Туризмді дамыту

«Қорғас» ШЫХО туризм тетігі бола ала ма?

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан-Қытай бағыты бойынша туризмді дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Елордамызда өткен Қорғас қаласының мамандандырылған туристік іс-шарасы аясында Қазақстан мен Қытай шекарасындағы «Қорғас-Шығыс қақпасының» туристік мүмкіндіктері таныстырылып, «Қорғас» арнайы-экономикалық аймағының қытайлық туристерді тартудағы рөлі талқыланды.
Нұр-Сұлтан11 Шілде , 19:27
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар осы уақытқа дейін бірнеше мәрте өтті, оның ішінде: Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай – ақ республика астанасы-Нұр-Сұлтан қаласында да өткізілген. Осының арқасында екі ел арасындағы туристік әлеует оңтайлы дамып, және аталмыш іс-шаралар қорытындылары бойынша қабылданатын шаралардың нәтижелілігі жөнінен бірлескен зерттеулер жүргізілетін болады.
 
«Kazakh Tourism" ҰК Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиев атап өткендей, Қытай Халық Республикасында сыртқы және ішкі туризм ғана даму үстінде емес, сонымен қатар туристердің көп бөлігі Қазақстанмен шекаралас қалаларда шоғырланған көрінеді. Және оның пікірінше, Қытай туристерінің жалпы ағынының 1% - ын тартсақ еліміздегі туристік экономиканы жақсы қарқынмен дамыту мүмкіндігі туады.
 
Мамандардың айтуынша, бұл бағытты дамытуға қазақстандық инфрақұрылым, көлік логистикасы, шетелдік қонақтарды сапалы қабылдап, қызмет көрсетуге қабілетті кадрлардың біліктілігін жетілдіру үшін арнайы алаң бар көрінеді. Әрі осы мақсатты жүзеге асыру үшін Қытай тарапымен бірлескен презентациялар өткізу және жұмыс тәжірибесі мен әдістерімен алмасу үшін алаңдар құру, сондай-ақ қажетті кадрларды даярлау бойынша біліктілікті арттыру курстары мен тренингтер ұйымдастыру жоспарланып жатыр екен.
 
«KazakhTоurism» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиевтің айтуынша, «Қорғас» тек тауар емес, туристерді өткізу пунктіне айналу керек әрі оның мүмкіндігі ойдағыдай пайдаланылмай отыр. Осы орайда ол Қорғас қаласы партиясы қалалық комитетінің тұрақты мүшесі, насихаттау бөлімінің басшысы Чэнь Минцзюнь екіжақты туризм саласын дамытуда ынтымақтастық туралы ниетін жеткізді.
 
«Қазақстан астанасы – Нұр-Сұлтан және Қорғас қалаларының туристік ресурстарының өзіндік ерекшеліктері жоқ емес. Жиын барысында Нұр-Сұлтан қаласында туризмді дамытудың озық тәжірибесімен танысып, туристердің өзара тиімді ынтымақтастыққа жету үшін екі ел арасындағы туризм индустриясында әріптестер арасындағы ынтымақтастықты дамытуды қалаймыз. Сондай-аң, осы шара Қазақстаннан, әсіресе Нұр-Сұлтаннан Қорғасқа көптеген туристі тартады деп есептейміз», - деді Чэнь Минцзюнь.
Сонымен қатар, Қытай халық республикасының өкілдері, соның ішінде Қытай халық республикасының Мәдениет және туризм министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы өкілдігінің басшысы Ван Шулинь, Қорғас қалалық партиясының тұрақты қалалық комитетінің мүшесі, насихаттау бөлімінің басшысы чэньмин Цзюнь мырза, Қорғас қаласының Мәдениет және туризм басқармасының партия ұйымының хатшысы, басқарма басшысы Гуань Цуйин, "Хоргос Цзинь И" халықаралық сауда компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Юй Чэнчжун мырза, сондай-ақ, Нұр – Сұлтан қаласы туризм басқармасының және туристік компаниялардың өкілдері Хоргос қаласының туристік мүмкіндіктері жайлы презентациямен таныстырды.
 
