Н.Назарбаев Назарбаев Университетінің студенттер санын екі есе арттыруға шақырды

Жақын жылдары Назарбаев Университетінің студенттерін екі есеге арттыру қажет. Осы орайда Қазақстан ЖОО-ның институционалды мүмкіндігін арттыру қажет. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев НУ түлектерінің III шығарылымы барысында айты.
27 Мамыр 2017

«Қазіргі таңда студенттер саны  4 мың адамды құрап отыр. Алайда, жақын жылдары  олардың санын екі есеге көбейту керек. Осы орайда Қазақстан  ЖОО-ның институционалды мүмкіндігін арттыру қажет. Бүгінде  әлемнің 55 ғалымы  білім беріп қана қоймай,  студенттерді ғылыми тәрбиелеуде.  Зерттеулердің тілі ағылшын, олардың  мыңдаған жұмыстары жарық көрді, оның ішінде әлемге танымал  10 ғылыми басылым да бар. Егер қазақстандық ЖОО бойынша аталмыш сан 4 пайызды құраса, Университет бойынша  11 пайызды құрап отыр. Бұл Университеттің сапасын айқындап отыр», - деді Елбасы.

Президенттің айтуынша, қазір ЖОО жаңа даму деңгейіне шықты.

«Біз өмір сүріп жатқан жаһандық бәсекелестік жыл сайын артуда. Сондықтан, университет белсенді түрде жаңа таланттарды біздің және өзге елдерден іздеуі керек. Оларға сәйкес грант бөлу керек.  Мен университеттің уақыт өте келе ақылы түрге көшетінін білемін. Қазір мемлекет қолдап отыр. Оған дайындалу керек. Бұл зерттеу сапасын арттырып, ғылыми байланысты нығайтады», - деді Н.Назарбаев.

Айта кетейік, биыл Назарбаев Университеті түлектерінің  III шығарылымы  бітірді.

Биыл оқу бітірген студенттер саны 737 адам,оның ішінде бакалавриат бағдарламасы бойынша 499 түлек, магистратура бағдарламасы бойынша 229 студент және PhD дәрежесіне ие болған докторантура бағдарламасының ең алғашқы 9 түлегі бар. Ерекше үлгідегі дипломға 75 түлек ие болды.

Ақбота Күзекбай

 




Сонымен қатар:
Яндекс.Метрика