Шолу

Отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттігін арттыру қалай жүзеге асырылуда

Отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттігін арттыру жұмыстары белсенді жүзеге асырылуда. Бұл туралы бүгін Ақпарат және коммуникация министрлігінің халыққа есеп беру кездесуінде министр Дәурен Абаев мәлімдеді. Сондай-ақ министр «Рухани жаңғыру» аясында да ақпараттық бірталай жұмыстар атқарылғанын атап өтті. Отандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттігін арттыру саласында атқарылған жұмыстар мен жоспарлар туралы Strategy2050.kz АА әзірлеген шолудан оқи аласыздар.
Астана қаласы16 Мамыр , 13:12

Айта кетсек, 6 мамыр Ақпарат және коммуникация министрлігінің құрылғанына  2 жыл толды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ, коммуникация қызметтерін дамыту бойынша нақты мақсаттар қойды. Олар қазір жоспар бойынша жүзеге асырылып жатыр.

Ақпарат және коммуникация министрі  Дәурен Абаев   2017 жылғы атқарылған жұмыстар  мен алдағы жоспарларды  баяндады.

«Алдымен , мемлекеттік сектордың ақпараттық жұмыс сапасы артты. Ондаған тараулардың  орнына бірыңғай республикалық медиажоспар қабылданды. Осылайша, атқарылып жатқан мемлекеттік реформалар  туралы халыққа тиімді ақпарат таратуға жол ашылды. Мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың сапасын арттыру үшін бірнеше нормативтік бастамалар қабылданды. Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс заң бойынша мемлекеттік   сатып алудан алынып тасталды.  Алайда, арнайы қағида қабылданды.  Осылаша, БАҚ құралдарын іріктеу процесін қоғамдық ұйымдардың ашық бақылауына мүмкіндік  пайда болды. Ал, мемлекеттік ақпараттық тапсырысқа жоғары талаптарға сай БАҚ өкілдері ғана қатыса алады», - деді Дәурен Абаев.

Министр отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттігін арттыру бойынша да  мақсатты біршама істер атқарылғанын айтты.

«Біз тек қана отандық көркем-деректі фильмдерді көрсететін Еларна киноканалын аштық. 2017 жылы  мемлекеттік тапсырыс аясында  40 сериал түсірілді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішткен екі есеге артық. Көрермен назарын өзіне аударған кейбір телехикаяларды өз елінде көрсету құқығын  Қырғызстан, Қытай, Ресей және өзге де елдер сатып алды. Барлық қазақстандық телеарналарды онлайн түрде көрсететін Galam TV

 жұмысы жаңартылды. Биыл аймақтардағы аналогтық хабар таратуды кезең-кезеңдеп тоқтата бастаймыз», - дейді Дәурен Абаев.

Министр айтып өткендей,  еліміздің ақпараттық нарығын  оңтайландыру  мақсатында имиджік шараларды өткізілді. Телевизиялық  журналистрге   арналған  «Тұлпар» сыйлығы екі мәрте өткізілген болатын.

«Осы жылдың маусым айында БАҚ өкілдерінің кәсіби меркесі аясында  интернет және баспасөз  журналистеріне арналған  «Үркер» сыйлығы табысталады. Сондай-ақ,қазақстандық  БАҚ басты оқиғалардың бірі саналатын  Astana Media Week  медиа апталығы  шарасын өткізу дәстүрге айналды. «Рухани жаңғыру» аясында министрлік «100 жаңа есім» жобасын жүзеге асырды. Оның  ішінде әлеуметтік табысқа жеткен тұлғалар  дауыс беру арқылы таңдап алынды. Өткен жылдың  1 желтоқсанында олар Елбасымен кездескен болатын», - деп атап өтті Д.Абаев.

Сондай-ақ, министр «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына енгізілген   өзгертулер туралы айтып өтті.

