасыз етуге белсене қатысқаны үшін наградталсын:
ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен
Жанғазиев Жарас Сұлтанғалиұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы;
ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен
Абдықанов Дастан Маратжанұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің полицейі.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 26 мамыр
№ 339», - делінген Қаулы мәтінінде.