Басты

3 Маңызды сауалға үш жауап

  • Жалпы сұрақтар
    • Еліміздің жалпы экспорты ішіндегі шикізат емес тауарлар экспортының үлесін арттыру үшін не жасалуда?
      • Жауап

        2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 227 инновациялық жоба өздерінің идеялары мен жұмыстарын іске асыру үшін грант иеленді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі.

        «Жалпы, өткен бес жылда 4000-нан астам идея идентификацияланып, оның ішінде 570 жобаға қолдау көрсетілді. Инновациялық грант бойынша 1400-ден астам өтініш дайындалып, соның ішінде 227 инновациялық жобаға грант берілді», - делінген хабарламада.

        Сонымен қатар бағдарламаны іске асыру барысында грант иелері тарапынан 668,7 млн теңге салық төленіп, 15,5 млрд теңгенің өнімі өндірілді, соның ішінде 50 пайызы экспортқа шығарылған. «Грант иелерінің хабарлауынша, инновациялық гранттарды іске асыру барысында 83 инновациялық патент беріліп, 4 тауар белгісі тіркелді, күзетілетін құжаттарды алуға 28 өтініш берілді», - деп хабарлайды ҚР ИДМ.

        Айта кету керек, 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты экономиканы әртараптандыра отырып, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, тұрақты және теңестірілген өсімді қамтамасыз ету болып табылады.

        Мемлекеттік бағдарламаның сәтті басталғанынан бастап бес жыл ішінде барлық заңнамалық база құрылды, 50-ден астам заң дайындалып және өзгерістер енгізіліп, тағы 3 заң қабылданды. Атап айтар болсақ: «Индустриялды-инновациялық дамуды қолдау мемлекеттік бағдарламасы туралы», «ЕЭА туралы» және «Энергетикалық тиімділік пен энергия үнемдеу туралы» заңдар.

        «5 жыл ішінде экономиканың басым секторларын дамыту бойынша 23 салалық бағдарлама қабылданып, Өндірістік қуаттылықты рационалды орналастыру кестесі, Индустрияландыру картасы, аумақты дамытудың 16 бағдарламасы, кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары бекітілді. Көптеген инфрақұрылымдық мәселелер шешіліп, қолдау құралдары енгізілді, бизнес пен инвестициялық климат жаңғыртылды», - деп хабарлайды ведомство.

        Өз кезегінде өңдеуші өнеркәсіпті жедел дамыту есебінен экономиканы әртараптандыру басталды. Оны іске асыра бастағаннан бері өңдеуші өнеркәсіптің өсім қарқыны экономиканың шикізаттық секторының өсімінен асып түсті.

        «Қазіргі таңда министрліктің қолдауымен идеядан оны іске асыруға және оны өнеркәсіпте игеруге дейінгі инновациялық жобаларды қолдаудың барлық кезеңдері қалыпастырылды. Технологиялық даму саласындағы институт тарапынан инновациялық инфрақұрылымды белсенді дамыту жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда 8 өңірлік технопарк, 4 салалық құрастыру бюросы, ЖОО мен ҰЗИ жанынан 21 коммерциялау кеңсесі, технология трансфертінің 5 халықаралық орталығы, 3 отандық және 4 шет елдік еншілес қор  жұмыс істейді», - делінген хабарламада.


    • «Жасыл технологияны» енгізу бойынша Қазақстанда қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?
      • Жауап

        Қазақстан Республикасының Үкіметі еліміздің «жасыл экономикаға» көшуіне орай, бірнеше стратегиялық тапсырмаларды қабылдады және аталмыш шақыртулар Қазақстанның жасыл экономика моделіне көшуі бойынша Еуропа одағы мен БҰҰ-ның даму бағдарламасының бірлескен жобасының негізгі міндеті болды.

        «Жоба 2015 жылдан 2018 жылға дейін есептелген. Жобаның бюджеті 7 млн евроны құрайды. Қаржылай көмек көрсетген агенттік – Еуропа одағы, бағдарлама ҚР АШМ су ресурстары бойынша комитеті мен БҰҰДБ-мен бірге іске асырылады. Жобаның негізгі мақсаты еуропа тәжірибесін, технологиясын көрсету»,-деді «Жасыл экономика моделіне көшу үшін Қазақстанды қолдау» жоба менеджері Гүлжамал Исаева.

        Осылайша, 2015 және 2016 жылдары Қазақстанда пилотты жобалар іске қосылды, сонымен қатар Қазақстанда жасыл тәжірибені көрсету жобалары бар.

        «Барлық 14 жоба 2015 жылдың соңында іске қосылды, қазіргі күні олар толығымен жүзеге асырылуда және күзге қарай оның нақты нәтижесін көрсетуді жоспарлаудамыз. 2016 жылы Алматы, Ақтөбе, Ақмола және Қызылорда облыстарында пилотты жобаны іске қостық. Алматы облысында  жоба ауыл шаруашылығына, кәрізге бағытталады, ал Қызылорда облысында  көгалды сурау бойынша жоба, Ақтөбе облысында бөгеттер ойынша автоматтандырылған жүйелерге аспаптарды орнату бойынша жоба және Ақмола облысында солтүстік жағдайына орай, жылыжай шаруашылығын дамыту жобасы»,-деді Г.Исаева.

        Сонымен қатар, аталмыш төрт жобаны ЭКСПО-2017 көрмесінде таныстыру жоспарлануда.

        «Біз барлық осы жобаларды ЭКСПО-2017 көрмесінде таныстыруды жоспарлаудамыз, яғни нақты нәтижелерін, сандарын, модельдері мен экономикалық және экологиялық орнықтылықтарын паш етеміз»,-деді ол.


    • Қазақстанда 12 жылдық білім беруді енгізу қанша уақытқа созылады?
      • Жауап

        Қазақстанның білім беруіндегі маңызды өзгеріс – 12 жылдық білім беруді енгізу – елдің адами ресурстарын дамытудың негізгі факторы болып табылады. 12 жылдық білім беруге көшу қажеттілігі бірқатар факторларға  байланысты, оның бірі әлемдік білім беру саласына интеграциялану немесе Еуропаның Декларация кеңесіне сәйкес әлемнің 216 елінде 12 жылдық білім берудің болуы. 

        Қазақстанда 12 жылдық білім беруді енгізу екі мақсатқа негізделген: балалар білім алуды ерте бастайды  және ЖОО-ларда  жалпы  бағдарламалалық білім беру қысқарады.

        «12 жылдық білім берудің міндеті есейген балаларды  тағы бір жыл мектепте ұстау емес. Негізгі мақсат – бірінші сыныпты 6 жастан бастау. Қазір бізде 6 жастағы балалардың  тең жартысы мектепте, тең жартысы үйде жүр. ЭЫДҰ елдері  бұл жайтты баяғыда түсінді. 6 жастан кейін баланың білімді лезде қабылдау қабілеті таяздала бастайды. Бұл ғылыми түрде дәлелденген. Бұл сәтті пайдалана алмасақ, әрі қарай күрделі, қиын болады. 6 жас кезінде партада отырғандар мен отырмағандар арасында білім деңгейі айырмашылыққа ие болады. Бұл айырмашылық қала мен ауыл мектебі арасында  бар. Сондықтан да басты мақсат 6 жасында бала партаға отыруы керек», - деді Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

        «Білімнің жаңартылған мазмұнына сәйкес, орыс тілді мектептерде 12 жыл ішінде қазақ тілін оқыту мен қазақ тілді оқулықтар 300 сағатқа өседі»,-деді ҚР БҒМ басшысы.

        «Қазір бізде 150 мың бала 6 жасынан білім алса, 180 мыңы оқымайды. 6 жасынан мектепке бармаған 180 мың бала үшін біз аталмыш бағдарламаны енгізіп отырмыз», - деді ол.

        Осыған орай, ЖОО-ларда жалпы білім беру бағдарламалары қысқарады.

