Премьер-Министрдің Ақмола облысына сапары: өңір қалай дамып жатырМемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдаулары мен «Бес әлеуметтік бастамасының» іске асырылу барысымен танысу үшін Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды. Премьер-Министр Ақмола облысының өндірістік өнеркәсіптерін аралап, медицина ошақтарына бет бұрды. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Ақмола облысында экологиялық таза жиһаз шығарылады Ақмола облысының Целиноград ауданының Қосшы ауылында «КAZYNA - SR»ЖШС кешені екінші деңгейлі жиһаз өндірісі бойынша құрылыс цехының құрылысын өндірді, деп хабарлады ішкі саясат басқармасының Аймақтық коммуникациялар қызметі.