Сараптама

Құқықтық мемлекет: "Бір кінәсізді соттағанша, 10 кінәліні ақта"

Эксклюзив
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: - «Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарих­тың шаңында қалады», - деп айтылады. Құқық қорғау органдарына да жаңару керек. Ол үшін «100 қадам» Ұлттық жоспары қабылданды. Оның екінші реформасында - әділ сот төрелігі және құқық қорғау жүйесі адамдардың құқығы мен бостандығын қорғауды, құқықтық тәртіпті нығайтып, заңдардың мүлтіксіз орындалуын көздейді деп Елбасы шегелеп айтты.
Нұр-Сұлтан27 Наурыз , 18:12

Қылмыстық құқықтың қазіргі даму үрдістері, цифрлық технологияларға жаппай көшу, сондай-ақ, беделді халықаралық институттардың берген бағасы қылмыстық процесті одан әрі модификациялау және оны электронды форматқа көшіру қажеттілігін көрсетеді.

 «Қазақстан 2050» Стратегиясының басты мақсаты – 30 үздік елдің қатарына кіру. Ол үшін бірқатар индекстер бойынша позициямызды көтеруіміз керек.

Құқық қорғау саласында маңызды индикаторлардың бірі – «Құқық үстемдігі» - «Верховенство права». Оны «The World Justice Project» тәуелсіз үкіметтік емес ұйымы құрайды.

Оның ең негізгі көрсеткіштерінің бірі – қылмыстық сот төрелігі. Сарапшылар мен қоғамдық пікір сауалнамасы негізінде тергеудің сапасына, күштік құрылымдар мен соттардың бейтараптығына, онда жемқорлық бар ма, жоқ па, қылмыстық процесте адам құқығы сақтала ма, жоқ па, осыған қарайды.

Қазір бұл индексте 126 ел бар. Осы жылы Қазақстан позициясын жақсартып, 65 орынға табан тіреді. ТМД елдерінен Грузия 41, Беларусь – 66, Қырғызстан 85 және Ресей 88, ал Өзбекстан 94 орында.

Рейтингтің көшбасшы, негізінен, ЭЫДҰ елдері.

Бұл кездейсоқтық емес. Басты қағидаттары – әділдік және адам құқықтарын қорғау, қылмыстық процесті рационалды басқару және мемлекет бюджетіне мұқият болу.

ЭЫДҰ елдері қылмыстық процесті - биліктің адам құқықтары мен бостандықтары көбірек бұзылатын жоғары қауіпті аймағы екенін түсінеді. Дәл осы жерде мемлекеттік мәжбүрлеу аппаратының барлық күші жұмыла түседі. Адамдарды еркіне қарсы тінтуге, оқшаулауға, ұзақ қамауға ала алады. Кәсіпкердің шотына тоқтам салады, активтерін бұғаттайды, бизнесіне қауіп төндіреді. Осының барлығы соттың шешімінсіз жасалады.

Қылмысты ашу көрсеткішін өсіруде азаптау мүмкіндіктері артады. Жабық орындарда керекті айғақтарды алу үшін  адамның ерік-жігерін, арын таптау әрекеттеріне дейін бару қаупі жоғары. Бұл күдікті үшін үлкен стресс, жәбірленушіге де, олардың жақындарына да аса ауыр соққы.

Сондықтан, ЭЫДҰ елдерінде қылмыстық процестің базалық қағидаттары тарихи нығая түскен. 200 жылдан бұрын кінәсіздік презумпциясының: «бір кінәсізді соттағанша, 10 кінәліні ақтаған артық» деген негіз қалыптасқан. Онда адамдар полиция мен прокурорлардан қорқып өмір сүретін болса, олар сот әділдігіне күдікті болса, өз мемлекеттеріне сенбейді және елінің дамуына үлес қоспайтынын олар баяғыда түсінген.

Осындай түсінікті негізге ала отырып, олар құқық қорғау және сот органдары жұмысының жалпы тәсілдерін дайындады.

Біріншісі – қоғамдық мүдде мен адам құқығын қорғау арасындағы теңгерім. Күдіктінің, жәбірленушінің, куәгердің құқығын таптай отырып, қоғамды қылмыстылықтан қорғауға болмайды.

Екіншісі - тепе-теңдік пен тежемелілік жүйесі. Биліктің басынушылығына жол берілмейді. Бір органның әрбір құзіретіне келесі бір органның тиімді шектеуі бар.

Үшінші ұстаным - сапалы және уақытылы сот төрелігі. Саяси өзгерістер құқықтық мемлекеттің іргетасы - адамның құқығы мен бостандықтарын шайқалтпауы, озбырлыққа жол бермеуі тиіс.

