Шолу

Мұнай-газ саласында қандай жаңашылдықтар болады

Қашағанда 2024 жылға қарай бұдан әрі кеңейту жобасы бойынша өндіріс көлемін жылына 13 млн. тоннадан 16 млн-ға жеткізу күтілуде. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев халық алдында есеп беру кездесуінде мәлімдеді. Өзінің баяндамасында ведомство басшысы энергетика саласында атқарылған жұмыстар, жетістіктер және болашақ жоспарлар, сонымен қатар өткен жылда іске асырылған жұмыстардың нәтижесіне тоқталып өтті. Толығырақ, Strategy2050.kz АА материалынан оқи аласыздар.
Астана қаласы19 Маусым , 17:04

Қанат Бозымбаев  министрліктің қызметі үш стратегиялық бағытқа негізделген: мұнай-газ және мұнай-газ химия салалары; электр энергетика, көмір және атом энергиясын пайдалану салаларын дамыту; қоршаған ортаны қорғауды жақсарту екенін айтты.

«Мұнай-газ саласының барлық секторларындағы көрсеткіштер 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсімді көрсетеді. Жоспарланған мұнай өндірудегі өсім 1% болды, ал іс жүзінде бұл өсім 6,4% көрсетті. Мұнай өндіру көлемі 6,3 млн.тоннаны құрады, өсім 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2% құрады. Жоспарланған мұнай экспорты 1,4%,өсім 5,7% құрады. Жоспарланған газ өндіру көлемі 0,8%, өсім 6,4% құрады.Жоспарланған сұйытылған және тауарлық газды өндірудегі өсім  3,4% және 1%, өсім 4,7% және  7,6% құрады», - деді Қ.Бозымбаев.

Министр айтқандай, мұнай өндіру көлемі өсетін болады және 2025 жылға қарай 104 млн. тоннаға дейін жетеді.

«Бұл үшін барлық үш ірі жобада (Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған) өндірісті әріқарай кеңейту және ұзарту жобалары іске асырылып жатыр.Қашағанда, 2024 жылға қарай бұдан әрі кеңейту жобасы бойынша өндіріс көлемін жылына 13 млн. тоннадан 16 млн-ға жеткізу күтілуде. Жобаны іске асыру кезеңінен бастап (1998 ж.), Атырау және Маңғыстау облыстарының әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуына құйылған инвестиция көлемі 570 млн. АҚШ долларын құрады. Жалпы, әлеуметтік-инфрақұрылымдық дамуға жыл сайын 50 млн. АҚШ доллары бөлінуде», - деді Қанат Бозымбаев.

Сондай-ақ, Қарашығанақтағы болашақ игеру жоспарына сәйкес ағымдағы өндіру көлемін сақтап қалу бойынша жобаларды іске асыру көзделген, олар – газ қуаттарын жаңғырту, 4-ші компрессорды және 5-ші ішкі кәсіпшілік құбырын салу.

«Іске асыру мерзімі 2020 жыл, инвестиция көлемі 1,5 млрд. АҚШ доллары. Қарашығанақты игеру жылдарында Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуына шамамен 342 млн. АҚШ доллар бөлінді.Жалпы, өңірдің әлеуметтік-инфрақұрылымдық дамуына жыл сайын 20 млн. АҚШ доллары бөлінуде», - деді ол.

Сондай-ақ,  министр  Атырау облысының әлеуметтік-инфрақұрылымдық дамуына жыл сайын шамамен 25 млн. АҚШ доллары бөлініп жатқанын айтты.

«Жер қойнауы туралы кодекске сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру айтарлықтай жеңілдетілді, мерзімдер қысқартылды (келісімшарт 40 жұмыс күніне дейін), әкімшілік кедергілер төмендетілді .Осы жылы жер қойнауын пайдалану құқығына конкурстар жалғастырылатын болады, бірінші 5 өңірде (Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында) 11 жер қойнауы учаскелері ұсынылды. Конкурстың нәтижелері бойынша келісімшарттарға Жаңа кодекстің нормалары бойынша қол қойылады», - деді ол.

Сонымен қатар, 2018 жылы Шымкент зауытындағы жаңғырту жұмыстары аяқталады. 2018 жылы мұнай өңдеудің жалпы көлемі 1 млн. тоннаға өсіп, 16 млн. тоннаны құрайды.

«2018 жылдың басынан бастап, Кеден одағының Техникалық регламенті күшіне енді. 2018 жылдың шілдесінен бастап, мотор отындарының сапасы K-4 және 5 экологиялық класстарына сәйкес келуі тиіс.Ағымдағы жылы үш мұнай өңдеу зауытына енгізілетін, жөндеуді басқаруды автоматтандыру жүйесі (ТОРО) МӨЗ-дерді жөндеудің жылдық кезеңін 45-тен 20 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік берді. 45 күнге тоқтату жұмыстары үш жылда бір рет жүзеге асырылатын болады», - деді министр.

Энергетика министрі  әр мұнай өңдеу зауытындағы мұнай өңдеу көлемі орта есеппен жылына 300 мың тоннаға артады деп күтілетінін айтты.

