Н.Назарбаев Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықты 39 ғалымға табыстады

Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің бір топ ғалымына ғылым мен техника саласындағы Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықты табыс етті.
14 Желтоксан 2015

«Біз егемендіктің жылға бергісіз әр күнін ерен еңбекпен, қажыр-қайратпен өркендеттік. Қазақстан күллі әлемге кемел келешегіне ұмтылған жасампаз ел ретінде танылды. Өтіп бара жатқан жыл тәуелсіздік жылнамасында жазылатын маңызды оқиғаларды айшықтады. Терең тарихымызды, берекелі елімізді, құқықтық тілегіміздің барлығын біз ұлықтадық», - дейді Мемлекет басшысы.

Елбасы атап өткендей, биылғы жыл Қазақстан ғылымына айрықша серпін берген жемісті жыл болды.

«Қазіргі заманда экономика өсімін ғылым мен инновациясыз елестетуге болмайды. Сондықтан мемлекет көңіл бөліп, қаражат бөліп, қолдау көрсетіп отырғанын көріп отырсыздар. Мемлекет ғалымдардың озық тәжірибелеріне ұдайы қолдау жасап келеді», - деген Президент Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтың ғылым мен техника саласындағы ең жоғары марапат болып саналатынын айтты.

«Оған биыл бір жеке және 6 ұжымдық ғылыми шығарма лайық деп табылып отыр. Бұл еңбектер көмірсутегі, ғарыш және ауыл шаруашылығы, жаңа технологиялық әдістерге жол ашты. Металлургия, физика, медицина салаларында инновациялық жаңалықтар енгізді», - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықпен 39 ғалымды марапаттады.

«Қазақстан Республикасының ғарыш саласын қалыптастыру үшін ғарыш ғылымының әдістері мен технологияларын дамыту» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін, Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ ұжымына берілді. Еңбек мазмұнына қысқаша тоқталып өтсек: Жер қыртысының динамикасын зерттеу үшін жаңа технологиялар ұсынылған. Төтенше жағдайларды, ауылшаруашылық өндірісін, Қазақстан өңірлерінің экологиялық жағдайын ғарыштық мониторингтеудің жаңа технологиялары 2012 жылдан бастап әзірленді және ендірілді. Қазақстан Республикасының дәлдігі жоғары спутникалық навигациясы жүйесі үшін дифференциалдық станциялар жасалды және оларды өндіру ұйымдастырылғаны үшін Мемлекеттік сыйлыққа лайық деп танылған. Ал марапатқа ие болған ұжым мүшелері 8 адам. 

«Әлемдік технология нарығында Қазақстанның мәртебесін көтерген және еліміздің инновациялық дамуына елеулі үлес қосқан, алтын мен қорғасын металлургиясы облысында жасалған әзірлемелерді өндірісте іске асыру» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін, Инвестициялар және даму министрлігі «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК-ның ұжымында, қиын өңделетін күрделі құрамды шикізаттардан қорғасын мен алтынды бөліп алудың пиро және гидрометаллургиялық технологиялары жасалған. Технологиялар капиталдық және пайдаланымдық шығындарды 2 есе азайтқан кезде алтын өндірісінің артуын қамтамасыз етеді. Алтынды шоғырлық сілтісіздентіру технологиясына негізделген 20 өндіріс ішінен осы технология бойынша 15-тен астамы Қазақстанда салынған. Соның нәтижесінде, әлемдегі біріншілік қорғасынның әрбір 10-тоннасы және Қазақстандағы алтынның әрбір 3-і тоннасы авторлардың жасаған инновациялық технологияларымен өндірілетін болады.

«Қазақстанда бекіре шаруашылығының ғылыми-техникалық негіздерін қалыптастыру және инфрақұрылымын жасау» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін, Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» РМК ұжымына ультрадыбыстық сканерлеуді пайдаланумен бекіре балықтарының популяцияларын сақтау және тұрақты дамыту бойынша инновациялық технологиялар әзірленді және патенттегені үшін берілген. Қара азық уылдырығын өндіру үшін 3 тәжірибелік-өндірістік учаскесі алғаш рет 2011 жылдан бері ұйымдастырылып қызмет жасалуда. Ұсынылған технология бекіре тұқымдасының жетілу мерзімін 2 есе қысқартады және жыл бойы өнімнің өсімін алып отыруға мүмкіндік береді.

«Қазақстан Республикасы көмірсутегі әлеуетін ғылыми негіздеу» тақырыбындағы жұмыстар циклына «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ ұжымына Солтүстік Торғай, Ертіс маңы, Балқаш тағы да басқа шөгінді алаптарының геодинамикалық үлгілерін жасағаны үшін берілген. Қазақстанның мұнай-газды алаптарының Атласы әзірленді. Ғылыми жұмыстар 2012 жылы аяқталды. Ұсынымдар орындаудың түрлі кезеңдеріне бөлу мүмкіндігі бойынша ендірілді, сондай-ақ Геологиялық барлау жұмыстарының мемлекеттік бағдарламасына енгізілді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Қазақстан Республикасының көмірсутегін өндіру әлеуеті 3 еседен астам артты.

Индира Кауметова

 

 

 

 




Сонымен қатар:
Яндекс.Метрика