        «Үздік ЖОО-лардың  ректорларымен сөйлесетін болсаңыз, олар: бірінші курс – мектептегі бағдарламаны қайталау дейді. Сондықтан да екі университеттің ректоры болған тәжірибем бойынша  біз 12 жылдық білім беруге көшуіміз керек. Бұл ЖОО бағдарламасына енбеуі керек. Қазір жұмысты бастадық», - деді Е.Сағадиев. 


    • «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы қалай жүзеге асырылуда?
      • Жауап

        2016 жылдың соңына дейін «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қорының бағдарламасы аясында 600 мың шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға беру көзделуде,  деп ағынан жарылды «Самұрық-Қазына»ЖМҚ» АҚ Басқарма төрағасы Болат Палымбетов.

         «Ағымдағы жылы Жылжымайтын мүлік қоры Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Ақтау, Қызылорда, Өскемен қалаларында бағдарлама шеңберінде тұрғын үй құрылысын бастамақшы. 2016 жылдың соңына дейін Қор 600 мың шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға беруді көздеп отыр», - деді ол.

        Сонымен қатар, айта кетерлік жайт, «Қолжетімді баспана -2020» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Қор  тұрғын үй құрылысы бойынша 15 жобаны бастап кетті. Оның жалпы көлемі 660 мың шаршы метр, ал оның 542 мың шаршы метрі Қорға тиесілі.

        «2013-2014 жылдарда Кор Ақтөбе, Тараз және Алматының сырт жағында жалпы көлемі 151 мың шаршы метрді құраған көппәтерлі үш тұрғын үйді пайдалануға берді», - деп түсіндірді Б. Палымбетов.

        Мемлекет басшысы  Н.А.Назарбаевтың соңғы халыққа Жолдауында төмен табысты қазақстандықтарға әлеуметтік жалға берілетін үйлерді ұсыну және оларды сатып алуға жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінді. 

        Құрылыс саласының Еуразиялық конгресінің ұйымдастырушы комитетінің хабарлауынша, 2013 жылы Қазақстанда 6,8 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Олардың мәліметі бойынша, соңғы жылдары Қазақстанның құрылыс саласы 2008 жылғы дағдарыстан кейін қайта қалпына келе отырып, дамудың жақсы динамикасын көрсетіп отыр, және қазіргі таңда елдегі барынша маңызды және белсенді дамып жатқан саланың бірі. Сонымен, 2013 жылы ҚР ЖІӨ-дегі құрылыс саласының үлесі 7%-ды құраса, республикада 6,8 млн. ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілген, ал салада жұмыспен қамтылған адамдардың саны 660 мыңға жуық адамды көрсетті.


    • Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының бірінші бесжылдығы қаншалықты тиімді орындалды?
      • Жауап

        Бүгінгі таңда 700 жобаның 620-сы аяқталды, олардың 80 пайызы Индустрияландыру картасы аясында жоспарлы қуаттылыққа шықты, деп мәлімдеді ОКҚ брифингінде «Индустрияны дамытудың қазақстандық институты» АҚ басқарма төрағасы Айдын Күлсейітов

        «Жалпы, бүгінгі таңда 700 жобаның 620-сы аяқталды, олардың 80 пайызы Индустрияландыру картасы аясында жоспарлы қуаттылыққа шықты. Оның ішінде 2/3 бүгін 100 пайыздық қуаттылықта жұмыс істеуде», - деді ол.

        Бұдан басқа, А.Күлсейітов атап өткендей, жақында Президент ашқан Ақтау битум зауыты 100 пайыздық қуаттылыққа шықты.

        «Зауыт күні-түні жұмыс істеуде. Оның ашылуына 8 ай кетті. Жаңа зауытта технологиялық үрдістер кейінге қалдырылып, маркетингтік және өндірістік қарым-қатынастар орнатылуда. Бүгін ол 100 пайыздық қуаттылыққа шықты», - деді ол.

        Осы ретте ол атап өткендей, индустрияландырудың барлық жобаларының 2% ғана проблемалы болып тұр. «Мендегі мәліметтерге сәйкес жобалардың тек 2% ғана проблемалы болып тұр. Құқық қорғау органының қызметкерлері олармен айналысуда. Жалпы, іске қосылған кәсіпорындар 70-80 пайыз жүктемемен жұмыс істеуде, Еуроодақ елдерінде бұл көрсеткіштер 75-80 пайызға тең", - деп атап өтті Айдын Күлсейітов.

        Сонымен қатар Айдын Күлсейітов айтуынша, Қазақстанда Үдемелі индустриалды инновациялық даму бағдарламасының (ҮИИД МБ) алғашқы бесжылдығында Тәуелсіздік жылдарымен салыстырғанда қайта өңдеу саласына 2,5 еседен көп тікелей шетелдік инвестиция (ТШИ) тартылды.

        «Сонымен, бірінші бесжылдықты жүзеге асыру жылдары  қайта өңдеу саласында еңбек өнімділігі 60%- ға артты. Бұл нақты көрсеткіш. Ал, 4,5 жыл ішінде қайта өңдеу саласына  тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі жалпы тартылған инвестициялар көлемінің 70% құрады. Демек, Тәуелсіздік жылдарымен салыстырғанда қайта өңдеу саласына 2,5 еседен көп ТШИ тартылды», - деп түсіндірді  А. Күлсейітов.

        «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ Басқарма төрағасы хабарлағандай,  қабылданған шаралар аясында қайта өңдеу саласы шетелдік инвесторларды аса қатты қызықтыратын салаға айналды. 


    • «Қазақстан-2050» стратегиясында еліміздегі инфрақұрылымдардың дамуына үлкен көңіл бөлінген, оның ішінде авто және темір жол құрылысына ерекше ден қойылған. Аталмыш міндеттерді жүзеге асыруға ҚР Үкіметі нендей шараларды жоспарлауда?
      • Жауап

        Қазақстанда Елбасының халыққа Жолдауында берген тапсырмаларына байланысты бес ірі автожолдардың құрылысы басталады. Олардың жалпы ұзындығы 5 452 км, деді «Қазақстан-2050» демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының отырысында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев.

         

        «Елбасының тапсырмасы бойынша, 2015-2019 жылдарға арналған инфрақұрылымдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп жатыр. Аталмыш  бағдарлама 2014 жылдың соңына дейін қабылданады. Елімізде Елбасының халыққа Жолдауына сәйкес жалпы ұзындығы 5 452 км созылған 5 ірі автожол жобаларының құрылысы басталады. Атап айтар болсақ,  Астана-Алматы - 1300 км, Астана-Өскемен - 950 км, Астана-Ақтөбе-Атырау-Астрахань - 1600 км, Алматы-Өскемен - 712 км  мен Қызылорда-Жазқазған-Қарағанды-Павлодар - 2790 км. Жолдардың құрылысы 200 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді ол.

         

        Сонымен қатар Б.Сағынтаевтың айтуынша,  Батыс Еуропа - Батыс Қытай жолын салу жалғасады. Оның құрылысын 2015  жылдың соңына дейін аяқтау көзделіп отыр. Бұдан басқа, Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс және Орталық-Батыс бағытындағы республикалық жолдарды салып, қалпына келтіруге 321,3 млрд теңге бөлінеді. Дәлірек айтқанда, 2015 жылы 178 млрд теңге, ал 2016 жылы 143,3 млрд теңге қарастырылған.

         

        «Каспийде теміржол желісі мен порттық инфрақұрылымдардың құрылысы үшін «Самрұқ-Қазына» арқылы капиталдандыру аясында 46,2 млрд теңге қарастырылады. 2015 жылы  - 19,8 млрд теңге,  2016 жылы  - 6,4 млрд теңге. Оның ішінде 2015 жылы Шу - Аламты-1 учаскісінде екінші теміржол жолын жүргізу үшін 27,7 млрд теңге, Боржақты-Ерсай теміржол желісі үшін  6,7 млрд теңге жұмсалады», - деп мәлімдеді Б. Сағынтаев.


