Цифрлы Қазақстан 2022

Алматыда «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумы өтіп жатыр

Алматыда Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» ЕАЭО форумына және ЕҮАК отырысы өтіп жатыр.
Алматы қаласы02 Ақпан , 11:26

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумы өтіп жатыр, оның аясында инновацияларды және технологиялық кәсіпкерлікті дамыту, базалық интеграциялық жобалар, Еуразиялық экономикалық одақтағы өнеркәсіптік цифрландыру және ауыл шаруашылығын цифрлық трансформациялаудың өзекті мәселелері талқыланады. 

Форум жұмысына Арменияның Премьер-Министрі - К. Карапетян, Беларусьтің Премьер-Министрі - А. Кобяков, Қазақстанның Премьер-Министрі - Б. Сағынтаев, Қырғызстанның Премьер-Министрі - С. Исаков, Ресейдің Премьер-Министрі - Д. Медведев, сондай-ақ  Әзірбайжан мен Тәжікстанның ресми делегациялары қатысады.Еске салсақ, 2017 жылғы қазанда Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында ЕАЭО мүше мемлекеттердің басшылары 2025 жылға дейінгі цифрлық күн тәртібінің негізгі бағыттарын бекітті, сондай-ақ Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ЕАЭО экономикасын цифрландыру бойынша арнайы кездесу өткізу туралы бастамасын қолдады.  

Күннің екінші жартысында Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысады.Шағын құрамда цифрлық күн тәртібі мәселелерін, сондай-ақ ішкі нарықтың жұмыс жасауы шеңберіндегі қатысушы елдердің міндеттемелерін қарау жоспарланған.     Кеңейтілген құрамдағы отырыста қатысушылар макроэкономикалық жағдайды және ЕАЭО мүше мемлекеттердің арасындағы өзара сауда жағдайын талқылайды, агроөнеркәсіп кешені, өнеркәсіп кешені дамуының ортақ болжамдарын және ЕАЭО мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерін талқылайды.

Қайрат Жандыбаев 




Яндекс.Метрика