Экономика

АЭФ: Күн тәртібінде талқыланатын 11 трек

Биылғы 17-19 мамыр аралығында өтетін Астана экономикалық форумы осы айдың басты шараларының бірі болмақ. АЭФ аясында талқыланатын 11 трек әлемдік күн тәртібінің маңызды бөлігін қамтитын ең негізгі бағыт болып саналады. Әрбір трек аясындағы жеке сессиялар, пікірталастар мен дөңгелек үстелдер осы негізгі шақыртуларды егжей-тегжейлі талқылауға және жауап қайтару шараларын дайындауға арналған. Strategy2050.kz АА әзірлеген шолуынан 11 тректің сипаттамасымен таныса аласыздар.
Астана қаласы10 Мамыр , 10:12

Аталған  11 трек  Қазақстанның  мүддесі тұрғысынан қарастырғанда жалпыәлемдік мәнмәтінде дайындалған.  

1. Біртұтас экономика әлемі

Қазақстан экономикасы әлем экономикасымен біртұтас. Елбасының жариялаған Қазақстанның үшінші жаңғыруы Үкіметтің экономикалық және әлеуметтік дамудың жаңа үлгісін құру, жеке кәсіпкерлікті ынталандыру мен еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін экономика салаларын технологиялық жаңарту жөніндегі жұмысының негізі ретінде қабылданды.

Жүйелік міндеттерді дәйекті орындау ұлттық экономиканы дамытудағы сапалы ілгерілеу негізін қалады. 2017 жылдың қорытындылары бойынша ЖІӨ-нің өсуі 4% -ға жетті, бұл 2014-2016 жылдардағы орташа жылдық қарқыннан екі есе дерлік озық (2,2%).

Ағымдағы реформалар (оның ішінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде) экономикадағы мемлекеттің рөлін қысқартуға және гүлденген, қазіргі заманғы және инновациялық сатылатын мұнай емес сектордың дамуына жәрдемдесуге бағытталған.

Экономикалық өсудің арқасында Республика азаматтарының өмір сүру сапасына қанағаттанушылығы артты, ал табыстың біркелкі бөлінбеуі азайды (Джини коэффициенті 0,28-ға дейін төмендеді). Соңғы 20 жылда Қазақстан халқының орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 39 есе өсті. Пайданың негізгі өсуі жалақы мен өзін-өзі жұмыспен қамтудан түсетін кірістердің өсуі есебінен қамтамасыз етілді. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 25 жыл ішінде 15,6 есе азайды.

Жағдайдың жақсаруы көбінесе нарықтық табыстармен байланысты: штаттық жұмыс орындарын құру жеделдетілді, мұның арқасында  жұмыссыздық деңгейі төмендеді, ал еңбекақы саласындағы саясат кірістердің жаппай өсуіне ықпал етті.

Соған қарамастан, өңірлер арасында, сондай-ақ қалалар мен ауылдық жерлер арасындағы айтарлықтай айырмашылықтар сақталуда. Бірдей мүмкіндіктер қоғамын қалыптастыру үшін әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қамсыздандырудың тиімділігін арттыру қажет.

2. Жаһандық стратегия әлемі

Қазіргі жағдайда мемлекеттің гүлденуі, жаһандық экономикадағы оның рөлі мен орны – мұның барлығы белгілі бір дәрежеде ұлттық мүдделерін қорғай отырып, интеграциялық бірлестіктерде тиімді жұмыс істеу қабілетіне байланысты болады.

Бүгінде капиталдың ауыс-түйісі мен еркін сауда кеңейтуде айтарлықтай прогресті белгілеуге болады, алайда, нақты жаһандану мөлшері, атап айтқанда, әр түрлі ұлттық және аймақтық нарықтардың бірыңғай әлемдік ағзасына нақты бірігуі әлі күнге дейін өте шамалы болып қалып отыр. Әлемде болып жатқандар, - бұл негізінен өңірлік интеграцияның көбіне-көп қарқынды процестері.

«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы» Жолдауын жүзеге асыру аясында өңдеуші өнеркәсіп өнімдері экспортын арттыру тұрғысында, Үкімет Ұлттық экспорт стратегиясын бекітті, экспортты алға жылжыту үшін белгіленген «Казахэкспорт» ұлттық компаниясы, Экспорттық саясат кеңесі  құрылды және 400 өндіруші-экспорттаушыларға 47,6 млрд. теңгеге қолдау көрсетілді (немесе әрбір төртінші экспорттаушы).

