Басты

Астана қаласы

  • Өңірлерді дамыту: Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы Алматы облысы қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы облыс әкімі Амандық Баталов баяндады. Мәселен, Алматы облысының экономикасына Қытай, Орталық Азия мен Еуроодақ елдері арасындағы тауарлық лек қиылысындағы ірі көліктік-логистикалық Хаб ретінде «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА зор серпін береді. Алматы облысының даму барысы туралы Strategy2050.kz АА-дан оқи аласыздар.
  • Азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі - Елбасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елшілерден сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • «Қарапайым заттар экономикасын» дамытуды ынтыландыру қажет
  • Индустрия: Елордада ашылған цифрлық жобалар Индустрияландыру күніне арналған телекөпір барысында Мемлекет басшысына индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылған 28 жаңа жоба таныстырылды. Оның ішінде 3 ірі жоба Астанада іске қосылды. Цифрландыру бойынша жүзеге асырылған жобалар қызметті қаншалықты оңтайландыратыны жөнінде келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Ғылыми жаңалықты құқықтық қорғау Қазақстанда қалай жүзеге асырылады Ғылыми жаңалықтарды құру және қолдану, олардың авторы мен жаңалықтар жасалатын ұйымдардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау бойынша қатынастарды реттеудің тиімді механизмдерін іздеу жарты ғасырға жалғасып келеді. Бұл өте ұзақмерзімді үрдіс. Зияткерлік меншік құқығы жаңа экономикалық парадигма жағдайында ұлттық деңгейдегі дамудың маңызды аспектісі ғана емес, АҚШ пен ҚХР сынды алпауыттардың сауда текетіресіне де себеп болып отыр. Қазірге дейін бірқатар жаһандық және ұлттық масштабтағы құжаттар қабылданды. Олардың бірқатары: Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Конвенциясы, 1952 жылғы 6 қыркүйектегі Авторлық құқық туралы Дүниежүзілік конвенция, Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж келісімі, Әдеби және көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн конвенциясы (1886 ж.), Еуропалық патент конвенциясы, ҚР Азаматтық кодексі, ҚР «Авторлық және сабақтас құқық туралы» Заңы, ҚР «Қазақстан Республикасының патент заңы», ҚР «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңы және т.б. Осы уақыт аралығында әртүрлі жобалар ұсынылды, жаңалықтарды тіркеудің жүйелері енгізілді және қайта жабылды, бірақ мәселе әлі шешілмеген күйінде қалып отыр.
  • Екінші бесжылдық: Елбасы бірқатар индустриялық жобаларды іске қосты Астанада Индустрияландыру күні аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған» телекөпірі өтті. Онлайн режимде бірқатар индустриялық, инфрақұрылымдық, аграрлық және цифрлық жобалар іске қосылды. Индустрияландырудың екінші бесжылдығы басталғалы (2015-2017 жылдар) 3,1 трлн. теңгенің 378 жобасы іске қосылып, 31 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. 2018 жылы жалпы сомасы шамамен 1,2 трлн. теңге болатын 100 нысан қатарға қосылып, 13 мың адамға жұмыс берілді.
  • Индустрияландыру күні: «Алтын сапа», «Ұлы дала елі», «Іскер» жеңімпаздары анықталды Астанада ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпаздарын, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі «Парыз-2018» конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Биылғы жылы «Алтын сапа» конкурсына 182 кәсіпорын, оның ішінде 78 -і шағын кәсіпкерлік, 76-сы орта және 28 -і ірі кәсіпкерлік нысаны.
Инфографика
Мұрағат
Яндекс.Метрика