Халықаралық интеграция

Еңбек нарығының келешегі: 2025 жылға дейін 1 млн жұмыс орны ашылады

2025 жылға дейін млн-ға жуық жұмыс орнын құру міндетін қойып отырмыз. Ол базалық салаларда ғана емес, автоматтандыру мен өндіріс, цифрландыру салаларында жаңа жұмыстар ашуды көздеп отырмыз. Бұл мәлімдемені жаһандық өзгерістер жағдайында әлеуметтік сала мен жұмыспен қамтуды дамыту мәселелері талқыланған «Еңбек нарығының келешегі : жаңа мүмкіндіктер» форумында Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев жасады.
Астана қаласы29 Қараша , 11:50

Форумға  Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері мен халықаралық   ұйым өкілдері, консалтингтік компания, халықаралық және қазақстандық сарапшылар, ірі қазақстандық жұмыс берушілер, шетелдік инвесторлар қатысты.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев еңбек нарығы соңғы уақыттағы ең өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  2017 жылғы Жолдауынан бастап  Қазақстанның үшінші жаңғыруын жүзе асыру басталды. Қазір осы бойынша жұмыс істеп келе жатырмыз. Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысында  және осыған дейін де өткізілген  жиналыстарда да осы мәселені талқыладық. Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі болып табылады.  Бүгін де сарапшылар өздерінің тәжірибелері мен  ұсыныстарын айтатын болады. Дүниежүзінде көптеген өзгерістер болып жатыр. Еңбек нарығының болашағына қатысты сараптаманы мұқият зерттеп жатқан жағдайымыз бар», - деді  Б.Сағынтаев.

Премьер-Министрдің айтуынша, Дүниежүзілік банк пен Азиялық даму банкінен басқа да ұйымдардың зерттеулері  қадағаланап отыр.

«Қазақстан бүгінде ашық қоғам мен ашық экономиканы құрастырып жатыр. Біздің стратегиямыз  дүниежүзінің  ең үздік 30 мемлекетінің қатарына ену. Біріншіден,  технологиялардың  тез дамуы, робототехника сынды  өзге де мәселелр жұмыс орындарының құрылуын өзгертеді.  140 млн-ға жуық жұмыс орындары 2025 жылға  дейін жоғалуы мүмкін деп айтылды. Ескі мамандықтардың жойылуы мен жаңа мамандықтардың пайда болуы  жаңа дағдыларды алу икемділігін қамтамасмыз етеді. Өздерінің еңбек ресурстарын қамтамасыз ету икемділігін бейімдеуді қажет етеді», - деді Премьер-Министр.

Сондай-ақ, Үкімет басшысының айтуынша, болжам көрсеткендей, жұмыс  орындарының  10 пайызы  жаңа мамандықтармен алмастырылады.

«Олар дәстүрлі салалар мен инновациялар қиылысында пайда болады. Үшіншіден, бұл икемді экономиканы дамытуға алып келеді. Еңбек нарығы трансформацияланады, өзгереді.  Фрилансерлер саны ұлғаятын болады. Ішінара икемді жұмыспен қамту, үйден жұмыс жасау жылдық  сағаттар көлемі, инклюзивтілік, мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамту  көлемі де өзгеретін болады. Бүгінгі форум сарапшылар мен ірі жұмыс берушілер, Үкіметтік құрылымдар арасындағы пікірталас алаңына айналады деген сенімдеміз. Бұл әлеуметтік жауапкершілігі мол мемлекет құру үшін керек. Қазақстан осы болып жатқан өзгерістерді басқару үшін көп жұмыс жасап жатыр. Алдын-алу ниетін білдіріп отыр. Ұлттық реформалар «100 нақты қадам: Ұлт жоспары»  іс-шаралар жоспарлы түрде іске асырылады. 2017 жылдың басында Қазақстанның үшінші жаңғыру стратегиясының міндеттері қойылды. Үкімет  2025 жылға дейінгі арнайы стратегиялық даму жоспарын әзірледі. Қазақстан экономикасының дүниежүзі экономикасына сай етіп дамуды  қарастырып отыр», - деді Б.Сағынтаев.

Премьер-Министр атап өткендей, шикізаттық емес экспортты   41 млрд  АҚШ долларына дейін ұлғайту міндеті тұр.