Қабылданған іс-шаралар және ынталандырулар нәтижесінде өткен жылы өңдеу өнімдері экспортының үлесі 32,5% -ға дейін өсті (2015 жылғы 11 айда 30,4% -дан), ал жеткізу географиясы әлемнің 115 елін қамтиды. Бұл 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспорты екі есеге ұлғайту жөнінде қойылған міндетке сай келеді.

Көлік инфрақұрылымын дамыту ұлттық экономиканы жаһандық ортаға біріктірудің маңызды факторы болып табылады. Осы мақсатта «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда.

Үлкен Еуразиялық серіктестік жобасы сондай-ақ сауда-экономикалық және қаржы-инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетуді көздейді. Осы мақсатта Қазақстан «Астана» халықаралық қаржы орталығының әлеуетін тәуелсіз құқықтық жүйесі және жеңілдікті салық режимі бар аймақтық қаржы-инвестициялық хаб ретінде іске қосады. Болашақта «Астана» қаржы орталығы Қазақстанның қаржылық инфрақұрылымының негізі, содан кейін бүкіл Орталық Азия аймағының қаржы хабы ретінде саналады.

Үкімет 2017 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қайтарымды негізде тұрғын үй құрылысын қаржыландырудың жаңа тетігін қолдану арқылы, тұрғын үйді пайдалануға беру қарқынын және көлемін арттырды, бұл өңірлерді қолдауды күшейтті.  Бағдарламаны іске асырудың алғашқы жылы 100 мыңнан астам отбасы жаңа тұрғын үйге ие болды. Тұрғын үй құрылысында жекеменшік инвестициялардың үлесі (84,3%) басым - 1 теңге мемлекеттік қаражатқа 5,4 теңге жеке инвестициялар тартылды.

3. Қалалар әлемі 

БҰҰ бағалауы бойынша, алдағы 15 жылда әлем адамзаттың бүкіл өткен тарихына қарағанда күштірек урбандалады. Бүгінде қалаларда 3,5 миллиард адам тұрады, ал 2050 жылға қарай, олар екі есе көп дерлік, шамамен 6,5 млрд. болады деп күтілуде.

Қазақстан халықтың төмен тығыздығымен (орта есеппен – бір ш.км-ге 6,6 адам) және урбандалудың орташа деңгейімен (56,8%, Ресейде - 74%, Малайзияда - 77%-бен салыстырғанда) сипатталады, бұл әлеуметтік қызметтерді ұсыну және инфрақұрылым құрылысының құнын арттырады және қызмет көрсету саласының дамуын шектейді.

Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында «Ақылды қалалар» еліміздің бүкіл аумағында өңірлік дамудың, инновацияларды таратудың және өмір сүру сапасын арттырудың қозғаушы күші болатынын атап өтті. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында еліміздің 5 ірі қалаларында «Smartcity» дамыту көзделген: SmartAstana, SmartAlmaty, SmartKaraganda, SmartOntystuk, SmartAktobe.

 «SmartAstana»  аясында бүгіннің өзінде бейне бақылау мен фото және бейне-тіркеу, «SmartAstana» мобильді қосымшасы, қалалық қызметтермен өзара әрекеттесуге арналған чат-бот, Open data - ашық деректер порталы бойынша жобалар іске асырылды. Осылайша, Астана қаласының тәжірибесі негізінде SmartCity «эталондық» стандарты құрылады. «SmartCity» тұжырымдамасы Қазақстанның барлық қалаларында іске асырылатын болады, «SmartAlmaty» жеке элементтері басқа қалаларда жүзеге асырылуда.

4. Ресурстар әлемі

Халықтың тіршілік әрекетін ұстап тұруға қажетті табиғи ресурстар қатшылығы әлемдік қауымдастықты оларды қалай тиімді пайдалану мен ұдайы жаңғырту жайлы терең ойлануға мәжбүрлеуде.  

