Жаңа театр ғимаратындағы - жаңа премьера

31.03.2021 13649

Нұр-Сұлтан қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтті. Қойылымға қатысқан актерлер Strategy2050.kz тілшісіне берген сұхбатта жаңа театр ғимаратындағы алғашқы премьера туралы әсерімен бөлісті.

«Құнанбай» драмасының қоюшы режиссері Болат Ұзақов. Туындының авторы – Таласбек Әсемқұлов. Қоюшы суретшісі – Қанат Мақсұтов. Құнанбай бейнесін сахнада үш құрамда - Қазақстанның Халық артисі Тілектес Мейрамов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Малаев, актер Нартай Сауданбекұлы сомдады.