АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

АӨК-нің даму карталары түсіндірілді

ҚР АШМ мен «ҚазАгро» АҚ қолдауымен ұйымдастырылған жиында вице-министрлер Нұржан Әлтаев пен Рүстем Кұрманов журналистердің осы салаға қатысты бірқатар сауалдарына жауап берді.
Астана қаласы15 Желтоксан , 11:21

Вице-министрлер АӨК кешенін дамытуда негізгі басымдық қандай салаларға берілгеніне тоқталды. Оның ішінде экспорттық әлеуетті арттыру да аса маңызды екені айтылды.

«АӨК мемлекеттік қолдауды жетілдіру мақсатында, сондай-ақ АӨК-ні дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін Министрлік ауыл шаруашылығының басым бағыттарын дамыту және АӨК-ні мемлекеттік қолдауды жетілдіру карталарын әзірлеген болатын. Бұл он үш карта ауылшаруашылығының өзекті мәселелерін тереңдей талдау негізінде әзірленген. Қазіргі таңда еліміз бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өздеріңізге белгілі Қазақстанның экспорттық әлеуеті жылдан жылға өсіп келеді. Осы жылы ет экспорты былтырғы жылға қарағанда пайыздық деңгейі өскен. Бір ғана Иран мемлекеті емес таяу арада бірқатар алпауыт мемлекеттерге де жол ашылады. Әрине біз ішкі нарықты толықтай қамтамасыз ету тұрғысынан алып қарайтын болсақ онда қазіргі таңдағы кооперативтік қозғалыстың кең етек жаюына жағдай жасағанымыз абзал. Сонда ел экономикасы тең дәрежеде дамитын болады»-, деді Нұржан Әлтаев.

Ауыл шаруашылығы саласына кешенді өзгеріс енгізіп, модернизациядан өткізу үшін жаңа зауыттар салып, ескілерін қайта жаңғырту қажет. Бұл импорттың алдын алуға мүмкіндік береді.

«Аграрлық қайта өңдеуді дамыту үшін қазіргі таңда деректер базасы қалыптастырылды, оған сай елімізде 79 жаңа зауыт салу керекпіз жұмыс істеп тұрған 80 зауытты қайтадан жаңғырту керекпіз. Сонда біз импорт үлесін азайтамыз. Ал бұл -отандық өнімді өндіруге кең мүмкіндік ашылады деген сөз. Яғни біз майлы, дәнді, техникалық дақылдарды, жеміс-жидекті, ет пен сүтті, теріні шикізат түрінде экспортқа шығарып қана отырмаймыз. Ендігі жерде қайта өңдеу зауыттары арқылы пайда табамыз» -деді вице-министр Рүстем Құрманов.

Семинар барысында журналистерді саланы дамыту карталары және оларды жүзеге асыру жолдары қызықтырды. Мәселен, кооперация, ауылшаруашылығын мемлекеттік қолдау, ветеринария, агрохимия, қой шаруашылығын дамытуға байланысты сұрақтар болды. Мал аурулары, мелиорация, фермерлердің біліктілігін арттыру тақырыптары да шет қалмады.

Келесі жылдан бастап ауыл шаруашылығы саласын басқару да цифрлық жүйеге өтеді. Қазірдің өзінде шалғайдағы малшылар жаңа технологияның игілігін көре бастаған.

«Бұл мәселе картада көрсетілген. Жұмыстар қарқынмен жүріп жатыр. Қазіргі таңда, фермерлер үйде отырып-ақ мобильді құрылғылар арқылы 101 ден астам қызмет түрін пайдалана алады» - дейді вице-министр Нұржан Әлтаев.

Екінші вице Рүстем Құрманов та кез келген мәселе бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі ашық әрі жәрия принцип ұстанатындарын айтты.




Яндекс.Метрика