Сарапшылар Қорғастың инвестициясы жоғары 10 қытайлық қаланың бірі болып табылатындығын және қытайлық келушілерді барынша тартуға тиісті үлкен туристік сауда орталығы мен қазақстандық тарап үшін – туристік әлеуетті дамытуға арналған үлкен қақпаға айналуға тиістін бас айтты. Оның үстіне қаланың ыңғайлылығы мен тартымдылығы Қытай мен Қазақстан азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ және жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ басқа елдердің азаматтары үшін "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қазақстандық, сондай-ақ Қытай бөліктері бойынша еркін жүріп-тұруға мүмкіндік беретіні сөзсіз.
 
Тағы бір артықшылығы – Қытай тарапынан кірген кез келген келуші 440 мың теңгеге дейін, қазақстандық тараптан 215 мың теңге дейін бағасына алған тауарларды баж салығынсыз сатып ала алады. Бүгінгі күні "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығында баж салығынсыз 75 дүкен жұмыс істесе, олардың арасында Chanel, Gucci, Dior, Burberry және тағы басқа жергілікті және әлемдік брендтердің өнімдері ұсынылған. Жақын болашақта мұндай ынтымақтастық елдер арасындағы мәдени алмасуларды кеңейтуге ықпал етіп қана қоймай, жобалармен қамтылған өңірлердің экономикалық жағдайына да оң әсерін тигізуі мүмкін.
 
Туризм саласының сарапшысы ретінде «KazakhTоurism» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиев Қытайдың А5 бағалау жүйесін қазақстандық мамандар жақсы бағалағанын атап, Қорғастың «мүмкіндіктерін» Қазақстан әзірге толық пайдалана алмай отырғандығын да жеткізді.
 
«Мұндай кездесулер кезінде туроператорлар арасындағы байланысты нығайтып қана қоймайды, бізге басқа бағыттар бойынша да мәселелерді талқылауға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Мамырда өткен осындай форумда Қытайдың А5 бағалау жүйесін жоғары бағалаған едік. Яғни, сапасына бірнеше талап бойынша бағалау жүргізу. Бұл дегеніміз инфрақұрылымның, транспорттық қызметтер, аудармашылардың жұмысы және тағы басқа сұрақтар бойынша барлық жұмыстар бір жүйеде деген сөз. Егер біз жақын арада осы ынтымақтастықты орната алсақ, онда бұл Қазақстан үшін өте пайдалы болары хақ. Ірі жоба болсын, мейлі кішкентай жоба болсын, бірақ ол өте маңызды, пайдалы әрі сапалы болуы тиісті. Қорғас ШЫХО – «Батыс Еуропа, Батыс Қытай» аясында Қытайдан Қазақстанға кіретін ең ірі қақпа екені белгілі. Алайда, бүгінде ол біз ойлағандай көлемде пайдаланылмай келеді. Біздер үшін бұл қақпалар тек саудагерлер мен халықтың жүктерінің өтуі үшін емес, туризммен келетін қонақтардың үлкен қақпасы болғаны маңызды ғой. Қытайда ішкі туризм жақсы дамыған, соған сай Циньзянға жыл сайын 80 млн-нан астам ішкі туристер келде. Циньзянның Қорғасқа, Алматыға, Үрімшіге дейінгі арақашықтығын ескере отырып, айтылған көлемнің 1 пайыз тристің өзі Қазақстанға кіргені жетіп жатыр бізге. Осының өзі біздің ел үшін үлкен туристік лек болып есептеледі. Дегенмен мұнда басқа сұрақтар бар: біз қандай инфрақұрылымды құруымыз керек, бұл қонақтарды қандай сападағы мамандар қарсы алу керек? Біз осы тақырыптарды Қытай тарапымен талқылаймыз. Соңғы айлардағы ынтымақтастығымызды арттырып, кіші жобаларымызды іріге айналдырамыз деген ойымыз бар», - деді Дүйсенғалиев.
 
«Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығы – екі мемлекет басшыларының бастамасымен қолға алынған Қытай мен өзге ел іске асыратын алғашқы трансшегаралық сауда-экономикалық жобасы болып табылады.
 
Айта кетейік, іс-шараны Хоргос қаласының мәдениет, спорт, телерадио хабарларын тарату және туризм басқармасы өткізді. Сонымен бірге, ұйымдастырушылардың қатарында Әкімшілік комитет аймақтың экономикалық даму Хоргос ҚХР, сондай-ақ ҚХР Мәдениет және туризм министрлігінің Нұр Сұлтан қаласындағы өкілдігі болды. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге салтанатты түрде қол қойылды.
 
Айдана Абдрахманова



Яндекс.Метрика