Адами капитал

Жұмыспен қамтудың жарты жылдық жоспары 101 пайызға орындалды – министр

Жұмыспен қамтудың жарты жылдық жоспары 101 пайызға орындалды. Бұл туралы 2018 жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бойынша өткен Үкімет отырысында мәлім болды.
Астана қаласы10 Шілде , 16:53

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі   Мәдина Әбілқасымова  2018 жылы Бағдарламаны іске асыруға  110,6 млрд. теңге бөлінді. Бұл 571 мың азаматқа жұмыспен қамту шараларын көрсетуге мүмкіндік беретінін жеткізді.

«Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша 290 мыңдай жұмыссыз және нәтижесіз жұмыспен қамтылған азамат жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз етілді немесе жартыжылдық жоспары 101 пайызға орындалды. Олардың 243 мыңы жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 158 мың адам немесе 66 пайызы тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа тұрды», - деді М.Әбілқасымова.

Министр бағдарламаның  бірінші бағыты еңбек нарығына қажетті кәсіптер бойынша жаппай оқыту екенін айтып өтті.

«Біріншіден, 2017 жылдан бастап алғашқы мамандық алуға жоғары оқу орнына түспеген мектеп түлектеріне тегін техникалық және кәсіптік оқу мүмкіндігі берілуде. Биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап тағы да 21 мың жас колледждерде оқуын бастайды. Екіншіден, колледждер мен «Атамекен» ҰКП оқу орталықтарының базасында 37,2  мың жұмыссыз бен өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамды оқыту жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа 7,8 млрд. теңге көзделген. 1 шілдедегі жағдай бойынша 30 мыңдай қатысушы оқуға жіберілді. Бұл жылдық жоспардың 80 пайызын құрайды», - деді ол.

Министр атап өткендей,  бағдарламаның басты көрсеткіші оқытудан соң еңбекке орналастыру болып табылады.

«Бағдарлама қатысушылары қажетті техникалық мамандықтар, қызмет көрсету саласы, сондай-ақ қонақ үй ісі мен қоғамдық тамақтану салалары бойынша оқытылды.  17 мыңнан астам адам – тігінші, шаштараз,  машинист, электр-газ дәнекерлеуші, кондитерге оқытылды.Бағдарламаның екінші бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Мемлекет басшысының Төртінші әлеуметтік бастамасы аясында шағын несие бағдарламасын кеңейту үшін 2018 жылы бағдарламаны қаржыландыру көлемі 20 млрд. теңгеге көбейтілді, қазір 62,6 млрд. теңгені құрайды. Ауылдық жерлерде несие беруге 45,3 млрд. теңге жұмсалатын болады немесе бөлінетін қаражаттың 72 пайызы, қалаларда 17,3 млрд. теңге немесе 28 пайыз. 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жарты жылдық жоспардың 90 пайызы игерілді», - деді ол.

Сондай-ақ,  ауыл шаруашылығы жобаларының ерекшелігіне және маусымдық сипатына қарай қаржыландыру жоспары бойынша екінші жартыжылдықта 76 пайызды немесе 47,8 млрд. теңгені игеру жоспарланып отыр.

«Жылдың басынан бері 3 027 шағын несие берілді, оның ішінде Start-up жобаларын қолдауға – 1 567 шағын несие, жаңа бағыт зәкірлі кооперацияны дамытуға – 74 шағын несие және жеке бизнесті кеңейтуге – 476 шағын несие бөлінді. Ауылдағы шағын несиелердің орташа саны – 3,6 млн. теңге, қалаларда – 11 млн. теңгені құрайды. Жалпы, шағын несие алушылар қосымша 1808 жұмыс орнын құрды. «Шағын несие беру бойынша Алматы қаласында жақсы деңгейде жұмыс жүргізіліп отыр. Бұл жерде жылдық жоспардың 90%-ы берілген», - деді М.Әбілқасымова.

Жалпы биылғы жылы 14 мыңнан астам адам шағын несиемен қамтылады деп күтілуде.

«2018 жылы «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша бизнесті жүргізуге 30 мың азаматты оқыту жоспарланған. Бұл мақсатқа 2,4 млрд. теңге көзделіп отыр. Ағымдағы жылдан бастап ауыл тұрғындары ғана емес, шағын және моноқалалардың тұрғындары оқудан өте алады. 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 12,2 адам немесе 43%-ы кәсіпкерлік негіздерін оқытылды. Олардың ішінде 5 мың қатысушы өз бизнес-жобаларын қорғап шықты. Биылғы жылы  өткен жылғы «Бастау-Бизнес» қатысушыларының  жобалары ерекше бақылауға алынған. Олар бірінші кезекте қаржыландырылатын болады. Сөйтіп, нысаналы деректер Бағдарлама операторларына жеткізілді», - деді министр.

Ал, 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 2017 жылы оқыған 3 217 адамның қатарынан 720 адам шағын несие алды.

«Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде әлеуметтік осал халықты жұмыспен қамту және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру бойынша мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі. 2018 жылғы жоспарға сәйкес әлеуметтік жұмыс орындары мен қоғамдық жұмыстарға 91,3 мың адамды орналастыру жоспарланды. Биылғы жылғы 1 шілдеге 71,2 мың адам жұмысқа орналасты немесе жылдық жоспардың 78 пайызы орындалды», - деп атап өтті министр.

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов  бағдарлама әсіресе ауылдарда кәсіпкерлік әлеуеттің дамуы, өз ісін ашу және жүргізу үшін қажетті жағдай тудырғанын айтты.

« Жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға және бизнеске салалық шектеулерсіз бизнес жобаларды іске асыруға жеңілдікті шағын несие алу мүмкіндігі ұсынылған.Бағдарлама шеңберінде қалалардағы шағын несие беру 2017 жылы алғаш рет іске асырылды. Шағын несиелендірпу сұлбасына екінші деңгейдегі 7 банк және 2 шағын қаржы ұйымы тартылған. Қалалардағы шағын несиелендірудің жалпы портфелі өткен жылғы қаражатты ескере отырып 24,3 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде 2017 жылғы қаражат – 11,9 млрд. теңге және 2018 жылғы қаражат – 12,4 млрд. теңге, оның ішінде 6,1 млрд. теңге Елбасының бес әлеуметтік бастамасы шеңберінде қосымша бөлінген», - деді ол.

Мысалы,  2017 жылғы қаражат бойынша 1 006 жоба 11,1 млрд. теңгеге қаржыландырылды.

«Бұл Бағдарлама қатысушыларының 7,6 млрд. теңгеге өнім шығаруына, бюджетке 299 млн.теңге сомасында салық төлеуіне мүмкіндік берді. Қолдауға ие болған жобалар есебінен 706 жұмыс орны сақталып қалынды, қосымша 116 жаңа жұмыс орны құрылды.Экономика салаларының бөлінісінде қарыз алушылардың көп бөлігі сауда, қызмет көрсету, өңдеуші өнеркәсіп және құрылыс салаларында  қызмет атқарады.Қазіргі уақытта 2018 жылғы қаражат есебінен 2,6 млрд.теңге сомасына 226 жоба мақұлданды және қаржыландырылды, 3,4 млрд.теңге сомасында жобалар екінші деңгейдегі банктердің қарауында. Ағымдағы жылы 3 000 жобаны қаржыландыру бойынша міндет қойылған», - деді  ол.

Сонымен қатар, жеңілдетілген шарттар бойынша шағын несие ұсынумен қатар, кепілдікпен қамтамасыздандырудың жеткіліксіз болған жағдайында мемлекет тарапынан әлеуетті кәсіпкерлер үшін кепілдікті қамтамасыз ету мүмкіндігі бар.

Қазіргі уақытта 2 млрд.теңге сомасына 355 кепілдік шарты, соның ішінде 2017 жылы 967 млн.теңге сомасына 172 шарт, 2018 жылы 1,03 млрд.теңге сомасына 183 шарт жасалды. Іс жүзінде әрбір үшінші қарызға кепілдік беріледі.

Өз кезегінде,  Білім және ғылым  вице-министрі Бибігүл Асылова  бағдарламаға 20,5 мың адам оқитын 320 колледж тартылған, оның ішінде 9 сынып базасында - 15,2 мың адам, 11 сынып базасында - 5,3 мың адам бар екенін айтты.

« Колледждерге қабылданған студенттерден 60% азаматтың халықтың әлжуаз топтарынан. Бағдарламаны іске асыру аясында сонымен қатар еліміздің 5 өңірінде шалғай елді мекендерден азаматтарды оқыту үшін 10 мобильді оқыту орталықтары жұмыс істейді. 2018 жылдың сәуір айынан бастап мобильдік орталықтар базасында 337 адам оқытыла бастады, 143 адам оқытылды, оның ішінде 93 адам (65 %) жұмысқа орналастырылды», - деді Б.Асылова.

Биыл шілде айының басындағы жағдай бойынша тек Ақтөбе облысында 195 адам оқытылып шығарылып, 40% деңгейінде жұмысқа орналастырылды, әкімдік бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырып жатыр. Қалған өңірлерде түлектер 2019 жылы шығарылады.

«Бағдарлама іске асырыла бастаған сәттен бері өңірлері қажеттіліктері аясында кадрларды даярлау мемлекеттік тапсырысы қайта құрылымдастырылды. Бағдарлама аясында мемлекеттік тапсырыстар көлемін өңірлік комиссиялар, кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңестер бекітті. Талдау көрсеткендей, бағдарлама бойынша кадрлар даярлау қалыптасқан трендпен салыстырғанда, сервис саласы үшін 17,6%, ауыл шаруашылығы - 10,2%, көлік – 13,2,  құрылыс –  5,5 %, отын-энергетика кешені – 3,9 %, АКТ – 3%,  базалық индустрия – 4,8 %, туризм – 1%, сауда – 0,6% ұлғайды», - деді вице-министр.

Министр атағандай,  оқу процесіне 246 модульдік оқу бағдарламаларын енгізумен кадрлар даярлау мазмұны өзгертілді.

«Бүгінгі таңда колледждер 100% осы оқыту бағдарламаларымен қамтылған. Бағдарлама қатысушылары үшін шәкіртақы, бір реттік ыстық тамақ пен 4 АЕК көлеміндегі жолақы қарастырылған. Аталған бағдарламаны қаржыландыруға республикалық бюджеттен қосымша 17,2 млрд. теңге бөлініп, жергілікті бюджеттерге трансфертпен жіберілді», - деді ол.

Сондай-ақ, 2018-2019 оқу жылында күтіліп отырған қабылдау 21,3 мың адам. 318 білім беру ұйымынан тұратын тізім айқындалды.  Бағдарлама аясында оқушыларға қабылдау бойынша жұмыстар облыстар мен қалалар әкімдіктерінің тұрақты бақылауына алынған.

Аягөз Құрмаш 




Яндекс.Метрика