Халықаралық интеграция

Әлем елдері Астанның 20 жылдығын қалай атап өтті

Астананың 20 жылдығы Қазақстанның барлық өңірінде ғана емес, шетелдік елдерде де мерекеленді. Мәселен, Қазақстанның Ауғанстандағы Елшілігі Астана қаласының 20-жылдық мерейтойына орай ресми қабылдау ұйымдастырды. Ал, Минскіде Астана қаласының 20 жылдығына арналған салтанатты қабылдау өтті. Парижде сурет салудан балалар байқауының жеңімпаздары марапатталды. Толығырақ, келесі материалдан оқи аласыздар.
Астана қаласы11 Шілде , 13:10

Іс-шараға Ауғанстан  мемлекеттік органдары өкілдерін қоса отыра 150-ден астам қонақ қатысты. Шақырылғандардың арасында президент әкімшілігі, үкімет аппаратының өкілдері, парламент депутаттары, сондай-ақ Қабылда орналасқан шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың басшылары, ғылыми және шығармашылық зиялылар, іскерлік топтар, қалың ауған қауымдастығы мен БАҚ өкілдері болды.

Қазақстанның Ауғанстандағы Елшісі Әлімхан Есенгелдиев өзінің сөзінде жиналғандарды әлемнің ең жас астанасының тұрақтану тарихымен, оның осы 20 жыл ішіндегі өнеркәсіп, құрылыс, инфрақұрылым, әлеуметтік жобалар және басқа да салалардағы жетістіктерімен таныстырып өтті.

Қазақстандық дипломат Мемлекет басшысы мен ҚР Үкіметі бастама берген Астанада өткен және орын алып келе жатқан маңызды халықаралық әрі өңірлік форум мен конференцияларға, олардың ішінде ШЫҰ, ЕҚЫҰ, ИЫҰ саммиттеріне, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің  съезіне, Астана экономикалық форумынабасымдық жасады.

АИР үкіметі атынан сөз сөйлеген Ауғанстан сыртқы істер министрінің орынбасары Адела Раз Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың дана әрі данышпан басшылығымен Ауғанстан бойынша да бағдарлы және жауапты сыртқы саясат жүргізіп келе жатқан бауырлас және достас Қазақстанның ерекше рөлін атап өтті.

Осы орайда, ол екі ел көшбасшылары арасында қалыптасқан жылы әрі сенімді қатынастарын ерекше атап өтіп, Ауғанстан  президенті Мохаммад Ашраф Ғани туған күні Астана күнімен сәйкес келетін Қазақстан басшысы Н.Назарбаевты құтықтағандығын хабарлады.

Ол өз үкіметі атынан Қабылға Қазақстан тарапынан көрсетіліп келе жатқан үнемі қолдау мен жәрдем үшін алғысын білдіріп, Астанаға және жалпы Қазақстан халқына одан әрі гүлдену мен бейбіт аспан тіледі.

Шетелдіктер арасынан қонақтар да жоғары дәрежеде ұйымдастырылған қабылдау үшін алғыстарын білдіріп, Астананың Қазақстанның елордасы ретіндегі кезеңіндегі жетістіктері мен айтарлықтай өзгерістерін атап өтті.

Сондай-ақ, қабылдау алдында «Астана – бейбітшілік пен достық қаласы» атты «дөңгелек үстел» ұйымдастырылып, оған АИР-дағы белгілі саясаттанушылар, сарапшылар және журналистер қатарынан 50-ден астам қатысты.

Ал,  Минскіде Астана қаласының 20 жылдығына арналған салтанатты қабылдау өтті.

 Салтанатты іс-шараға Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Андрей Евдоченко депутаттар, министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, дипломатиялық миссиялардың басшылары, ірі кәсіпорындардың басшылары, жетекші ғалымдар, Беларусь мәдениетінің тұлғалары, қазақ диаспорасының өкілдері және т.б. қатысты.

Өз сөзінде Қазақстанның Елшісі Ермұхамет Ертісбаев Астана қысқа мерзімде салынған ХХІ ғасырдың жалғыз астанасы, сондай-ақ Қазақстан ғасырдың басында жаңа астананы салған жалғыз ел деп атап өтті. Жаңа астананың дамуы бүкіл Қазақстанды түбегейлі өзгертіп, оны экономикалық және саяси тұрғыдан тұрақты мемлекет, жауапты және беделді халықаралық серіктеске айналдырды.

А.Евдоченко өз сөзінде жаңа елорданы салу идеясын ұсынып, оны жүзеге асырған Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін ерекше атап өтті. Ел Президентінің Астананы дамыту бойынша үнемі назарын аударуы және алаңдаушылығы оны Еуразиядағы динамикалық дамып келе жатқан мегаполиске, қазіргі заманғы және бәсекеге қабілетті қалаға айналдырғанын айтып кетті.

СІМ-нің ақпараты бойынша,  іс-шара барысында Астана қаласына арналған фотокөрме және бейнеклиптер көрсетілді.

Франциядағы қазақ диаспорасының бастамасымен және Қазақстан Елшілігінің қолдауымен қазақ-түрік қауымдастығының мәдени орталығында «Астана балалар көзімен» тақырыбында сурет салудан байқау өткізілді.

Шығармашылық байқауға 7-17 жас аралығындағы Францияда тұратын қазақ балалары қатысты. Барлығы 19 жұмыс ұсынылды.

Қазақстанның Франциядағы Елшісі Жан Ғалиев марапаттау кезіндегі өз сөзінде осындай дарынды балаларды тәрбиелеген ата-аналарға алғыс айтып, мерекелік іс-шараның барлық қатысушыларын Астана күнімен құттықтады.

Елші өз сөзінде Астана ел бірлігінің символы, бүкіл Қазақстанның серпінді, әрі тұрақты дамуының айғағы екенін атап өтті. Оның айтуынша, дәл осындай іс-шараларда балалар арасында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру және «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру негізі қаланады.

«Конкурсқа қатысқан көптеген балалар Астанада болған емес. Бұл Елорданың басты көрікті жерлерін суреттеп салуда балаларға кедергі болған жоқ. Байқаудың мақсаты - балаларға патриотизмді, туған жер мен Астанаға деген сүйіспеншілікті дәріптеу. Суреттері арқылы балалар Астана күнін атап өтуге өз үлестерін қосқысы келді», - деп атап өтті диаспора жетекшілерінің бірі Тәбәрік Догу.

Аягөз Құрмаш 

Фото: СІМ баспасөз қызметі 




Яндекс.Метрика