    • Оқу орындарындағы орын тапшылығы мен елдегі барлық мектептердің екі ауысымды білім беруге өту мәселелері қаншалықты шешімін табуда?
      • Жауап

        Қазақстанда Апатты мектептер картасын іске асыру аясында жыл соңына дейін 56 мектеп жойылады, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова жаңа оқу жылының басталуына орай өткізілген білі беру саласы қызметкерлерінің Республикалық Тамыз жиыны барысында.

        «2014 жылдың 1 тамызында республикада 176 апаттық мектептің бары анықталды. Биылғы жыл соңына дейін тағы 56 апатты мектепті жою керек. Осы мақсатта қаражат та қарастырылған. Енді бөлінген ақшаны дер кезінде игеріп, белгіленген уақытта жұмысты аяқтау қажет», - деді.

        Сонымен қатар Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов 2014 жылдың 25 тамызында өткен Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде жаңа оқу жылына толықтай дайын екендігін мәлімдеген болатын.

        «Қазіргі таңда біз жаңа оқу жылына толықтай дайынбыз. Білім берудің барлық бағыты бойынша жаңа оқу жылына дайындықтар жасалды», - деді бас ұстаз. «Жалпы, оқу жылы басталғанға дейін 76 мектеп пайдалнуға беріледі. Олардың 14-і қазірдің өзінде дайын. Қосымша екеуі 1 қыркүйекте ашылмақ. 2014-2015 оқу жылында 153 мектеп ел игілігіне ұсынылмақ», - дейді.

        Бұл 153 мектептің 60-ы апатты мектептердің орнына, 12-сі үш ауысымды мектептерді жою мақсатында салынуда. 2017 жылға қарай Қазақстанның көптеген облыстарында үш ауысымды мектептер мәселесі өз шешімін таппақ.

        Республикалық бюджет есебінен мектеп мекемелерінің жартысы салынатын болады. Сонымен қатар, еліміздің бас ұстазының айтуынша, соңғы мәліметтер бойынша күндізгі мектептер желісі 7649-ды құрайды. "Алдын ала болжам бойынша, биылғы оқу жылында оқушылар саны 2 млн 600 мың. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен шамамен 69 мыңға артық. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, алдағы бірнеше жылда да осындай өсім сақталмақ. Жыл сайын оқушылар саны 50 мың шамасында өсіп отырады деп күтілуде".

         


    • ҮИИД МБ бірінші бесжылдығы аясында авто және әуе көлігін құрастыру, тепловоз, жолаушылар және жүк вагондары өндірісі қарастырылған. Бұл тапсырмалар қалай орындалуда?
      • Жауап

        «Индустрияландыру картасы аясында 2010-2013 жыл аралығы мен 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында машина құрастыру саласында жалпы құны 200,8 млрд теңгенің жаңа 70 жобасы жүзеге асырылып, іске қосылды», - дейді ҚР инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев.

         

        Сонымен қатар 2014 жылдың 1 жартыжылдығында тағы 4 жоба іске кірісті: Қостанай облысында TOYOTA FORTUNER автокөлік өндірісі, Қарағанды облысында шар крандары өндірісі зауыты, СҚО-да экнергетикалық қазандық қондырғысы өндірісі мен ШҚО-да электрофильтр, қол фильтрі, циклон, скруббер мен шикі көмір қоректендіргіші іске қосылды.

         

        Министрдің айтуынша, 2013 жылы Индустрияландыру картасы аясында машина құрастыру саласының жаңа кәсіпорындары 119,5 млрд теңгенің өнімін өндірді. Бұл шамамен машина құрастыру саласы жалпы өнімінің 14 пайызын құрайды.

         

        «Жалпы, төрт жылда машина құрастыру саласына 1 млрд еуродан артық инвестиция салынды. Бұлар негізінен әлемдік GE, Alstom, Toyota, Simens машина құрастыру өнімін өндірушілердің технологиялары», - дейді министр.«2013 жылы 2008 жылғымен салыстырғандағы автокөлік құрастыру саласының машина құрастыру саласындағы үлесі 4 есеге артып, 18,3 пайызды құрады. 2013 жылы отандық өнеркәсіптер 37 мың жеңіл көлік шығарды. Бұл 2012 жылғы көрсеткіштен екі есе, 2008 жылғыдан 11,6 есеге артық», - дейді министр.

         

        Ә.Исекешевтің айтуынша, 2015-2019 жылдарға арналған Индустриялды даму мемлекеттік бағдарламасы аясында машина құрастыру саласында автокөлік, электр құрылғылары, ауыл шаруашылық және ТЖ техникасы, тау-металлургия кешенінің құрылғылары мен мұнай өңдеу және мұнай өндіру өнеркәсібінің құрылғыларын құрастыру секторлары басымдылыққа ие болып отыр. Мемлекет өз кезегінде жаңадан бастаушы және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға жан жақты көмек көрсете бермек.


    • Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену тұжырымдамасында басым бағыттардың арасында көрсетілген ШОБ-ты дамыту үшін мемлекет тарапынан қандай шаралар қолға алынып жатыр?
      • Жауап

        Биылғы жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Республикадағы кәсіпкерлікпен айналысу жағдайын түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы таныстырылды.

         

        «Енгізілген түзетулер мемлекетпен арадағы қатынасты барынша қарапайымдатуға бағытталған. Кедендік процедуралар да барынша қысқартылуда. 100 теңге көлеміндегі жарғылық капитал туралы талап алынып, кәсіпорынды тіркеу уақыты 1 сағатқа дейін азайтылуда. Жұмыскерді міндетті сақтандыру келісімін құру мерзімі заңды тұлға мен жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу кезінен бастап 10 күннен 30 жұмыс күніне дейін көбейтілетін болады», - дейді ұлттық экономика вице-министрі Қ.Өскенбаев Мәжілісте заң жобасын таныстыру барысында.

         

        Заң жобасы 11 кодекс пен 94 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады. «Оның қабылдануы Қазақстан Республикасында мемлекетпен әріптестік байланыс құру мүмкіндіктерін тудырып, мемлекет пен бизнестің әріптестік қатынасын құрып, «анықтау және жазалау» саясатынан адал кәсіпкерліктерді «ескерту және марапаттау» саясатына өту арқылы қолайлы орта қалыптастырады», - делінген комитет қорытындысында.

         

        Сонымен қатар соңғы уақыттарда кәсіпкерлікпен айналысушы адамдардың да саны артып келе жатқаны байқалады.2014 жылдың 9 айында Қазақстандағы кәсіпкерлер саны өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 5%-ға артты, деп мәлімдедіҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасы Әлихан Смайылов 2014 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен елдегі демографиялық ахуал қорытындысына арналған брифингте.

         

        «2014 жылдың 1 қыркүйегіндегі мәлімет бойынша, елдегі тіркелген заңды тұлғалар саны 350,8 мың адамды құрап, өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 5% артқан», - дейді.


  • Мұрағат
    • Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіруі үшін қандай кезеңдер қарастырылған?
      • Жауап

        Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуға екі кезеңде жүзеге асырылады.

        Бірінші кезең жаңғыру серпілісін жасау қажет ететін 2030 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл кезеңде біз экономикамыздың дәстүрлі салаларының қарқынды өсімін қамтамасыз етіп, қуатты индустриялық өңдеуші сектор құрамыз.

        Екінші кезеңде 2030 - 2050 жылдар аралығында еліміздің ғылыми қамтымды және жасыл экономика қағидаттарына негізделген орнықты дамуын қамтамасыз ету қажет.

        «Біз қуатты өңдеуші өнеркәсіп қалыптастырамыз. Дәстүрлі салаларда жоғары өңделген өнімдер шығаруға көшу жүзеге асырылып, ғылыми қамтымды экономиканың базасы ретінде инжинирингтік қызметтер дамиды», - деді ҚР Президенті.


    • Астана мен Алматы қалаларында агломерация жасақтау стратегиясының жобасы қашан жасалады?
      • Жауап

        Өңірлік даму министрі Б.Жәмішевтың мәліметі бойынша, Астана мен Алматы қалаларында агломерация жасақтау стратегиясының жобасы 2014 жылы жасалады.

        Оның айтуынша, бұл мәселені ең алдымен әкімдіктермен қарастыру керек.