Олар:

-зорлық көрген немесе басқа да құқықбұзшылықтардан зардап шеккен балаларды қорғау мақсатында олардың  бет-жүзін және балаға қатысты ақпараттарды жариялауға тиым салынды;

-көпшілік шоғырланған жерлерде мемлекеттік органдар мен ұйымдар  тек қана отандық телеарналарды көрсету қажеттілігі туралы міндеттеме берілді;

-әрбір мемлекеттік органда БАҚ құралдарымен  өзі іс-қимылды жетілдіртетін сенімді тұлға немесе бөлім жұмыс атқарады. Бұл меморгандар мен БАҚ арасындағы әріптестік қарым-қатынасты орнатуға мүмкіндік береді;

-белгілі бір төтенше жағдайда өкілетті орган  3 сағат ішінде сол жағдай туралы жан-жақты ақпарат беретін хабарлама жариялауы қажет;

-Заңда «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын сәтті жүзеге асыруға негізделген кешенді нормалар енгізілген;

Министр  мемлекеттік ақпарат жүйелерінде жобалау және сараптайтын жобалар бар екенін де алға тартты.

«Балаларды интернеттегі диструктивті ақпараттан қорғау үшін өткен жылдың аясында  министрлік «Болашақ» қауымдастығы мен байланыс операторларымен бірігіп «Білім беру» интернет жобасын іске қосты. Бұл жобада  3500 астам сайт бар. Балаларға арналған қауіпсіз интернет сервистері, танымдық жобалар қарастырылған», - деді Д.Абаев.

Сондай-ақ, министрге өңірлерден онлайн қосылған БАҚ өкілдері өз сұрақтарын жолдады.

Мәселен, Алматы облысынан «Жетісу» теларнасының өкілі  өңірде БАҚ  тиімді жұмыс жасап тұрғанын айтты. Алайда, облыстық радио мәселесі  2-3 жылдан бері шешілмей келе жатыр. «Облыстық әкімшіліктен барлық жағдай жасалған,  2016 жылы радионы қосу туралы арнайы куәлік алғанбыз. Алайда, оның жиілік мәселесі 2-3 жылдан бері шешілмей келеді. Облыста  2 млн адам болса, олардың бәрі телевизия мен сайттың алдында отырған жоқ,  сондықтан  тыңдайтын радио ашып берейін дегенбіз», - деді өңірлік өкіл.

Ол осы мәселеге ықпал етуді сұрады.

Бұл сұраққа Дәурен Әскербекұлы  бұл сұраққа  «2017 жылы радиожелілерге қатысты конкурс өткізілген болатын, алайда оған  сіздерден қатысуға өтініш келген жоқ. Биыл өткізілсе, қатысуыңызға болады. Назарға аламыз» деп жауап берді.

Сондай-ақ, Жамбыл облысынан сөйлеген өкіл кадр мәселесін қаузады. Грант мәселесі журналистикаға бөлу қалай болып жатыр, мектепте оқитын оқушылар мен студенттерге гранттардың саны  қалай бөлініп жатқанын сұрады.

Дәурен Абаев Білім министрлігімен жұмыс жүргізіліп жатқанын,   алайда мәселе грантта емес, яғни журналистердің санында емес, сапасында екенін жеткізді. 

Өңірлерден кейін есептік кездесуге тікелей қатысып отырған жамағаттың да сұрақтары тыңдалды. Мәселен, El.kz порталының бас редакторы Бэлла Орынбет деректер базасы, оның ішінде  Zero жүйесі сарыжағал басылымдардың көбейіп кетуіне ықпал ететінін айтты. Осы орайда ол  «контенттің сараптамасын дайындайтын, оның   сапасына қарайтын  отандық жүйені неге қалыптастырмасқа» деп сұрақ қойды.

Өз кезегінде, Дәурен Абаев «сіз айтқан мәселенің барлығы дұрыс. Біз барлық проблеманы зерттеп, тек интернет саласында ғана емес, жалпы барлық БАҚ бойынша ақпараттық жүйені қарайтын жүйеге келіп қалдық. Осы жылдың соңына дейін ол жүйені ұсынамыз. Бірақ, оған қарсы бола ма, қолдай ма оны білмейміз, алайда жүйені ұсынатынымыз анық» деп жауап қатты.

Сондай-ақ, есептік кездесуде өңірлерді интернетпен қамту және БАҚ-ты цифрландыру бойынша мәселелер қаузалды. Шараға бұқаралық ақпарат құралдарына қатысы бар өкілдердің барлығы қатысты.

Аягөз Құрмаш




Яндекс.Метрика