Қ. Тоқаев қоғамдық іс-шараларды уақытша тоқтатты
12.03.2020
2015
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялауына қатысты twitter –дегі парақшасында пікір білдірді.
«ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс», - деп жазды Президент.
Президент қиыншылықтарды бірігіп жеңуге болатынын жеткізді.
«Ең бастысы – азаматтарымыздың денсаулығы. Біз қиыншылықтарды #Birge еңсереміз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.