        «Алматы агломерациясы бойынша көлік тірегі агломерациясы мен әлемдік деңгейдегі туристік орталықты құру, бар қалаларды -жер серіктендірін мамандандыру, инженерлік инфақұрылымның дамуын суды бұру жүйесіне үйлестіру керек», - деп министр атап өтті.

        Астана агломерациясын құруда жоғары технологиялар орталықтарын жасақтау, «жасыл» энергетика саласын, әлемдік деңгейдегі медициналық білім беру кластерін қалыптастыру жоспарланған.


    • Дамыған 30 елдің қатарына кіру бойынша бағдар болған ЭЫДҰ-ға мүше елдердің индикаторы нені білдіреді?
      • Жауап

        Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы - ол демократия өкілдерімен тәуелсіз нарық экономикасын мойындайтын дамыған елдердің экономикалық ұйымы.

        Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдерің үлесінде әлемдік ЖІӨ 60%-ға жуығы тиесілі.

        «Бүгінде дамығандықтың іргелі көрсеткіштерін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттер көрсетіп отыр. Ұйымға мүше барлық елдер терең жаңғыру жолынан өтті, инвестицияның, еңбек өнімділігінің, шағын және орта бизнесті дамытудың, халық өмірі стандарттарының жоғары көрсеткішіне ие болып отыр. Әлбетте, ЭЫДҰ елдерінің болашақ ұзақмерзімді қарқыны ескерілгендегі индикаторлары - жер жүзінің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру жолындағы біздің базалық бағдарымыз осы», - деп мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында атап өтті.

        ҚР Президентінің мәліметі бойынша, экономиканың жоғары технологиялық жаңа салаларын құру ғылымды қаржыландыруды ішкі жалпы өнімнің 3 пайызынан кем емес деңгейге дейін арттыруды талап етеді. Сонымен қатар, ішкі жалпы өнімнің энергия тұтыну ауқымын 2 есе азайту маңызды болып отыр. ЭЫДҰ мүше елдердің индикаторына сай болу үшін Елбасы еңбек өнімділігін 5 есеге арттыруды тапсырды.

        «Әлеуметтік саланы дамытудың 2050 жылға дейін басты бағдарлары нақты индикативті цифрларда көрсетілген. Біз ішкі жалпы өнім көлемін жан басына шаққанда 4,5 есе - 13 мың доллардан 60 мың долларға дейін арттыруымыз керек. Қазақстан сонда орташа таптың үлесі басым ел болады», - деп Н. Назарбаев баса айтты. 


    • Қазақстанда үш ауысымды мектеп проблемасы қашан шешіледі?
      • Жауап

        Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында таяудағы 3 жыл ішінде, 2017 жылға дейін орын жетіспеушілігін жойып, қажетті жерлерде елдегі барлық мектепті екі ауысыммен оқытуға көшіру керек. Үкімет пен әкімдер осы міндетті орындау үшін бюджет қаражатының бөлінуін қарастырғаны жөн екендігін айтты.


    • ШОБ пішінінде Қазақстанның фермерлік шаруашылығына қандай қызмет көрсетіледі?
      • Жауап

        ҚР Президенті Қазақстан халқына Жолдауында болашақта аграрлық сектор саласында өңдеу кәсіпорындарын құру керектігін айтқан болатын. Ол шағын және орта бизнес пішінінде болуы тиіс.

        Сондай ақ, ауыл шаруалары ұзақмерзімді қаржыландыруға тікелей қол жеткізе алады. Сонымен қатар, ауыл кәсіпкерлерінің несие алуын кепілдендіру жұмысы жүргізіледі. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан ет, сүт және өзге жер өнімдерін өндіру бойынша жетекші аймақтық экспорттаушыға айналуы керек.


    • Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау қызметшілерінің жалақысы қашан көтеріледі?
      • Жауап

        Мемлекет басшысы Н. Назарбаев  Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап азаматтық қызметшілердің еңбегін бағалаудың жаңа пішінін құруды тапсырды. Ол қызметкерлердің еңбекақыларын денсаулық сақтау саласында  28, білім беру саласында  29, әлеуметтік қорғау саласында 40 пайызға дейін арттыруды қамтамасыз етуге тиіс. 


    • ҚР Президентінің ет экспортын дамыту бойынша берген тапсырмасы қалай жүзеге асуда?
      • Жауап

        Айта кетейік, 2001 жылы «Ірі мал етін экспорттауды дамыту» жобасының 2011-2015 жылдарға арналған кешенді жоспары құрастырылды.

        Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараты бойынша, аталмыш жобаны жүзеге асыру үшін жоба жұмыс істегеннен бастап 4 жыл уақыт керек.

        2013 жылдың соңында экспортқа Ақмола және БҚО еттері жөнелтілді. Бұл үрдіске отандық және импорттық жануарлардың еттері қолданды.

        «Crown Батыс» ЖШС қоректендіру алаңынан 148 тонна премиум-класс ет экспортталды, мекеме Ресейге 500 тонна ет жеткізуді жоспарлап отыр.

        Сондай-ақ, «Agro Export LTD» ЖШС (Ақмола облысы) 6,1 тонна ет өнімін экспорттаған. «Семей ет комбинаты» ЖШС Ресейге 3,2 тонна консервіленген ет жеткізді.


    • Қазақстандық әскери қызметшілер БҰҰ бітімгершілік операцияларына қалай қатысады?
      • Жауап

        Айта кетейік, ҚР Парламент депутаттары Мемлекет басшысының қазақстандық әскери қызметшілерді БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларына және бақылаушылар ретінде жіберу жөніндегі үндеуін қолдады.

        ҚР Қорғаныс министрлігінің ақпараты бойынша, үндеуге сәйкес бақылаушылар ретінде 5 әскери қызметшіні Гаити, Батыс Сахара, Кот,дИвуар және Либериядағы БҰҰ миссияларына жіберу ұсынылады.

        Бақылаушылардың қақтығыстарға қатыспайтынын, бейтараптық ұстанымын сақтап, ешбір тарапты жақтамайтынын ескерген жөн. Олар миссияға қарусыз жіберіледі, өйткені олардың негізгі міндеті ахуалды талдап, БҰҰ-ға баяндау болып табылады.

        Айта кетейік, бітімгершілік операцияларына қатысатын әскери қызметшілер үшін бірқатар жеңілдіктер көзделген - олар үш еселенген мөлшердегі жалақы, қосымша жыл сайынғы демалыс, еңбек сіңірген жылдарының жеңілдікпен есептелуі.

        Қауіпсіздік Кеңесі Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі басты органы болады.


    • «Нұр Отан» партиясының қызметі жаңа жұмыс істеу әдісі бойынша қалай өзгереді?
      • Жауап

        «Нұр отан» партиясының хатшысының міндетін атқарушы Болат Берсебаевтың ақпаратынша, партия өз жұмысын тиімділік, ашықтық, есеп берушілік пен жауапкершілік принциптеріне құрады.

        Доктрина негізінде «Нұр Отанның» Орталық аппараты мен филиалдарының жұмыс әдістерін өзгерту жөнінде жұмыс басталды. Тиімділікті арттыру мақсатында партияның Орталық аппараты мен филиалдарында партия жұмысы жүйесін автоматтандыру жүргізіліп, жобалық әдістер енгізілді, сонымен қатар қызметкерлерімізді тұрақты оқыту тұру енгізілді.

        Партияның ашықтығын арттыру бағытындағы жұмыс аясында «Электрондық партия» жобасын жүзеге асыруда.

        Партияның 240 қоғамдық қабылдау бөлмесін орталықтандыру жөнінде жұмыс атқарылды.


    • «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытында» қандай жаһандық сын-қатерлер туралы айтылады?
      • Жауап

        2012 жылдың 14 желтоқсанында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына XXI ғасырдың 10 жаһандық сын-қатерін айтқан «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын жолдады.«Қазіргі уақытта адамзат жаңа жаһандық сын-тегеуріндермен бетпе-бет келуде.Еліміз бен өңіріміз үшін мен он негізгі сын-қатерді бөліп көрсетемін.

