Астана - 20 жыл

«Нұр келбеттi Астана» байқауы басталды

Елорданың 20-жылдығы қарсаңында «Нұр келбеттi Астана» халықаралық көркемсурет фестивалi ұйымдастырылады. Шараға танымал отандық және шетелдiк суретшiлер қатысады.
Астана қаласы08 Маусым , 16:13

«Iс-шараның ашылу салтанаты 12-шi маусымда ҚР Ұлттық музейiнде өтедi. Ал 6-шы маусымнан бастап қылқалам шеберлерi Астана бойынша танымдық экскурсияға қатысып, елорданың көрiктi жерлерiн суреттейдi. Шараға отандық суретшiлермен қоса АҚШ, Еуропа, Ресей, Бразилия, Жапония мен Үндiстан сынды елдердiң үздiк қылқалам шеберлерi қатысады. Бұл фестивальге 250-ге жуық суретшi қатысуға ниет бiлдiрген. Бiрақ, бiз 20-ын iрiктеп алдық», - дедi фестиваль авторы, Ғ.Мүсiрепов атындағы Балалар және жасөспiрiмдер мемлекеттiк театрының директоры Сәбит Әбдiхалықов.

Ал «Наз» мемлекеттiк би театрының директоры Сұлтан Срайыловтың айтуынша, суретшiлер елорданың көрiктi жерлерiн, ғимараттар, өнер, бiлiм, мәдениет ошақтары мен қаланың табиғатын бейнелейдi. Фестивальге қатысқан көркемсурет туындылары ҚР Ұлттық музейiнiң қорына табысталады.

Баспасөз мәжiлiсiне қатысқан Ұлыбритания Корольдiк өнер қауымының мүшесi, қылқалам шеберi Александра Коннор елорда ерекше сұлу әрi энергиясы мол қала екенiн айтты.

«Мен Астанаға алғаш рет келiп отырмын. Бұл iс-шараға менi шақырғанына қуаныштымын. Және де мен 20-жылдың iшiнде қалада осындай әдемi ғимараттардың салынғанына таң қалдым. Себебi 20 жыл iшiнде бұндай қала соғу өте қиын. Бiрақ, сiздер оны жасадыңыздар. Мен мемлекеттерiңiздiң осындай дәрежеге жеткенiне қуаныштымын», - дедi Александра Коннор.

Атап өтсек, халықаралық мәдени iс-шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлiгi ұйымдастырып отыр.

 




Яндекс.Метрика