«ЖІӨ-ні  35 пайызға дейін ұлғайту міндеттері қойылып отыр. Сондықтан да ел Президенті  5 әлеуметтік бастаманы ұсынды. Жақында жаңа Жолдау жарияланды.  Құжат адамдардың әл-ауқатын арттыру мен өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Осы жақын арадағы 7 жылда еңбек нарығына колледж бен университеттердің  2 млн-ға жуық түлегі шығады деп күтілуде. Олардың барлығын сапалы жұмыспен қамтамасыз ету қажет.  2025 жылға дейін  млн-ға жуық жұмыс орнын құру міндетін қойып отырмыз. Ол базалық салаларда ғана емес, автоматтандыру мен өндіріс, цифрландыру салаларында жаңа жұмыстар ашуды көздеп отырмыз. Үкімет еңбек еңбек ресурстарын Ұлттық болжау бағдарламасын әзірледі. Ол кадрларға деген қажеттілікті анықтайды. Қазір біз ЭЫДҰ-нің  ұлттық біліктіліктер жүйесін жақсарту үшін жасалып отыр», - деді Б.Сағынтаев.

Үкімет басшысы экономиканың барлық негізгі салаларында жасалатынын айтты.

«Жұмыспен қамту үшін технологиялық жаңғыру нәтижесінде босап жатқан кадрлардың орындарын ауыстыру үшін жұмыстар жүргізілуде.  2018 жылы 1 қаңтардан бастап электронды еңбек биржасы іске қосылды. Осы елдегі цифрлық алғашқы алаң. Оған  48 жеке жұмыспен қамту агенттіктері, БАҚ онлайн алаңдарымен қамтылды. Жұмыс орындарын қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын әзірлеуде. Оған  190 млн теңге бөлінді. Бұл жұмыспен қамтуда  1 млн адамға жәрдемдеседі. Қазақстан үкіметі елдің ірі жұмыс берушілеріне мемлекеттік саясатты іске асыруға өздерінің қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді», - деді Премьер-Министр.

Сондай-ақ, Б.Сағынтаев шетелдік инвесторларымен  бірлескен әріптестіктің жол картасын іске қосу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

Форум делегаттары әлемдік еңбек нарығындағы сын-қатерлердің ұлттық нарыққа әсер етуін талқылады.  Сондай-ақ, еңбек нарығы инфрақұрылымын цифрландыру мен  4-ші  Өнеркәсіптік революция жағдайындағы кадр дайындау жүйесін цифрландыру мәселелері талқыланды.

Дүниежүзілік банктің жаһандық білім беру тәжірибесі жөніндегі директоры Кейко  Миуа 2017 жылы банк есептерді жүргізуді алғаш рет бастағанын айтты.

«Нарық өзгерістерді біздің елге өте үлкен әсер етеді. Мәселен, google-ға кірсеңіздер болашақ жұмыс деген сөзді ағылшын тілінде терсеңіз 2 мың млрд-тан астам есепті тыңдай аласыздар. Қазіргі кезде болып жатөан  өзгерістердің көріністері. Робот,робототехника мен жасанды зия сынды тақырыптарға арналған. Біз дәстүрлі салалар туралы айтамыз. Алайда, автоматтандыру нәтижесінде дәстүрлі жұмыс орындарының жоғалуына ықпал етіп жатыр. Бірақ, инновациялар жаңа жұмыс орындарын ашып жатыр. Негізінен жұмыс орындары өседі.Тек олар конъюктивтік машықпен, адамның эмоциясы әдет-ғұрпына байланысты болады. Бұл есеп  151 беттен тұрады», - деді   Кейко  Миуа.

Оның айтуынша, есепте дамыған елдер елдер қызыл-сары түстерге боялған.

«Ал Азия дамушы ел ретінде көрсетілген. Жұмысты қолмен жасауды талап  ететін жұмыс орындары да бар. Сары түсте орташа өлшемдердің  өзгергенін көрсетеді. Технологиялық өзгерістер бойынша  платформалық компаниялар жұмыс істейді», - деді ол.

Дүниежүзілік банк адами капиталдың индексі бойынша параметр бар.

«Онда өмір сүру сапасына ден қойылған.  157 елдің ішінде Қазақстан 131-ші орындар. Бұл тізімде Сингапур көш бастап тұр. Қазаөстанның жағдайы жаман емес, алайда біздің сілтемеміз бойынша  адами капиталды дамыту жұмысын тоқтатпауларыңыз керек. Әлем өзгеріп жатыр. Білім мәселесінің де бағасы біраз төмендеген», - деді ол.

Сонымен қатар, еңбек қорларының  мобильділігі және жұмысбастылық саясатын дамыту, нысаналы топтарды қолдауға арналған жаңа құралдар әңгімеге арқау болды.

Шара аясында  халықаралық ұйымдардың өкілдері  еңбек нарығына  өзгерістер әкеліп жатқан жаһандық  беталыстар жайлы ақпарат берді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрлігінің Дүниежүзілік банктің техникалық және қаржылай қолдауымен жүзеге асырып  жатқан  «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы бірінші кезеңінің қорытындысы шығарылды.

Аягөз Құрмаш 

Фото: Нұржас Жақсыбай




Яндекс.Метрика