Қазақстан минералдық ресурсының қоры жағынан әлемдік көшбасшылар қатарына кіреді. Еліміздің шикізат базасы әлемде мырыштың, вольфрамның, бариттың зерттелген қоры жағынан - бірінші, уран, күміс, қорғасын мен хромит бойынша - екінші, алтыннан - алтыншы, мұнайдан – он екінші, табиға газдан он төртінші орында. Қазақстанның өнәркәсіптік өндірісінің шикізаттық құрылымы кешеге дейін ел экономикасының алға басуын қамтамасыз етіп қана қойған жоқ, сонымен бірге жақын болашақта да елдің өсуінің сенімді көзі болып табылады.  Дегенмен, экономикада шикізаттың басымдығы экономикалық дамудың тұрақсыздығына алып келеді.

Осыған байланысты Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 2012-жылдың 14желтоқсанындағы  «Қазақстан-2050 стратегиясы» Жолдауында былай делінген: «Біз табиғи байлымызға деген қарым-қатынасымызды түбірімен қайта қарауымыз керек. Біз оларды сатудан қазынамыздағы кірісті көбейтіп,  дұрыс басқарып үйренуіміз керек, ең бастысы  – елдің табиғи байлығын тұрақты экономикалық дамуға барынша тиімді түрде ауыстырып үйренуімі керек».

Ұзақ мерзімді  «Қазақстан-2050» стратегиясына сәйкес судың үлкен қатшылығы Қазақстан үшін бүгін XXI ғасырдағы тарихи уақыттың зымырауы, демографиялық дисбаланс пен азық-түлік қауіпсіздігінен кейінгі 4-сынақ болып табылады» Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін  2011 жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасы жасалды. Ол кейінірек  Өңірлерді дамытудың 2020 бағдарламасына қосылды.  2020 жылға қарай ауылдық тіректік елдімекендердің жартысынан астамы жерастының таза суымен қамтамасыз етіледі. Бұл қорлар жер бетіндегі су көздерімен бірге басты мақсатқа жетуге – орталықтандырылған сумен жабдықтауды қолжетімді етуге мүмкіндік береді.

Бұл мақсатқа жету жолында – қосымша 1,9 млрд. текше метр суды жинау үшін еліміздің 7 облысында орналасқан  22 жаңа су қоймаларын салу жоспарланған. Бұл - 160-180 мың.га суармалы жерді сумен қамтамасыз ету деген сөз.

Қазіргі уақытта Қазақстанда минералдық шикізаттың 1225 түрі кездесетін  493 кен орыны бар. Еліміз әлемде мырыштың, вольфрамның, бариттың зерттелген қоры жағынан - бірінші , уран, күміс, қорғасын мен хромит бойынша - екінші, мыс пен флюорит бойынша – үшінші, молибденнен – төртінші, алтыннан – алтыншы  орында. Қазақстанның пайдалы қазба байлық қорын геолого-экономикалық бағалау нәтижесі бойынша экономикалық маңыздылығы жағынан ең ауыр салмаққа көмір, мұнай, мыс, темір, қорғасын, мырыш, хромиттер, алтын, марганец ие. Қазақстанда өндірілген қара және түсті металл рудасы экспортқа Жапонияға, Оңтүстік Кореяға, АҚШ-қа, Канадаға, Ресейге, Қытай мен ЕО елдеріне жөнелтіледі.

Уранның зерттелген қоры 1,69 млн тоннаға тең, бұл әлемдік қордың 21 %. Уран сатумен елімізде  1997жылы құрылған «Казатомпром» мемлекеттік компаниясы айналысады.  2010 жылы өндірілген  уран көлемі 17 803 тоннаны құрады.

5. Жаңа таза энергия әлемі

 2040 жылға қарай электроэнергияға деген әлемдік сұраныса 70%-ға артады деп күтілуде.

«Қазақстан 2050» стратегиясында  2050 жылға қарай баламалы және  «жасыл» энергетикалық технологиялар барлық тұтынылатын энергияның 50%  бере алатыны атап өтілді. Қазақстан өзіне БҰҰ-ның ғаламдық конвенцияларының ( Рио-де-Жанейро, 1992), Мыңжылдық саммитінің декларациясын (Нью-Йорк, 2000), және Бүкіләлемдік орнықты даму саммитінің (Йоханнесбург, 2002) ұстанымдарын біріктіру мен  бағдарламаларын жүзеге асыру жайлы міндеттемелерді мойнына алды.  2016 жылы тамызда Қазақстан Үкіметі Париж келісімне қол қойды.

