өзбекстан

  • Ташкентте Қазақстан-Өзбекстан бизнес форумы өтті 13 Наурыз 20:18 ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев және Өзбекстан Инвестициялар және сыртқы сауда министрінің орынбасары Лазиз Кудратовтың қатысуымен "Қазақстан-Өзбекстан" бизнес-форумы өтті.
  • Қазақстан мен Өзбекстан: өзара тиімді әріптестіктің жаңа кезеңі 12 Шілде 10:14 2018 жылдың 15 наурызында Қазақстандағы Өзбекстан жылының ресми ашылу рәсімі өткен болатын. Осы оқиға – қазақ-өзбек қатынастары жаңа белесінің бастауы деуге де болады, себебі бұл екі ел арасындағы достық пен татулықтың дамуының көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар бүкіл өңірдің экономикалық және саяси серіктестігін нығайтуға зор үлес қосатын айтулы үдерістің бастамасы.Одан бұрын, 2017 жылдың наурызында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзеев Астанаға ресми сапармен келсе, қыркүйек айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Ташкентке барып қайтқан болатын. Оған қоса қос астанада бизнес ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бизнес-форумдар өткізілді. Бұл шаралардың басты мақсаты – екі елдің экспорттық, инвестициялық мүмкіндіктерін пайдалану арқылы экономикалық әріптестікті күшейту.



Яндекс.Метрика