Елбасы Спорттың күштік түрлері академиясы мен «Теннис орталығы» спорт кешеніне барды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қостанай облысына жасаған сапары аясында Спорттың күштік түрлері академиясы мен «Теннис орталығы» спорт кешеніне барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
09 Қараша 2017

Елбасы теннис орталығында болып, 6 теннис корты, соның ішінде 3 жабық корты бар кешен аумағын аралап көрді.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы жас теннисшілермен кездесіп, әңгімелесті.

Соңында Қазақстан Президенті спортшыларға мықты денсаулық пен жарқын жеңістер тіледі.

Спорт кешені 2015 жылы жергілікті бюджет есебінен салынған.

2016 жылдың басынан бері ашық және жабық корттарда бірнеше республикалық жасөспірімдер турнирі, сондай-ақ әуесқойлар мен ардагерлердің турнирлері өтті.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Қостанай қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан Спорттың күштік түрлері академиясына барды.

Елбасы спорт залдарын аралап көріп, жергілікті спортшылармен, сондай-ақ Қазақстанның ауыр атлетикадан жасөспірімдер құрамасының мүшелерімен әңгімелесті.

Академия спорттың ауыр атлетика, пауэрлифтинг, бодибилдинг, армрестлинг сияқты түрлерінен спортшылар дайындайды.




Сонымен қатар:

Дерекнама

Яндекс.Метрика