Басты

Парламент

  • Әлем әлеуметтік-экономикалық және саяси дүрбелең кезеңіне тап болды – Қ.Тоқаев 11 Қаңтар 2019 Парламент Сенаты Бюросының отырысы болды. Палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев шараға қатысушыларға арнаған сөзінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында әлеуметтік саладағы, сондай-ақ Жастар жылын өткізуге байланысты маңызды міндеттер бойынша депутаттар корпусы алдындағы жұмыстардың негізгі бағыттарын белгіледі.
  • Жастар жылын атап өтуде формалдық көзқарастан аулақ болу қажет – Қ.Тоқаев 27 Желтоксан 2018 Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының 2018 жылғы қорытынды отырысы болды. Парламент жоғарғы Палатасының Төрағасы 2018 жыл қоғамдық-саяси маңызы зор оқиғалармен тарихта өзінің лайықты орнын алатынын атап өтті. Депутаттар корпусы Президент Н.Назарбаевтың халықтың өмір сапасын жақсарту жолындағы маңызды бастамаларын іске асыру жұмысына белсене қатысты.
  • Мәжіліс жылды қорытындылады 26 Желтоксан 2018 Мәжілістің соңғы жалпы отырысында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин сессия басталған уақыттан бері атқарылған жұмыстар бойынша қорытынды жасады. Палата Төрағасы депутаттық корпус өз жұмысында ең алдымен, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сессияның ашылуында және биылғы Жолдауда берген тапсырмаларын басшылыққа алғанын атап өтті.
  • Үкіметке Сенат депутаттары 100-ден аса сауал жолдады – Қ.Тоқаев 24 Желтоксан 2018 Сенат Бюроның қорытынды отырысын өткізген Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 2018 жыл ел тарихында өзінің лайықты орнын алатынына, Сенат жыл ішінде жоспарлы әрі мазмұнды жұмыстарды атқарғанын атап өтті.
  • Қ.Тоқаев: Заң жобалары бойынша Үкімет Парламентпен алдын ала жұмыс кестесін белгілеп алғаны дұрыс 22 Желтоксан 2018 Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жоғарғы Палатаның отырысында жобаларын Сенатқа әкелудің мерзіміне қатысты Үкіметтің атына сын ескерту жасады. Төраға отырыстың күн тәртібіне өте маңызды заң жобалары енгізіліп отырғанын айтып, олардың 5-і Елбасының Жолдауларында айқындалған мақсаттарды орындау үшін әзірленген заң жобалары екенін атап өтті.
  • Сенатта мақұлданған заң жобалары қай саланы жақсартуға бағытталған 20 Желтоксан 2018 Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Заң жобасы Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау үшін әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңнаманы одан әрі дамытуға бағытталған.
  • Заң жобасы: ЕАЭО аясында тауарлар таңбаланады 19 Желтоксан 2018 Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды. Құжат аясында ЕАЭО аясында тауарларды таңбалауды енгізу мәселесі де қаралды.
Инфографика
Мұрағат
Яндекс.Метрика