Президент  Нұрсұлтан  Назарбаевтың ұсынысымен 2013 жылы «Жасыл» экономикағы өту Тұжырымдамасы жасалды және қол қойылды. Тұжырымдамада экономиканың ТҮКШ, ауыл шаруашылығы, көлік, жаңғыртылар энрегетика секілді салаларын реформалауға бағытталған басымдыққа ие тапсырмалар тізімі берілді.  

Тұжырымдамаға сәйкес ел энергобалансындағы баламалы энергия үлесін 2020 жылы кәзіргі 1%-дан 3%-ға, 2030 жылы  30%-ға, және 2050 жылы 50% -ға көтеру жоспарланған.

БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 70-ші сесссиясындағы Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасын жүзеге асырудағы негізгі тақырыбы «Болашақ энергиясы» аталған ЭКСПО-2017 мұрасы ретінде  «жасыл» техннологияны дамытатын Халықаралық орталық құру жөнінде жұмыстар жүріп жатыр. Орталық тамаша тәжірибелер өңіріне айналады және  Орталық Азия елдерімен өзара тығыз әрекетті қамтамасыз етеді, ЭӘДҰ, ЕвроОдақ елдерімен. Құрама Штаттармен, ТМД, Қытай, Корея және  басқа да елдермен әріптестікті мүмкін етеді.

Тағы бір ірі жоба – Қазақстан бастамашы болған  және БҰҰ-ның Конференциясында барлық мемлекеттер қолдаған «Жасыл көпір» әріптестік Бағдарламасы болып табылады. Бағдарламаны алға жылжыту   мақсатында  «Жасыл көпірдің» халықаралық 5 ірі конференциясы өткізілді

Республикада «жасыл экономика» бойынша білім тарататын және «Жасыл технологиялардың Халықтық Академиясының» «жасыл» тәжірибелері мен технологияларын көбейтетін Орталық ашылды.  Академия негізінде  15-тен астам «жасыл» технология (күн коллекторлары, құдықтар, пиролиздік пештер, жарықдиодтық лампалар және басқалар), жаңа жобада жасалған екі жылыжай жақсы жұмыс істеп тұр.

6. Цифрлық (сандық) әлем

Қазақстанда мемлекеттік сандық басқарудың жүзеге асырылған  бір түрі  «Электрондық үкімет» болып табылады. Egov шеңберінде  «Ашық мәліметтер», «Ашық БА», «Ашық бюджеттер»,  «Ашық диалог», және «Мемлекеттік органдардың қыззметінің тиімділігін бағалау» деп аталатын 5 компоненттен тұратын «Ашық үкімет»  модулі ендірілді. 

Электрондық үкіметтің порталында 37 миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілген. Заманауи технологиялармен бір трендте болу үшін Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына ұйытқы болды. Оның басты мақсаты – сандық экожүйе мен Қазақстан экономикасының бәсекелестігін прогрессивтік түрде дамыту арқылы халықтың өмір сүру сапасын көтеру болып табылады.  

7.  Болашақ ақшасының әлемі

Қазақстанда криптовалюта мәртебесі ешқандай айқындалмаған. Криптовалютамен операция  «сұр» базарда нақты ақшаға жасалады, бұл алаяқтық операция жасауға мүмкіндік жасайды, сондай-ақ салық салу мүмкіндігін де қалдырмайды. Жаңа технологияның құқықтық базасы болу үшін және жасырын аймақтан шығу үшін  Қазақстан АХҚО (МФЦА) негізінде заңдық іргетас қалап жатыр.

Соның арқасында  еліміз посткеңестік кеңістікте бірінші болып  халықаралық  нарыққа бағытталған криптоюрисдикция болуға мүмкіндігі бар. Криптовалюта майнингі  бұл мақсатқа көп электроэнергия тұтынатын  Дата-орталықтардың қалыпты жұмысы болып табылады.

Қазақстанда ЛЭП-тің жетіспеушілігінен туындаған артық  электроэнергия проблемасы бар (мысалы, Екізбастұз ГРЭС-2). Криптовалюта майнингі  үшін Дата-орталықтарды орналастыру бұл мәселенің бір жағын шешер еді, ол өз кезегінде еліміздің энергетикалық саласына қосымша инвестиция тартады.