        Егер біз өз дамуымызда жаңа табыстарға одан әрі қол жеткізуді жоспарлайтын болсақ, олардың әрқайсысын міндетті түрде ескеруге тиіспіз», - деді Елбасы.

        Бірінші сын-қатер – тарихи уақыттың жеделдеуі.

        Тарихи уақыт аса жеделдей түсуде. Әлем қарқынды түрде өзгеруде және болып жатқан өзгерістердің жылдамдығы адамды таң қалдырады.

        Соңғы 60 жылда Жер тұрғындарының саны үш есе көбейді, ол 2050 жылға қарай 9 млрд. адамға жетеді. Осы кезең ішінде әлемдік ішкі жалпы өнім 11 есе өсті.Бүкіл әлемдік тарихи процестің жеделдеуі қай кезде де мемлекеттер алдында жаңа шектеусіз мүмкіндіктер ашады, ал оларды толығымен пайдаланғанымызды мен мақтан тұтамын.Соңғы 20 жылдан астам уақытта біз қоғам өмірінің барлық салаларына өте жоғары қарқынменжаңғырту жүргіздік. Көптеген басқа елдерге 100, тіпті 150 жыл керек болған нәрселерді атқардық.

        Дегенмен осы уақытқа дейін жалпы жаңғырту үдерісіне кірікпеген әлеуметтік топтар бар. Оның объективті себептері де бар. Қоғамда адамдардың моральдық жай-күйі мен қоғамдық аңсар-үмітіне әсер ететін бірқатар теңгерімсіздік әлі де орын алуда.

        Біз осы теңгерімсіздікті жойып, қоғамның барлық жіктеріне қоғамдық жаңғырту процесіне кірігу мүмкіндігін беруіміз керек. Олар қоғамда өзінің лайықты орнын тауып, Жаңа саяси бағыт ұсынған мүмкіндіктерді толық пайдалануға тиіс.

        Екінші сын-қатер – жаһандық демографиялық теңгерімсіздік.

        Жаһандық демографиялық теңгерімсіздік күн өткен сайын күшейе түсуде. Жалпыәлемдік тренд – адамзаттың қартаюы. Енді 40 жылдан кейін алпыс жастан асқан адамдардың саны 15-ке толмағандардан асып түседі. Туудың азаюы және адамзаттың қартаюы көптеген елдерде еңбек нарығындағы проблемаларға, атап айтқанда, еңбек ресурстарының жетіспеушілігіне сөзсіз әкеледі.

        Шиеленісе түскен демографиялық теңгерімсіздік жаңа көші-қон толқындарын туғызып, күллі әлемде әлеуметтік шиеленісті күшейте түседі.Біз Қазақстанда заңсыз еңбек мигранттары жергілікті еңбек нарықтарын тұрақсыздыққа әкелген елдің жекелеген өңірлеріндегі көші-қон қысымымен бетпе-бет келіп отырмыз.Біз таяу болашақта кері процеспен – елдің шегінен тыс жерлерден бізге келетін еңбек иммиграциясымен бетпе-бет келуіміз әбден мүмкін екенін түсінуге тиіспіз.

        Біз жас ұлтпыз. Еліміздегі орташа жас – 35. Бұл біздің адамдық әлеуетімізді сақтауға, әлемде өзіміздің дұрыс орнығуымызға зор мүмкіндік береді. Бүгінгі күні алға жылжуға бізде жақсы негіз бар.Елімізде әрбір іздеген адам табуына болатын жұмыс бар. Оның үстіне біздің әрқайсымыздың өзіміз жұмыс істеп, өзімізді асырауға мүмкіндігіміз бар. Бұл - біздің үлкен жетістігіміз.

        Мен сіздерді жалпыға ортақ еңбек қоғамына бастап келемін, онда жұмыссыздар жай ғана жәрдемақы алушылар емес, олар жаңа кәсіптерді меңгеретін болады, мүгедектер жасампаздық қызметпен белсенді түрде айналыса алады, ал корпорациялар мен компаниялар олардың еңбегі үшін лайықты жағдай жасай алады.Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірдешебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек.

        Үшінші сын-қатер – жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер.

        Әлемдік халық саны өсуінің жоғары қарқыны азық-түлік проблемасын күрт шиеленістіріп отыр.Бүгіннің өзінде әлемде миллиондаған адам аштыққа ұшырап, миллиардқа жуық адам тағамның ұдайы жетіспеушілігін бастан кешіруде. Тамақ өнімдерін өндіруде революциялық өзгерістер жасамаса, осынау үрейлі цифрлар тек өсе түспек.

        Біз үшін бұл сын-қатер астарында орасан зор мүмкіндіктер бар.Біз қазірдің өзінде астық дақылдарын аса ірі экспорттаушылар қатарына ендік. Бізде аса ірі экологиялық таза аумақтар бар және экологиялық таза тағам өнімдерін шығара аламыз.Ауыл шаруашылығы өнеркәсібінде сапалы секіріс жасау толықтай қолымыздағы нәрсе. Бұл үшін бізге жаңа тұрпаттағы мемлекеттік ой-сана қажет болады.

        Төртінші сын-қатер – судың тым тапшылығы.

        Әлемдік су ресурстары да қатты қысым көріп отыр.Соңғы 60 жылда жер шарында ауыз суды пайдалану 8 есе өсті. Осы жүзжылдықтың ортасына қарай көптеген елдер суды сырттан алдыруға мәжбүр болады.

        Су – барынша шектеулі ресурс және оның көздерін иелену үшін күрес жер бетіндегі шиеленіс пен жанжалдар себептерінің бірі ретінде, қазірдің өзінде геосаясаттың аса маңызды факторына айналып отыр.Сумен қамтамасыз ету проблемасы біздің елімізде де өткір болып отыр. Бізге сапалы ауыз су жетіспейді. Бірқатар өңірлер оның зардабын қатты тартуда.

        Бұл проблеманың геосаяси астары да жоқ емес. Қазірдің өзінде біз трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалануда бірқатар мәселелермен бетпе-бет келдік. Аталған мәселенің күрделілігіне қарамастан, біз оны саясаттандыруға жол бермеуге тиіспіз.

        Бесінші сын-қатер– жаһандық энергетикалық қауіпсіздік.

        Барлық дамыған елдер баламалы және «жасыл» энергетикалық технологияларға инвестицияны ұлғайтуда.

        2050 жылға қарай алғанның өзінде оларды қолдану барлық тұтынылатын энергияның 50 %-на дейін өндіруге мүмкіндік береді.Көмірсутегі экономикасының дәуірі бірте-бірте аяқталып келе жатқаны анық. Адамзаттың өмір тіршілігі тек бір ғана мұнай мен газға емес, энергияның жаңғыртылатын көздеріне негізделетін жаңа дәуір келе жатыр.Қазақстан жаһандық энергетикалық қауіпсіздіктің басты элементтерінің бірі болып саналады.

        Мұнай мен газдың әлемдік деңгейдегі аса ірі қорларын иеленетін біздің еліміз өзінің энергетикалық саладағы сенімді стратегиялық әріптестік пен өзара пайдалы халықаралық ынтымақтастық саясатынан бір қадам да кейін шегінбейтін болады.

        Алтыншы сын-қатер – табиғи ресурстардың сарқылуы.

        Жердің табиғи ресурстарының шектеулілігі, түгесілуі жағдайында адамзат тарихындағы теңдесі жоқ тұтынудың өсуі әр бағыттағы, келеңсіз де, оң да үдерістерді үдете түседі.

        Біздің еліміз бірқатар артықшылықтарға ие. Жаратқан бізге көп табиғи байлық сыйлаған. Басқа елдер мен халықтарға біздің ресурстарымыз қажет болады.Бізге өз табиғи байлықтарымызға деген көзқарасымызды ой елегінен өткізудің принципті маңызы бар. Біз оларды сатудан қазынамызға кіріс құя отырып, оларды дұрыс басқаруды, ең бастысы, еліміздің табиғи байлығын орнықты экономикалық өсуге барынша тиімді кіріктіруді үйренуіміз керек.

