Үкімет

Астана болашақта қалай өзгереді

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, әкімдік Астана қаласының 2019-2023 жылдарға арналған жинақы құрылысы жөніндегі кешенді жоспардың жобасын әзірлеп, Үкімет отырысының қарауына ұсынып отыр. Жоба мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген. Жобаның артықшылығы туралы жұмысына білек сыбана кіріскен Астана әкімі Бақыт Сұлтанов айтып берді.
Астана қаласы18 Қыркүйек , 11:48

Бақыт Сұлтанов атап өткендей,  игеру аумағының шекаралары 25 мың жеті жүз гектардан 15 мың төрт жүз гектарға дейін оңтайландырылды және 5 перспективалы құрылыс салу аймағы.

«Халықтың көші-қон және туу көрсеткіштерінің өсуі есебінен халық санының жыл сайын орташа есеппен 2,5 процентке ұлғаюы күтіледі (2023 жылға қарай шамамен 1 млн. 500 мың адам) және 2030 жылға қарай шамамен 2 млн адамға жету жоспарлануда. Болжам бойынша экономика өсімінің жыл сайынғы қарқынының 4 проценттен 6 процентке дейін өсу салдарынан, 2023 жылға қарай елорданың Жалпы өңірлік өнімі 70% процентке ұлғайып, 10 трлн. теңгеден асады», - деді Б.Сұлтанов.

 Бұдан басқа, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 216 мыңнан асып, 37 проценттен астам өседі.

«Өңірлік жалпы өнімде шағын және орта бизнестің үлесі 2023 жылы 57 процентке дейін өседі. (2018 жылы – 50,5%). Экономика мен салық салынатын база өсімінің күтілетін қарқыны Жергілікті бюджет кірісінің 43,7 процентке, 355 млрд. теңгеге дейін ұлғаюын қамтамасыз етеді. Астана қаласынан республикалық бюджетке жыл сайынғы түсімдер 14 процентке, 2018 жылғы 823 млрд. теңгеден 2023 жылы 940 млрд. теңгеге дейін өседі. Сонымен қатар, алдағы 5 жылдың ішінде елорданың дамуына шамамен 6 трлн. теңге жеке инвестиция салынады», - деді министр.

Осылайша, 1 теңге мемлекеттік инвестицияға 4-5 теңге жеке капитал салынатын болады.

Өз кезегінде, бұл әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның кеңеюіне, сондай-ақ тұрғын үй құрылысының өсіміне мүмкіндік туғызады. Аумақтарда белсенді құрылыс салу 2023 жылға дейін шамамен 10 млн. шаршы метр тұрғын үй енгізілімін қамтамасыз етеді. 

Министр айтып өткендей,  көліктендіру деңгейінің 8-9 процентке дейін жыл сайынғы ұлғаюын ескере отырып, 2023 жылға дейін 121 км жол, 2 жол айрығын, 3 көпір, 1 жол өтпесін, 1 тоннель салу және 1 айналма жолды аяқтау жоспарлануда.

«Көлік қаңқасын құру елорда жолдарында көліктік коллапстың туындауына жол бермеуді және қаланың негізгі магистральдарынан 50 процентке жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді. Анықтама: 2020 жылға қарай LRT жобасын аяқтау жоспарланып отыр. LRT желісі 18 станциямен 22,6 шақырымнан тұрады. Жоспарланған жолаушылар айналымы тәулігіне 146 мың адамды құрайды», - деді Б.Сұлтанов.

Министр  нақты шешімді қажетсінетін Астананың өзекті мәселелерінің бірі - нөсерлі кәріз екенін атады.

«2019 жылдың соңына қарай нөсерлі кәріздің қолда бар тазалау құрылыстарын реконструкциялау және жаңаларын салу жұмыстарын өткізу жоспарланады. Бұл 17 мың гектар ауданды қамтуға (Жастар шағын ауданы, Ақбұлақ, Өндіріс тұрғын алаптары, Ш. Құдайбердіұлы даңғылы ауданы, Мыңжылдық аллеясы, «Нұрлы жол» темір жол вокзалы, Әскери қалашық) және жер үстіндегі сулардың кедергісіз кетуіне мүмкіндік береді. Су жинаудың жалпы алаңы 13 мың гектардан 23 мың гектарға дейін өседі, бұл 2030 жылға дейін игеру алаңының 66 процентке (34,6 мың га) немесе 2020 жылға нөсерлі кәріз желісіне ағын сулар алаңның 96,5 процентін (23,8 мың га) құрайды. Халыққа сапалы қызметтермен қамтамасыз ету үшін 150 км сумен қамту желілерін және 81 км су бұру желілерін салу күтілуде», - деді министр.