ЕЫДҰ елдерінде жаппай жұмыс жасайтын қылмыстық процесс моделі осы ұстанымдар негізінде әрекет етеді.

Барлық қылмыстық процесс оларда 3 кезеңге бөлінеді:

 1. Қылмыстарды анықтау және іс жүзіндегі мәліметтерді жинау;

2. Дәлелдемелерге баға беру, іс-әрекетті квалификациялау, күдік пен айып тағу, процессуалдық мәжбүрлеу шарасын таңдау;

3. Тұлғаның кінәлі немесе кінәлі еместігі туралы шешу.

Әр саты – әртүрлі органдардың жауапты саласы: полиция, прокуратура, сот. Олардың әрбірінің нақты құзіреттері бар.

Полиция қылмыс болған жерді қарап тексереді, түсінік алады, сараптама тағайындайды, дәлелдемелер жинайды. Жинақталған материалды прокурорға өткізеді. Полиция маңызды шешім қабылдамайды. Ол:

а) кімді күдікті деп тану жөнінде;

б) іс-әрекетті квалификациялау бойынша;

в) қамауға алу үшін сотқа жүгіну қажет пе, жоқ па;

г) тінтуге, алып қоюға, мүлікке, банк шоттарына тыйым салу үшін соттан санкция алу керек пе, жоқ па, оны өз бетінше шешпейді.

Полициядан басқа тергеу функциялары басқа органдарда да – кеден, шекара, әскери және т.б. бар.

Екінші кезеңде прокурор іске қосылады. Ол дәлелдемелерге баға береді, квалификациясын анықтайды, полицияға нұсқау береді. Тек прокурор ғана соттан тінтуге, тыңдауға, активтерге тыйым салуға, қамауға алуға санкция сұрай алады. Егер негіз болса - нақты тұлғаға күдік пен айып тағады, сосын оны сотта дәлелдейді. Шын мәнінде, процесті басқару, маңызды шешімдер қабылдау – ол прокурордың ғана ерекше құзіреті.

Соттың екі функциясы бар.

Тергеп-тексеру сатысында судья адам құқықтарын шектейтін әрекеттерге санкция беру туралы мәселені шешеді.

Талқылау  сатысында – адам кінәлі немесе кінәлі емес деп үкім шығарады. Егер кінәлі болса, оған жаза тағайындайды.

Бұл жалпы танылған үлгі. Әрбір сатының тиімді сүзгілері бар. Сот төрелігінің қателіктері азаяды. Мемлекетті басқару сияқты, ЭЫДҰ елдерінің қылмыстық процесі де өкілеттіктерді бөлу және қарама-қайшылық жүйесі қағидатына негізделген. Бұл қателіктерге немесе барлық процестің айыптауға бейімделуіне мүмкіндік бермейді.

Нәтижесінде, орта есеппен халықтың 80% астамы сотқа және құқық қорғау органына сенеді.

Осы іргелі негізді басшылыққа ала отырып, ЭЫДҰ елдері өз процесін одан әрі тиімді етуге және уақыттың жаңа талаптарына жауап беретіндей етуге тырысуда. Олар мұны қалай жасайды?

Әр сатыда қызметті бағалаудың 4 өлшемшартын пайдаланады:

-сапаға бағдарланған;

-асыра пайдалануды жою;

- уақытында орындау және жеделділік;

- үнемділік.

Бұл міндеттер ақылды көрсеткіштер жүйесі арқылы шешілуде.

ЭЫДҰ елдерінде қылмыстық процестің мақсаты – сапалы және уақтылы сот төрелігі. Әр орган тек осы бір мақсатқа қол жеткізуге бағдарланған. Бізде әр органның іс әрекеті ведомстволық көрсеткішпен айқындалады.

Тиімді және әділ сот төрелігін құруға ұмтылған барлық мемлекеттер ЭЫДҰ елдерінің көпшілігімен қабылданған қылмыстық процестің үлгісін пайдаланады және өзіне бейімдейді.

Біздің құқықтық сала да осы ЭЫДҰ елдерінің  моделі мен стандарттарына көшуде. Мақсатымыз – елдегі құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтарымыздың қауіпсіздігін одан сайын жақсарту. Сөйтіп, әділетті, мықты, ашық, адам құқығына ерекше мән беретін демократиялық мемлекет құру. Әрине, осы жжұмыстың барлығы біздің Конституция мен құқықтық жүйенің ерекшеліктерін ескере отырып жасалуда.