        Жетінші сын-қатер – Үшінші индустриялық революция.

        Адамзат Үшінші индустриялық революция табалдырығында тұр, ол өндіріс ұғымының өзін өзгертеді. Технологиялық жаңалықтар әлемдік нарықтың құрылымы мен қажеттіліктерін түбегейлі өзгертеді. Біз бұрынғыға қарағанда мүлде өзгеше технологиялық болмыста өмір сүріп жатырмыз.

        Цифрлық және нанотехнология, регенеративтік медицина және басқа да көптеген ғылыми жетістіктер қоршаған ортаны ғана емес, адамның өзін трансформациялап, күнделікті ақиқатқа айналады. Біз осынау үдерістердің белсенді қатысушылары болуға тиіспіз.

        Сегізінші сын-қатер – үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық.

        Қазіргі уақытта ең үлкен әлемдік проблемалардың бірі – күшейе түскен әлеуметтік тұрақсыздық. Оның негізгі себебі – әлеуметтік теңсіздік.Бүгінде әлемде екі жүз миллионға жуық адам жұмыс таба алмай отыр. Еуропалық Одақтың өзінде жұмыссыздық соңғы онжылдықтардағы ең жоғары деңгейге жетіп, көптеген жаппай тәртіпсіздіктерге түрткі болып отыр.

        Мұның жанында Қазақстандағы ахуал біршама қолайлы болып отырғанын мойындау керек. Бүгінде біз бүкіл жаңа тарихымыз ішіндегі жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейіндеміз. Бұл, сөз жоқ, үлкен жетістік. Солай бола тұра, біз масаттануға тиіс емеспіз.Әлеуметтік-саяси дағдарысқа ұласатын жаһандық экономикалық дағдарыс Қазақстанға сөзсіз қысым көрсетіп, біздің төзімімізді сынаққа алатын болады.

        Сондықтан күн тәртібіне әлеуметтік қауіпсіздік және әлеуметтік тұрақтылық мәселесі қойылады. Біз үшін маңызды міндет –қоғамымыздағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайту.

        Тоғызыншы сын-қатер – өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы.

        Әлем ауыр дүниетанымдық және құндылық дағдарысты бастан кешіріп отыр. Өркениеттер қақтығысы, тарихтың ақыры, мультимәдениеттің күйреуін жариялайтын үндер жиі естіледі. Жылдар бойы сыннан өткен құндылықтарымызды қорғай отырып, біз үшін осынау кертартпа көзқарастан тартынуымыздың принципті маңызы бар. Өз тәжірибемізден білетініміз, біздің «осал тұсымыз» деп атаған көпэтностылығымыз бен көпконфессиялығымызды өз артықшылығымызға айналдыра алдық.

        Біз мәдениеттер мен діндердің қатар өмір сүруі жағдайында өмір сүріп үйренуіміз керек. Біз мәдениеттер мен өркениеттер диалогына бейілді болуға тиіспіз.Тек басқа ұлттармен жарастықта ғана біздің еліміз болашақта табыс пен ықпалға қол жеткізе алады. ХХІ ғасырда Қазақстан өзінің өңірлік көшбасшылық ұстанымын нығайтып, Шығыс пен Батыстың үндестігі мен өзара іс-қимылы үшін көпір болуға тиіс.

        Оныншы сын-қатер –әлемдік жаңа тұрақсыздық қаупі.

        Әлемде не болып жатқанын біздің бәріміз көріп отырмыз. Бұл дағдарыстың жаңа толқыны емес, әлемдік экономика әлі еңсере алмай отырған2007-2009 жылдардағы дағдарыстың жалғасы.Жаһандық экономикалық жүйе 2013-2014 жылдардың өзінде елеулі іркіліске ұшыратып, атап айтқанда, шикізатқа әлемдік бағаның құлдырауын туғызуы мүмкін. Біз үшін мұндай көрініс аса тиімді бола қоймайды.

        ЕО мен АҚШ-тағы ықтимал рецессия дамыған елдердің шикізат ресурстарына қажеттілігін төмендетуге әкелуі мүмкін.Еуроодақтағы жоқ дегенде бір мемлекеттің ықтимал дефолты «домино әсерін» тудырып, біздің халықаралық резервтеріміздің сақталуы мен экспорттық өнім беруіміздің тұрақтылығына күмән туғызуы мүмкін.

        Валюталық резервтердің қысқаруы валюталық бағамдар мен инфляцияның қысымын күшейтіп, бұл қайтадан әлеуметтік-экономикалық ахуалға кері әсер етуі мүмкін.Осыған байланысты біз халықаралық ахуал дамуының кез келген көрінісіне жан-жақты дайын болу үшін биліктің барлық тармақтарының, мемлекет пен қоғамның ойластырылған, келісілген және үйлестірілген бағытын тұжырымдауға тиіспіз.


    • 2050 Стратегиясында өңірлердің дамуындағы әлеуметтік теңсіздік мәселесін шешу қарастырылған ба?
      • Жауап

        Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» әлеуметтік саясаттың жаңа ұстанымдары туралы сөз болады. «Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кемшіліксіз және әмбебап әлеуметтік саясат моделі болмайды. Сол секілді барлық азаматтар өздерінің әлеуметтік жағдайын қанағат ететін ешбір қоғам жоқ. Әлеуметтік қауіпсіздік пен азаматтардың бақуаттылығы мәселесін шешу бұл әрбір қазақстандықты айналып өтпейтін өте қиын және маңызды міндеттеме. Сол себепті мұнда өте мұқият қарастырылған әдістер қолға алынуы керек», - деген еді ҚР Президенті.

        Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, біз өңірлерді дамытуда әлеуметтік теңсіздік мәселесін шешуге мән беруіміз керек.

        «Қазіргі таңда өңірлердегі әлсіз экономикалық даму жұмыспен қамтуға мүмкіндік бермейді. Халық табысының азаюы белең алады. Ең алдымен мемлекеттік орандардың өңірлерді дамыту жұмыстарында кординациясын қадағалау керек. Барлық мемлекеттік және салалық бағдарламаларды өңірлерді дамытудың басым бағыттары арқылы шешуді синхронизациялау керек», - деді Мемлекет басшысы.

        Үкіметке өңірлердегі болашағы бар жобалар мен керекті қосымшаларды анықтау және тарифтеу тапсырмасы берілді.

        «…Біз моноқалаларды дамыту бағдарламасын орындауды қолға алдық. Ол жаңа жұмыс орындарын ашу мен халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге, кәсіпкерлік жұмыстарын жетілдіруге бағытталған. Біз жергілікті жерлерде басқару сапасын арттырамыз. Бұл менің тікелей бақылауымда», - деді Н.Назарбаев.

        Сонымен қатар, ҚР Президентінің айтуынша, бізге өңірлерде әлеуметтік-экономикалық жағдайларды түзетудің жаңа тиімді механизмі керек. Бұл үшін Үкіметке облыс әкімдіктермен бірігіп шағын қалаларды дамыту бағдарламасын қабылдау тапсырылды. Ол ұзақ уақыттық болуы керек және индустриялды бірқатар мақсаттарды қолға алуы керек. Олардың міндеттемесі өңірлердің мамандандырылған салалық жүйелерді құру, ірі агломерацияда индустриялды-өндірістік серіктес-қалаларға айналуы керек және ауылдық жастарды жұмыспен қамтып, жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын түзеуі керек.

        Шекаралас аймақтар мен көші-қон мәселесін кешенді шешу бойынша да сөз болды.

        «Бізге өңірлердегі еңбек нарығына әсер ететін көші-қон мәселесін шешуге бағытталған шараларды қабылдау керек.Көршілес елдерден келетін көші-қон ағымын бақылауды қолға алған жөн. Болашақтың тапсырмасы ретінде біздің алдымызда отандық білікті мамандарға жағдай жасау мен шет елдердің еңбек мигранттарын шектеу міндеттемесі тұр.Осы орайда басты назар шекаралас аймақтарға ауатыны анық. Олардың әлі де әлеуеті артып тұр деуге келмейді», - деді Мемлекет басшысы.

