Астана - 20 жыл

Астананың 20 жылдығы: мереке кезеңінде қауіпсіздіктің сақталуы

20-31 мамыр аралығында өткен жедел профилактикалық іс-шараны өткізуге Астанада 1,5 мың полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері жұмылдырылды, нәтижесінде 9,5 мың әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде 1,5 мың көші-қон заңнамасын бұзу фактілері анықталды. Осы шара 2-4 шілде аралығында қайта ұйымдастырылады. Астананың 20 жылдығын мерекелеу кезеңінде қауіпсіздік қалай сақталады толығырақ strategy2050.kz АА материалынан оқи аласыздар.
Астана қаласы11 Маусым , 16:52

Орталық коммуникациялар қызметінде Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеуге арналған ҚР Ішкі істер министрлігі қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және мерекелік іс-шараларды өткізу кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді дайындық жұмыстары туралы баспасөз конференциясы өтті.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы  Игорь Лепеха айтқандай,  20-31 мамыр аралығында өткен   ЖПІШ барысында бұрын жасалған 130 қылмыс ашылды, іздеуде жүрген 25 қылмыскер ұсталды. Есірткі заттарын заңсыз сақтаған 21 факті анықталып, 4 килограмнан астам есірткі алынды. 4 мыңнан астам тұрғын үйлер мен өзге де үй-жайлар тексерілді, оның ішінде жалға берілген 400 пәтер, 300-ден астам құрылыс объектілері, 500-ге жуық техникалық қызмет көрсету станциялары тексерілді.

«27 маусымнан бастап 8 шілде аралығында астаналық гарнизон және іргелес аймақтар – Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарының жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына көшірілетін болады. Осы күндері Астана қаласының аумағында қоғамдық тәртіпті қорғауды полицияның күшейтілген жасақтары жүзеге асыратын болады, ал мерекелік іс-шаралар өткізілетін орындарда ішкі істер органдарының басшылық құрамы тарапынан тәулік бойына кезекшілік жасалатын болады», - деді И.Лепеха.

Сонымен қатар пәтер меншік иелерінің коорпоративтерінің, сондай-ақ ұйымдар мен түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындардың қаржылары есебінен тұрғын үй аулаларында, кіреберістерде және т.б. орындарда «Қауіпсіз аула» қағидаты бойынша 6 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылды.

Жұмылдырылған күштер мен құралдарды үйлестіру және басқару мақсатында ІІМ Жедел басқару орталығының базасында мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерінен Жедел штаб құрылатын болады. Осындай штабтар Астанада және барлық өңірлік ІІД-де құрылады. Қылмыстар мен оқиғалар туралы сигналдарға уақтылы ден қою үшін ішкі істер органдарының барлық қалалық, аудандық, облыстық бөліністерінде қосымша жедел-тергеу топтары құрылады.  

Жалпы мерекелік күндері қоғамдық тәртіпті қорғауға барлығы 3,5 мың полиция қызметкері, оның ішінде 1,2 мың Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылатын болады.

Сонымен қатар, ІІМ Орталық аппараты қызметкерлері тарапынан резервтік жиынтық жасақтар құрылады.

Көше қылмыстарына қарсы күрес, шағын аудандарды тәртіпке келтіру, сондай-ақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды күшейтуге ерекше назар аударылады.             

Қару жарақ пен оқ-дәрілерді, жарылғыш материалдарды және қатты әсер ететін улы заттарды сақтау орындарын тексеру бойынша шаралар қабылдануда, қала өмірін қамтамасыз ететін маңызды объектілерді күзету күшейтіледі, «Бәйтерек» кешені тәулік бойы күзетке алынған.

Сонымен қатар, «Рубеж» бекеттерінен бөлек астанаға әкелетін айналма жолдар арқылы көліктердің тексерусіз өтуін болдырмау үшін жол-патрульдік полиция және жедел ден қою арнайы жасақтарынан тосқауыл бекеттері қойылады және астана периметрі бойынша қызмет ету үшін іздестіру топтары құрылатын болады.

Көлік полициясының бөліністері станцияларда, теміржол вокзалдарында және әуежайда қоғамдық тәртіпті күзетуді күшейтуде.        

Сондай-ақ,  төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөліністері мерекелік іс-шаралар өткізу орындарында өрт қауіпсіздігін тексеру үшін іске қосылған объектілерге тексеру жүргізеді. 

Айта кетсек, шиеленіскен жағдайларда, сондай-ақ төтенше жағдайларды жою кезінде ішкі істер органдары мен өрт - құтқару арнайы бөліністері қызметкерлерінің есебінен жедел резервтер құрылады.   




Яндекс.Метрика