8 .Сингулярлық әлем

«Индустрия 4.0» тұрғысынан жастардың прогрессивті адам капиталын дайындау Қазақстанның ішкі мемлекеттік саясатының техникалық айрықшы құзырының бірі болып табылады.

Бұл қосымша 20 мың мемлекеттік білім беру грантын бөлу арқылы расталады, олардың 11-і техникалық мамандықтар бойынша бөлінетін болады. Бүгінгі күні Қазақстанда 13594 студент техникалық ғылымдар мен мамандықтар бойынша білім беру гранты бойынша білім алуда, оның 1030-ы «Ақпараттық технологиялар» мамандығы бойынша білім алады.

9. Ғаламдық қауіпсіздік әлемі

Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан халықаралық процестердің тең құқықты қатысушысы болып қалыптасты. Ашық қоғам салу жолын және Қазақстанның әлем қоғамдастығының бір бөлігі ретінде тіршілік ету принципін таңдап, Қазақстан жаһандық қауіпсіздік сын-қатерлерге қарап шетте тұра алмайды.

Мемлекетте ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету контекстінде сын-қатерлер мен тәуекелдерді бейтараптандыру, сондай-ақ, экстремисттік пен лаңкестік құбылыстардың жалпы мемлекеттік алдын алу жүйесін жетілдіру бойынша ауқымды шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында мемлекеттің қауіпсіздік ахуалы лаңкестік қаупінің өсу жағдайында оның қуат және әрі қарай даму мен әлемнің дамыған елдерінің бірі ретінде болуға қабілет өлшемімен белгіленген.

Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту ісінде басты рөлді атқаратын, қоғамда тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ететін конституциялық орган болып саналатын Қазақстан Халқы Ассамблеясының институты ойдағыдай жұмыс істеп келеді. «Үлкен ел – үлкен отбасы» ауқымды жобаны жүзеге асыру тұтас азаматтық қауымдастықты құру үшін жағдай жасап отыр. Халықтың дің сауаттылығы деңгейінің және кофессияаралық қарым-қатынастың үлесімділігінің өсуіне 2020 жылға дейін дің саласындағы мемлекеттік саясатының тұжырымдамасын жүзеге асыру себепші болып отыр.

Отандық дипломатияның бірегейлі шартқа отыру қабілеті, Қазақстанның жауапты серіктес және қасақана емес медиатор ретінде реномесі келесідей жақында болған жетістіктермен анық расталады:

- Біріккен Ұлтар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдары тұрақты емес мүшелігі;

- Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Сирия жөніндегі Астана процесін қоса алғандағы, халықаралық жанжалды реттеудегі сәтті медиаторлығы;

- Ислам ынтымақтастығы ұйымының алғашқы Ғылым және технологиялар саммитін өткізу;

- Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі;

- МАГАТЭ-нің төмен байытылған уран банкінің ашылуы.

10. Жаңа әлемнің адамы

Бүгінде ел халқының 11%-ы ғана білімдер экономикасы саласында жұмыс істейді, ол жоғары білікті зияткерлік еңбекті, шығармашылық тәсілді және кертартпалыққа негізделген емес тапсырмаларды орындауды меңзейді. Қазақстан ДЭФ ЖБИ- де 2016-2017 жылдарда менеджмент сапасының деңгейі бойынша 138 елден 96-шы орынды иеленіп отыр, персоналдың біліктілігі деңгейі бойынша  – 138- ден 57 –ші орын.

Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға өту жалғасуда. 2017-2018 оқу жылының басынан бастап 15 мектепте бірқатар пәндерді ағылшын тілінде оқыту бойынша сынамалы жоба басталды. Кәсіптік білім беру саласында оның сапасын, қолжетімділігін және беделділігін арттыруға жаңа тәсілдер әзірленген. 2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 141 біліктілік бойынша жаңа модульдік бағдарламалар іске қосылған, онда 3 біліктілікке дейін алу қарастырылған. 10 мамандық бойынша ағылшын тілінде оқыту жүргізіледі.

Елбасының тапсыруымен 2017 жылдан бастап 583 колледжде «Барлығы үшін тегін ТжКБ» жобасы іске асырылуда. 100,8 мың орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылған, о.і.нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 21 мың, шетел әдебиетінің 500 бірлігі мемлекеттік және орыс тілдеріне аударылып, оның ішінде 288 колледждің кітапхана қорын толықтырды.