        Әкімдіктермен біріге отырып Үкіметке осынау барлық мәселерді шешудің қосымша шараларын ойластыру тапсырылды


    • ҚР Президенті 2050 Стратегиясында Қазақстанның қандай басты мақсаттарын атады?
      • Жауап

        Мемлекет басшысы Н. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан 2050 жылға қарсы әлемнің 30 дамыған елінің қатарына ену керектігі жайлы айтқан болатын.

        ҚР Президентінің айтуынша, дамыған елдердің арасында бұл орын үшін бәсекелестік деңгейі жоғары болмақ.

        «Ұлт жаһандық экономикалық күресуге дайын болуы тиіс, себебі бұл додада мықтылар ғана жеңіске жетеді. Біз басты мақсат бойынша бірлесіп жұмыс істеуіміз қажет. Мемлекеттігіміздің тұрақтылығын одан әрі дамытып, экономикалық саясатта жаңа талаптарға көшіп, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау-ұлттық экономиканы дамыту, жаңа әлеуметтік пішінді қалыптастыру, заманауи және тиімді білім беру жүйесі мен денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, мемлекеттік аппараттың тиімділігі мен қызметтілігін арттыру, қорғаныс және халықаралық саясаттың жаңа пішініне бейімделуге дайын болу сынды мақсаттарымызды жүзеге асыру керек», - деді Н. Назарбаев


    • Бүгінде Қазақстандағы игерілмеген мемлекеттік мекемелердегі бос алаңның көлемі қанша?
      • Жауап

        «ҚР Қаржы министрлігі 18,5 мың мемлекеттік мекеме мен кәсіпкерліктердің алаңдарына тексеріс жүргізді. Нәтижесінде 567 мың шаршы метр бос алаңның 47 мың шаршы метрін баланс ұсынаушыларға, 113 мыңын әлеуметтік нысандарға, 305 мың шаршы метрін жекешелендіруге өткізу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, 102 мың шаршы метр жер мемлекеттік ұйымдар арасында бөліске салынатын болды.


    • Қазақстанда ұлттық лоторея операторын енгізейін деп жатқаны рас па?
      • Жауап

        Шынымен де, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Лоторея мен лотореялық қызметтер туралы» заң жобасын қарауда Қазақстанның ұлттық лоторея операторлары институтын құру туралы ұсынылды.

        Ұлттық лоторея операторы ҚР Үкіметіне енгізіліп, лоторея қызметтері мемлекет тарапынан лоторея ұйымдастырушылары дәрежесінде өткізеді. Соған сай түскен табыс бұқаралық спортты дамытуға, соның ішінде балалар спортына және республика өңірелерінде спорттық нысандар салуға жұмсалмақ


    • Қазақстан мемлекеттік сатып алудың бірыңғай орталығын құра ма?
      • Жауап

        Қазақстанда мемлекеттік сатып алуда қауіптің алдын алу мақсатында мемлекеттік сатып алудың бірыңғай орталығын құру жоспарлануда. Осы жөніндегі заң жобасы бүгінде Мәжілістің қарауына жіберілді.

        Алдын ала болжамдар бойынша, мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы конкурсқа қатысуға ниетті барлық мемлекеттік органдардың өтініштері мен барлық құжаттарын қабылдаумен айналыспақ. Мұндай органды құру мердігер жеңімпазды анықтауда конкурстық және аукционды комиссияның кәсіпбисіздігі мен біліксіздігінен болатын қатердің алдын алады. Мемлекеттік сатып алдуың бірыңғай ұйымдастыру институтын құру конкурсты кәсіби дәрежеде өтуіне, мердігерді анықтауда барлық талаптарға сай өткізуге мүмкіндік беріп, тапсырыс беруші мен сатып алуды ұйымдастырушы орталықтың өзара байланысын нығайтады.


    • Қазақстанда күнкөріс минимумы көтеріле ме?
      • Жауап

        Қазақстанда күнкөріс минимумы саласында халықаралық тәжірибе қолданылады. Ол 2010-2012 жылдар аралығында Қазақстан тұрғындарының қажеттіліктерінің өзгеруі мен Халықаралық еңбек ұйымының бірлесуімен жүзеге асырылған. Бұл әрекетті министрлік көнкөріс минимумын дамыту мақсатында жасап отыр. ХЕҰ-ның сарапшылары жүргізген зерттеудің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында қолданылып жатқан күнкөріс минимумының өсуі халықаралық тәртіптерге сай деп шешілген. Сонымен қатар, ҚР-ның ұлттық сарапшылары 2012 жылы Еуропа елдерінің көпшілігі қолданатын, Қазақстанда әлеуметтік көмек көрсету тұрғысында жасалған сараптаманың қорытындысын тапсырды. Қорытындылай келе ұлттық сарапшылар халықтың кедейлігі мен әлеуметтік көмек көрсету саласына орташа табыс көзі әсер етеді деген пікір жөнсіз. Бұл көрсеткіш әлемаралық кедейлікті салыстыру үшін ғана қоладынлады. Оған қоса, ҚР-ның 2030 жылға дейінгі әлеуметтік даму Концепция жобасы бойынша 2017 жылға қарсы мемлекеттің экономикалық мүмкіндігіне қарай халықтың күн көріс минимумын өсіру жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда Министрлікте күн көріс минимумын тұрақтандыру бойынша жұмыс тобы құрылған, оның құрамына ұлттық және халықаралық сарапшылар кіреді. Жұмыс тобының қызметі бойынша күн көріс минимумын жетілдіру үшін бірқатар ұсыныстар негізге алынатын болады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі


    • 2013 жылы 200 мектеп бағдарламасы аясында қанша мектеп салынады?
      • Жауап
        «2013 жылы 159 мектептің құрылысы жоспарланған (РБ есебінен: 63+7 НЗМ, ЖБ: 89)» - Білім және ғылым министрлігі Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті Ақпараттық-талдау басқармасының басшысы Сәрсенова Дина Шәріпбекқызы, 74-23-68
    • Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі қанша?
      • Жауап
        - Как сообщает Агентство по статистике РК, величина прожиточного минимума в среднем на душу населения, рассчитанная исходя из минимальных норм потребления основных продуктов питания, в июле 2013 года по сравнению с предыдущим месяцем уменьшилась на 0,9%. Однако по сравнению с июлем 2012 года величина прожиточного минимума увеличилась на 7,6%. В ее структуре доля расходов на приобретение мяса и рыбы занимала 22,1%, молочных, масложировых изделий и яиц 14,8%, фруктов и овощей 13,8%, хлебопродуктов и крупяных изделий 7,3%, сахара, чая и специй 2%." => "The subsistence minimum per capita, calculated on the basis of minimum standards of consumption of basic foodstuffs, decreased by 0.9% in July as compared with June, while compared to July 2012 it increased by 7.6%. Thus, the share of expenses for meat and fish was 22.1%, milk, oil, fat products and eggs - 14.8%, fruit and vegetables - 13.8%, bread and cereal products - 7.3%, sugar , tea and spices - 2%.
    • 2013 жылы жасанды жолмен көбейтуге бөлінген квоталар саны өседі деген әңгіме өрбіген, ол қаншалықты шынайы?
      • Жауап
        Республикада 2012 жылы 16 755 сәтсіз ұрықтандыру тіркелді. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымдарының мәліметінше, 5026 (30 %) адамға қосымша репродуктивті технологиялар көмегі қажет. Аталмыш үрдіс, өте қауіпті және демографиялық жағдайға кері әсерін тигізіп, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік потенциалын төмендетеді деп есептеледі. Халық бедеуліктен емделу үшін жоғары мамандандырылған медициналық көмекке қол жеткізу мақсатында 2010 жылы жасанды жолмен көбею қызметі тегін түрге ауыстырылған болатын. Жасанды көбею үрдісін жүзеге асыру үшін мемлекеттік бағдарламадан 2 396, 3 млн. теңге бөлінді. 2010 жылы 100 жасанды үрдіс жасалса, 2012 жылы оның саны 600-ге өсті. Ал 2015 жылға дейін бұл сандық көрсеткіш 750-ге дейін жеткізілмек. Егер де европалық клиникаларда жасанды көбейту 35-40 % аралығында болса, дәл осы көрсеткіш біздің мемлекетте 2011 жылы 39 % көрсетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігің баспасөз қызметі
    • Ағымдағы жылы элоктронды оқыту жүйесіне қанша білім беру мекемесі қосылады?
      • Жауап
        ҚР Білім және Ғылым министрлігі 2011-2015 жылға арналған 55 пункттің орындалуы ҚР 2011-2020 жылға арналған оқыту үрдісінің дамуы «Электронды оқыту жүйесін орта техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріне енгізу» жобасын жүзеге асырады. Жобаның мақсаты - білім үрдісіне қатысушыларды сапалы оқыту қызметі мен үрдісіне қосып, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. Бүгінгі таңда аталмыш жоба 12 облыс және Астана мен Алматы 581 орта техникалық және кәсіптік оқу ордасына енгізілді. Электронды оқыту келесі инфрақұрылымдарды қамтиды: Wi-Fi желісі, заманауи компьютерлер, ноутбуктер, мультимедиялық жобалар мен сандық подиумдар. Кешенді қондырғылар оқытудың әр түрлі 5 типі қарастырылады: бастауыш, негізгі, ауылдық, қалалық мектептер мен колледждер. Осы күні мұғалімдер бөлмесі компьютерер мен заманауи техникамен жабдықталып, ұйымдардың кабельді жүйесінің құрылымдық монтажы жасалды. «Қазақтелеком» АҚ интернет алаңында электронды білім беру жүйесінің серберлік қондырғысы орнатылған. Жоба бойынша электронды оқытудың компоненттері енгізілуде. Барлық компоненттер тәжірибелі эксплуатацияға жіберілді. ҚР 2011 жылдың 6 маусымында шыққан 631 нөмірлі Үкімет Қаулысы бойынша электронды білім беру жүйесі ұлттық ақпараттық жүйеге енгізілді. Электронды білім беру жүйесінің ақпараттық платформасы білім ұйымдарын автоматтандыруға көмегін тигізеді. Сонымен қатар, оқып жүргендерге білім алу үрдісін жеңілдетеді. Электронды жүйе бойынша білім алуға 2 млн. 300 мың оқушы, оның ішінде орта техникалық және кәсіптік оқыту жүйесінің қызметкерлері мен оқушылардың ата-аналары да енгізілді. 2012 жылы «Ұлттық оқыту мәліметтерінің базасы» жүйесі іске қосылған. 7043 сандық оқыту ресурсының бірлігі ойлап табылды, 5069 орта техникалық және, 6 жалпы оқыту пәні бойынша және 1974 қазақ және орыс тілінде техникалық, кәсіптік білім беру жұмыстары жүргізілуде. 2013 жылы ЭОЖ 14 облыс пен Алматы, Астана қалаларының 578 білім ордасына енгізілді. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
    • Ағымдағы жылы элоктронды оқыту жүйесіне қанша білім беру мекемесі қосылады?
      • Жауап

        ҚР Білім және Ғылым министрлігі 2011-2015 жылға арналған 55 пункттің орындалуы ҚР 2011-2020 жылға арналған оқыту үрдісінің дамуы «Электронды оқыту жүйесін орта техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріне енгізу» жобасын жүзеге асырады. Жобаның мақсаты - білім үрдісіне қатысушыларды сапалы оқыту қызметі мен үрдісіне қосып, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. Бүгінгі таңда аталмыш жоба 12 облыс және Астана мен Алматы 581 орта техникалық және кәсіптік оқу ордасына енгізілді. Электронды оқыту келесі инфрақұрылымдарды қамтиды: Wi-Fi желісі, заманауи компьютерлер, ноутбуктер, мультимедиялық жобалар мен сандық подиумдар. Кешенді қондырғылар оқытудың әр түрлі 5 типі қарастырылады: бастауыш, негізгі, ауылдық, қалалық мектептер мен колледждер. Осы күні мұғалімдер бөлмесі компьютерер мен заманауи техникамен жабдықталып, ұйымдардың кабельді жүйесінің құрылымдық монтажы жасалды. «Қазақтелеком» АҚ интернет алаңында электронды білім беру жүйесінің серберлік қондырғысы орнатылған. Жоба бойынша электронды оқытудың компоненттері енгізілуде. Барлық компоненттер тәжірибелі эксплуатацияға жіберілді. ҚР 2011 жылдың 6 маусымында шыққан 631 нөмірлі Үкімет Қаулысы бойынша электронды білім беру жүйесі ұлттық ақпараттық жүйеге енгізілді. Электронды білім беру жүйесінің ақпараттық платформасы білім ұйымдарын автоматтандыруға көмегін тигізеді. Сонымен қатар, оқып жүргендерге білім алу үрдісін жеңілдетеді. Электронды жүйе бойынша білім алуға 2 млн. 300 мың оқушы, оның ішінде орта техникалық және кәсіптік оқыту жүйесінің қызметкерлері мен оқушылардың ата-аналары да енгізілді. 2012 жылы «Ұлттық оқыту мәліметтерінің базасы» жүйесі іске қосылған. 7043 сандық оқыту ресурсының бірлігі ойлап табылды, 5069 орта техникалық және, 6 жалпы оқыту пәні бойынша және 1974 қазақ және орыс тілінде техникалық, кәсіптік білім беру жұмыстары жүргізілуде. 2013 жылы ЭОЖ 14 облыс пен Алматы, Астана қалаларының 578 білім ордасына енгізілді. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ


    • 2013 жылы жасанды жолмен көбейтуге бөлінген квоталар саны өседі деген әңгіме өрбіген, ол қаншалықты шынайы?
      • Жауап
        Республикада 2012 жылы 16 755 сәтсіз ұрықтандыру тіркелді. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымдарының мәліметінше, 5026 (30 %) адамға қосымша репродуктивті технологиялар көмегі қажет. Аталмыш үрдіс, өте қауіпті және демографиялық жағдайға кері әсерін тигізіп, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік потенциалын төмендетеді деп есептеледі. Халық бедеуліктен емделу үшін жоғары мамандандырылған медициналық көмекке қол жеткізу мақсатында 2010 жылы жасанды жолмен көбею қызметі тегін түрге ауыстырылған болатын. Жасанды көбею үрдісін жүзеге асыру үшін мемлекеттік бағдарламадан 2 396, 3 млн. теңге бөлінді. 2010 жылы 100 жасанды үрдіс жасалса, 2012 жылы оның саны 600-ге өсті. Ал 2015 жылға дейін бұл сандық көрсеткіш 750-ге дейін жеткізілмек. Егер де европалық клиникаларда жасанды көбейту 35-40 % аралығында болса, дәл осы көрсеткіш біздің мемлекетте 2011 жылы 39 % көрсетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігің баспасөз қызметі
    • Республикада қанша адам «Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасы арқылы баспанаға ие болды?
      • Жауап

        2011 жылдан ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін, құрылыс бағыты бойынша тұрғын үй құрылысы бойынша 348 мың шаршы метр несиелік тұрғын үй мен 5229 пәтер салынды. Демек, 18 мың адам өз жағдайларын жақсартты. Қазақстандық ипотекалық компания бойынша бұл жаңа бағыт, ағымдағы жылы құрылысқа бөлінді, сондықтан бірінші пәтерлер келесі жылы салынады. Республика бойынша кезек саны 265 мың адамға жетті. 2015 жылдан 1 млн шаршы метр жерге құрылыс жүргізу яғни 20 мың пәтерді жүзеге асыру жоспарланып отырса, 2029 жылы барлық кезектегілер баспанамен қамтылады. Қорытындысында бағдарлама бойынша 2020 жылға жалпы 69 млн шаршы метрді алып жатқан жаңа тұрғын үй тапсырылу көзделіп отыр, ол 1 млн жанұяның жағдайын жақсартады


Яндекс.Метрика