Сондықтан халықаралық тәжірибеге сүйеніп және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес қылмыстық процес келесі жолмен жаңғыртылуда:

-полиция мен прокуратураның функцияларын нақты ажырату;

-тепе-теңдік пен тежемелілік жүйесін жақсарту;

-жарыспалылықтың тиімді элементтерін енгізу;

-қылмыстық процесті тиімділік пен үнемділікке бағыттау;

-қылмыстық істі электронды форматқа көшіру.

Ол үшін:

1. Адам құқығына әсер ететін шешім қабылдау бөлігінде полиция мен прокуратураның функцияларын нақты бөлу.

2. Сот бақылауын күшейту.

2015 жылдан бастап жасырын тергеу амалдарынан басқа санкциялар тергеу судьясына берілді. Сот қана адам құқығын шектей алады деген принципті толық қолдаймыз.

Тараптардың – қорғаушы мен айыптаушының сайыстылығы қағидасын іске асырылды. Бұл ЭЫДҰ елдеріндегі сот төрелігінің негізгі тәсілі.

4. Дамыған технологиялар заманында процестің «цифрлы» болуы міндетті. Бас прокуратура Жоғарғы Сотпен бірлесіп «Зандылық» электрондық бағдарламасын іске қосты. Ол соттардың және мемлекеттік айыптаушылардың жиі жіберетін қателерін табады. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған Қылмыстық құқық бұзушылық картасы жұмыс істейді. Онда қылмыстың уақыты мен орны, нақты ауданның елді-мекеніндегі қылмыстар  онлайн көрінеді.

Цифрлық формат шешімді жеделдетеді, заң бұзуға жол бермейді және процеске қатысушылардың құқығын қорғауды жақсартады. Сыбайлас жемқорлық пен асыра пайдаланушылықты азайтады.

Одан басқа, қылмыстық процесті және барлық құқық қорғау жүйесін цифрландыру қызметкерлердің көп бөлігін босатуға алып келеді, өйткені олардың қызметтері автоматтандырылады.

Бір сөзбен айтсақ, қазақстандықтардың өмірі қауіпсіздік жағынан жыл сайын жақсарып келеді.

Әрине, барлығы жақсы, ойдағыдай деп айту қиын. «Көш жүре түзеледі» демекші, әліміз келмей немесе тәжірибеміз жетпей жатқан мәселелер баршылық.

Қоғам болған соң пікір де көп. Амнистия жиі болып кеткен жоқ па? Сондай-ақ, қылмыс азайды ма? Түрмедегілерді жаппай ерте босатсақ ертең өзімізге қауіп болмай ма? деушілер аз емес.

Бірақ, 25 жылдың қылмыс динамикасына үңіліп қарайықшы.

Егемендік алғанда қандай ауыр жағдайға тап болғанымызды білесіздер. Қылмыс та күрт өсті.

Оған қоса сталиндік репрессиядан қалған көптеген колонияларда бүкіл Союздан 100 мың адам отырды. Босағаннан кейін көбісі осында қалды. Бұл да қылмыстық ахуалға теріс әсер етті.

Сонда Елбасы құқық қорғау қызметін өз қолына алды. Сол кезден жағдай жақсара бастады. Ол 20 жыл бойы жалғасуда. Кісі өлтіру 3 есе, денеге ауыр зиян келтіру 3 есе, разбой 5 есе азайды. Қоғам қауіпсіздігі осы қылмыстармен бағалайды.

27 жылда түрмедегілер 105 мыңнан 32 мыңға дейін азайды. 3 есе. 2 жылда 8 колония жабылды. Әлемдік түрме рейтингте позициямыз 3-орыннан 82 дейін жақсарды.

«Глобальный индекс миролюбия» рейтингінде Қазақстан 2018 жылы 163 елдің ішінен 70 орын алды. Бұл ТМД ең үздік көрсеткіштердің бірі.

Осының барлығы Елбасының саясатының нәтижесінде жүзеге асты. Тәуелсіздік жылдарында оның бастамасы бойынша қылмыстық-құқықтық саладағы реформалар жүргізілді. Соның нәтижесінде елімізде қоғамдық-саяси тұрақтылық пен қауіпсіздіктің жоғары деңгейі сақталуда.

Қайсар Ноғаев

Оқи аласыздар: 

Бір белдеу, бір жол: Жібек жолындағы жүздесу

Назарбаев моделі

Ауыл шаруашылығы: Жаңа министр ескі проблемалар туралы айтты

ИИДМБ қорытындылары

Қазақстан мен Вьетнам қарым-қатынасы Сенатта талқыланды

 




Яндекс.Метрика