«5 айда нарықтың отандық мұнай өнімдерімен қамтамасыз етлуі: бензин бойынша - 84,8%, дизельдік отын - 95%, әуе керосині– шамамен 36%-ға жетті.Тапшылықты болдырмау мақсатында Энергетика министрлігімен тәулік бойы мұнай базаларындағы өнімдер көлемі және ЖЖМ импорты бақыланып отырады.Жанар-жағар май бағасына келетін болсақ, Global Petroleum Prices халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша Қазақстан 167 елдің ішінде бензин бағасы бойынша 12-ші орынды, ал дизель отын бойынша - 15-ші орынды иеленеді», - деді министр.

Қымбат бензин Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі, АҚШ, Ресей, Әзірбайжан сияқты елдерде. Арзан бензин               11 елде (Венесуэла, Иран, Сауд Арабиясы, Әзербайжан, Түркменстан) және арзан дизельдік отын 14 елде (Венесуэла, Иран, Кувейт, Түркіменстан). Рейтинг ай сайын жасалады.

«Алдын ала техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылды. Жылдың екінші жартысында зауыттың орналасатын жері, оның параметрлері және қаржыландыру механизмі анықталады», - деді министр.

Сондай-ақ,  елді газдандыру деңгейі шамамен 47,4% құрайды. 1300-ден астам елді мекен газға қол жеткізді. Республикалық бюджеттен газдандыруға жыл сайын шамамен 13 млрд. теңге бөлінуде.

Министр айтқандай, Мемлекет басшысының 5-ші әлеуметтік бастамасының арқасында Астана, Қарағанды және Ақмола облыстарын газдандыру мәселесі шешілуде. «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының салтанатты ашылуын шілде айының басында өткізу жоспарланып отыр.

««Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана» бағыты бойынша бірінші кезең 2019 жылдың желтоқсан айына дейін аяқталады. Бірінші кезеңнің болжамды құны 267 млрд. теңгеден асады.1 - кезеңде газ құбыры бойынша 171 елді мекенге тартылады, 2,7 миллион адам газбен қамтамасыз етіледі.Елорда тұрғындары үшін, ең алдымен, газды «Коктал-1,2», «Железнодорожный», «Юго-Восток» оң және сол жақ аудандарына, сонымен қатар ЖЭЦ-1,2,3.Жылдан жылға битум өндірісінің көлемі артып, ішкі сұранысты толықтай қамтамасыз етуде. 2017 жылы 731 мың тонна битум өндірілді, бұл 2016 жылмен (480 мың. тонн) салыстырғанда екі есе көп. 2018 жылға 750 мың тонна битум шығару жоспарлануда», - деді ми нистр.

Сондай-ақ,  министр  қоршаған ортаны қорғау бойынша да ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді.

«Қазіргі уақытта инвестициялар тарту және технологияларды енгізу бөлігінде жаңартылатын энергия көздерін дамытуға заңнамалық деңгейде қолайлы жағдайлар жасалды.Еуропа қайта құру және даму банкімен Қазақстандағы ЖЭК жобаларына инвестициялау үшін тағы 480 млн. еуро тарту арқылы банк тарапынан 200 млн. еуро бөлу туралы келісімдерге қол жеткізілді», - деді ол.

Сонымен қатар, «Жасыл» климаттық қор ЖЭК жобаларын іске асыру үшін Қазақстанға 110 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржыландыруды мақұлдады.Қазіргі уақытта республикада ЖЭК бойынша жалпы қуаты 352 МВт болатын 58 объекті бар. Осы жылы жалпы қуаты 138 МВт болатын 10 ЖЭК объектісін енгізу жоспарланып отыр.

«Мамыр айының соңында – маусым айының басында жалпы қуаты 245 МВт көлеміндегі ЖЭК жобалары үшін бірінші халықаралық аукциондық сауда-саттық өткізілді.Жалпы аукциондарда Ресей, Франция, Болгария, Түркия, Қытай және Қазақстан сияқты әлемнің 6 елінен 53 компания қатысты. Қатысушылар жалпы қуаты 960 МВт-қа өтінімдер ұсынылды. Бұл сұраныстан 4 есеге артық», - деді Энергетика министрі.

Ол айтқандай, оның  нәтижесінде электр энергиясына тариф жел станцияларында 20%-ға, кіші су электр станцияларында – 23%-ға, күн энергиясына 25,5%-ға төмендеді. Қазірдің өзінде 19 компания жалпы қуаты 194 МВт-қа ЖЭК электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен 15 жылға келісімшартқа қол қою мүмкіндігіне ие.

Айта кетейік,  осы жылы ҚР Энергетика министрлігі Қарағанды облысындағы Теміртау электрометаллургиялық комбинатының сұйық химиялық қалдықтарын жою, Қостанай және Маңғыстау облыстарында қауіпті иесіз қалдықтардың қоршаған ортаға әсерін анықтау және құнын бағалау, сондай-ақ Қарағанды облысындағы 137 цезий  иондаушы сәулелендіру көзін көмуді жоспарлап отыр.

Есептік жиынға өңірлік өкілдер онлайн түрде, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

 Аягөз Құрмаш




Яндекс.Метрика