Дуалды оқыту 80 мамандықтың 165 біліктілігі бойынша 3 055 кәсіпорынның қатысуымен 460 колледжде (2016 жыл – 421 колледж) енгізілген. Контингент 31 607 студентті құраған. Колледж студенттері жұмыс құзыреттер бойынша Worldskills өңірлік және Ұлттық чемпионаттарына белсенді қатысады.

2017 жылы Абу-Даби қ. (БАӘ)  халықаралық чемпионатта Қазақстан 24-ші орынды иеленді. QS WUR әлемнің үздік университеттері рейтингінде 2017 жылы 8 қазақстандық жоо аталған. Үш тілде оқытуды іске асыру үшін оқу пәндерінің 50%-ы оқыту тілінде беріледі, 20%-ы – екінші тілде, 30%-ы – ағылшын тілінде. 76 жоо- да 2,5 мың арнайы топ құрылып, онда 30 мың адам үш тілде оқытылуда.

11. Ұзақ өмір сүру әлемі

Қазақстанда ұлт денсаулығын нығайту еліміздің ұлттық саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың арқасында негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерді жақсарту бойынша оң динамика байқалады.

Бір мезгілде денсаулықты да, және жалпы өмірлік деңгейін де сипаттайтын халықтың болжалды өмір сүру ұзақтығы сияқты маңызды көрсеткіш біртіндеп өсіп келеді - өмір сүру ұзақтығы  6 жылға артты (2007 жылы – 66,38 жасқа, 2016 жылы – 72,41), жалпы өлім-жітім көрсеткіші 30%-ға,  ана мен бала өлімі - 4 және 1,8 есеге, туберкулезден өлім деңгейі - 6 есеге төмендеді.

Бұл денсаулық сақтау саласындағы жобаларды іске асыру жөніндегі жүйелі жұмыстардың нәтижесі болып табылады. Мемлекет әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін құру, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету жөнінде жұмыстарды жалғастырды.

Бүгінгі күні мемлекеттік клиникаларды ескере отырып, 1380 медициналық ұйым тегін көмек көрсетеді. Сатып алу процесінде ұсынылған өзгерістер арқасында 2018 жылы бүкіл Қазақстан бойынша 602 жеке медициналық ұйымдар халыққа тегін қызмет көрсетеді, бұл барлық медициналық мекемелердің 40% -ын құрайды. 2017 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін қызметтерді алғаш рет Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сатып алды.

Азаматтардың денсаулығын қорғаудың ең пәрменді және тиімді шараларының бірі тұрақыт жүргізілетін скрининг болды. Қатерлі ісіктерді ерте анықтау нәтижесінде онкологиялық аурулардан болатын өлім көрсеткіші қатерлі ісік ауруы 2013 жылы 100 мың адамға шаққанда 99,49-дан 2016 жылы 100 мың адамға шаққанда 88,79-ға дейін төмендеді.

Айта кетейік, Астана экономикалық форумы аясында аталған  11 трек бойынша панельдік сессиялар өтеді. Биыл форум  жылдағыдай  екі емес үш күнге созылады.

Естеріңізге салсақ,  ең алғаш рет Астана экономикалық форумын өткізу жөніндегі ұсыныс ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Еуразиялық қоғамдастықтың экономикалық интеграциясына жәрдемдесуге және халықаралық экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубын құру жөніндегі бастаманы жариялау кезінде айтылған болатын. Нәтижесінде, І Астана экономикалық форумы 2008 жылдың 26-27 маусым күндері өткізіліп, Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы құрылды.

Айта кетейік, Астана экономикалық форумы – Еуразияның жыл сайынғы орталық іскерлік оқиғасы.Конгрестің 10 жылдық жұмысында оған әлемнің 150 елінен шамамен 50 000 делегаттар, олардың ішінде – 20-дан астам Нобель лауреаттары және 30 жоғары деңгейлі шетел саяси қайраткерлері қатысқан.Конгресс шеңберінде 20 млрд. АҚШ доллардан асатын сомаға 300 астам меморандум және келісім жасалған.

Аягөз Құрмаш 




Яндекс.Метрика