Министр  атап өткендей,  екінші Жылу электр орталығын кеңейту және қайта жаңарту қосымша 2~2,5 млн. шаршы метр тұрғын және коммерциялық алаңды орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтамасыз етеді. Үшінші Жылу электр орталығының бірінші кезегін салу қаланың батыс және солтүстік бөлігінің жылумен қамтамасыз етеді.

Министр  жылу электр орталығының бірінші кезегін салу қаланың батыс және солтүстік бөлігінің жылумен қамтамасыз ететінін атап өтті.

«Ал қуаттылығы сағатына 418 Гкал үшінші Жылу электр орталығының екінші кезегін салу Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы жоспарланады. Сондай-ақ, 110 кВ үш қосалқы станциясын салуды және кабельдік желіге қайта жайластырумен 110 кВ ауа желілерін қайта жаңартуды көздейді», - деді ол.

Бұл ЛРТ, Мыңжылдық аллеясы, Железнодорожный кентін электрмен қамтуға, қаланың оңтүстік-батыс бөлігінде жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді.

«Газдандыру бойынша бірінші кезеңде 2021 жылға қарай Жылу электр орталықтарындағы су жылытқыш және шағын жеке қазандықтарды, сондай-ақ тұрғын-үй алқаптарын (Көктал, Оңтүстік-Шығыс, Шұбар, Family Village, Garden Village, Өндіріс, Агроқалашық, Железнодорожный, Пригородный, Тельман тұрғын алаптары) газ отынына ауыстыру жоспарланады. Бұл зиянды заттар шығарындыларын 30 процентке төмендетуге мүмкіндік береді», - деді Б.Сұлтанов.

Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында Есіл өзенінің арнасын әрі қарай реконструкциялау жұмысын күшейту жоспарланған.

Өз кезегінде, ИДМ басшысы Жеңіс Қасымбек  құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша  Астана қаласының әкімдігі 295,8 млрд. теңгеге өтініш бергенін жеткізді.

«Магистралды жылу желілері (10,0 млрд. теңге) мен  қаланы абаттандыру бойынша (19,2 млрд. теңге).Министрлік бұл бағыттағы жобаларды әкімдік тиісті бюджеттік өтінім ұсынған жағдайда қарауға дайын.Сумен жабдықтау, су тарту және нөсер жауын кәріз жүйесі бойынша (154,5 млрд. теңге)Әкімдік 154,5 млрд.теңгенің 39 жобасын қосуға ұсыныс берді», - деді Ж.Қасымбек.

Министрлік жалпы алғанда аталмыш жобалардың жүзеге асырылуын қолдайды. Әкімдікке қажетті құжаттарды тапсыру қажет, деді ол.

« Әкімдік 7 жоба бойынша 6,35 млрд.теңгені 2020 жылдан 2019 жылға ауыстыру туралы ұсыныс берді. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтау 2018 жылғы қараша мен 2019 жылдың ақпан айына жоспарланған», - деді ол.  

Ж.Қасымбек айтып өткендей,  министрлік көрсетілген жобаларды қаржыландыру мәселесін Жобалық-сметалық құжаттаманы алғаннан кейін 2019 жылы Республикалық бюджетті нақтылау кезінде қарауға болады деп есептейді.

«Әкімдік қосымша 112,1 млрд.теңге қосуды ұсынды. Ол сатып алу құқығынсыз арендалық тұрғын үй құрылысын, несиелік тұрғын үй салу үшін бағалы қағаздар шығару мен инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылым салуға бағытталмақ. Министрлік аталмыш сомманы концептуалды түрде қолдайды», - деді ол.

Қорытындысында Үкіметте   жинақы құрылысы жөніндегі кешенді жоспардың жобасы қабылданды.

Аягөз Құрмаш

 




Яндекс.Метрика