Президенттің бес бастамасы

Елдік істердің басында жүретін Ассамблея іргелі бастамаларды әр уақытта қолдайды – Н.Назарбаев

Елдік істердің басында жүретін Ассамблея менің іргелі бастамаларымды әр уақытта қолдап,халыққа түсіндіріп жүр. Бұл туралы бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан «Бес әлеуметтік бастама – қоғамының әлеуметтік бірлігінің тұғыры» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мәлімдеді.
Астана қаласы28 Сәуір , 15:30

 «Қымбатты отандастар, баршаңызды  ҚХА-ның  XXVI  сессиясының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Ассамблея құрылған күннен бастап еліміздегі мызғымаз бірліктің ұйытқысы, сарқылмас берекенің бастауы  болып келеді.Бүгінде ол  еліміздің татулық пен тұрақтылықтың ең басты кепілі.  Әрдайым  елдік істердің басында жүретін Ассамблея  менің іргелі бастамаларымды әр уақытта  қолдап,халыққа түсіндіріп жүр.  Қазақстан сан-қырлы жаңғыруға бет бұрған заманда Ассамблеяға да тың міндеттер жүктеледі», - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сессияның ашылу барысында.

Сондай-ақ,  Елбасы  бүгінгі сессиясымыз «Бес әлеуметтік бастама – қоғамының әлеуметтік бірлігінің тұғыры» деп аталатынын жеткізді.

«Мен наурыз айында әлеуметтік  жаңғыру жолында Презденттің  5 әлеуметтік бастамасын  ұсынған болатынмын. 5 бастама елдің әл-ауқатын жақсартумен бірге ұлтты ұйыстыруға шығудың тағы бір   қыры  әлеуметтік бірлікті нығайтуға  бағытталған. Оны табысты жүзеге асыру  азаматтардың өз болашағына, мемлекетіне, қоғамына қала берді бір-біріне деген сенімді арттырады. Бізде  халықтың күнделікті өміріне түбегейлі өзгерістер әкелетін мұндай әлеуметтік бастама бұрын болған емес», - деді Елбасы.

Президент айтқандай,  осының бәрі Тәуелсіздік жылдары Қазақастанды  түрлі бәле-жаладан сақтап келе жатқан еліміздің бойтұмары, ел бірлігін қасиет тұта білгеніміздің арқасы.

«Әйтпесе, дүниежүзінде көгінде туы, билігі болса да бірлігі қашып, болашағы бұлдыр болған қаншама  мемлекет бар, білесіздер. Біз осыны берік ұстанып, мызғымас ынтымақтастық бірлігімізді, таусылмас  ырыс берекемізді бастау етіп, сеніммен қадам басып келеміз, осы жолымыздан таймауымыз керек. Осы бірлікпенен жүретін болсақ, барлық қиындықтарды игереміз, халықтың әл-ауқатын жақсартуға жұмыс істейміз», - деді Н.Назарбаев.

Айта кетейік,  күні кеше  Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын.

«Кеше ҚХА туралы заңға қол қойдым. Енді «Ассамблея» туралы жаңартылған  заң бойынша нақты  жоспар қажет. Атап айтсақ, этномәдени орталықтар мен  Достық үйлері мәдениет, тіл, дәстүр  саласында  жұмыс істеп жатыр. Бұл жұмысты жалғастыру керек. Үкімет барлық қазақстандық этностың мәдениетін дамытатын  мемлекеттік-әлеуметтік  тапсырманы әзірлеуі  керек», - деді Елбасы.

Сондай-ақ, Елбасы  5 әлеуметтік  бастамаға жеке-жеке  тоқталып өтіп, нақты тапсырмаларды жүктеді.

«Дін және азаматтық қоғам министрлігіне  «Нұр Отан» партиясы және ҚХА-мен бірігіп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы  мен 5  бастаманы  ілгерілендіру бойынша  ғылыми-ағартушылық  жобасын әзірлеуді тапсырамын.Екінші,  «Рухани жаңғыру» бойынша ҚХА-ның  2025 жылға дейінгі даму жоспарын   әзірлеу  керек. Үшіншіден, Ассамблея  мемлекеттік органдамрен қосылған   қайырымдылық жұмысын жалғастыру  керек. Өткен жылы  60 мың аз қамтылған   отбасы мен 8 мың  әлеуметтік ұйым көмекке ие болды. Төртіншіден, «Жаңғыру жолы жобасына жастар қатысуы керек.  Белсенді жастардың жобасын  қолдауға жұмыс істеу керек», - деді Елбасы.

Сонымен қатар, Елбасы ішкі  тұрақтылық,ішкі түсіністік ең басты  мәселе  екенін жеткізді. Осы орайда  Президент барынша жіті болу керектігімізді айтты.

«Мысалы, шығыста болған су тасқынына қатысты айтатын болсақ, барлық Қазақстан су астында қалды деп шулатты. Ондай адамдарды қай жерде болмасын орнына қою керек. Және  ол   мәселелерге  абай болу керек.  Себебі, бізге елдің   тұрақтылығы  мен  әл-ауқыты маңызды.  Сол кезде ғана дамитын боламыз. Біздің  бірігіп дамуымызға, жұмыс істеуімізге барлық мүмкіндік бар.  Халық бірлігі  Қазақстанның  ең басты  байлығы болып есептеледі және қала бермек», - деді Елбасы.

Елбасы алда келе жатқан  1-мамыр Бірлік күнімен құттықтап, ізгі ниетін білдірді.

«ҚХА мүшелері мен қонақтарды  алдағы  1 мамыр Қазақстан халқының бірлік күнімен құттықтаймын. Біздің жеткен жетістігімізді   қалай жеткенімізді есте сақтау керек.  үшін халқымызға алғыс айтамын. Мемлекет пен менің саясатымды  қолдағандарыңыз үшін алғыс айтқым келеді. Әр отбасына береке-бірлік, ырыс тілеймін», - деді Елбасы.

Өз кезегінде баяндама оқыған  Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев  Елбасының  стратегиялық бастамаларына  тоқталып өтті.

«Нұрсұлтан Әбішұлы, сіздің ең дамыған елдердің қатарына кіру Стратегияңыздың негізі  Қазақстанда  адам капиталын, яғни өзімізді, ұстаздарымызды, балаларымызды, ғалымдарды олардың білімін, рухын, сана-сезімін  әлемнің ең жоғарғы деңгейіне көтеру болып табылады. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласында осы стратегиялық тапсырмалар нақты бағыттар бойынша көрсетілген. Соңғы тапсырмалар мұғалімдердің әлеуметтік жағдайы мен  мәртебесін көтеру, студенттерге грант санын көбейту және жатақхана мәселелерін шешу, әлемнің  ең маңызды гуманитарлық оқулықтарын қазақ тіліне аудару, гуманитарлық кафедраларды жақсарту сынды  тапсырмалар  адами капиталдың   даму стратегиясын көрсетіп отыр. Ең алдымен стратегия үшін, оны орындаудың  айқын жолдары үшін, мемлекет қамқорлығы үшін сізге балалар мен ата-аналар атынан шексіз алғысымызды білдіреміз. Стратегияны орындау үшін елдің бірлігі бекем болу керектігін барлығымыз түсінеміз», - деді Е.Сағадиев.

Сондай-ақ, Елбасы  жылына бір рет ротация тәртібінде әртүрлі өңірлердің этномәдени ұйымдарын таныстыратын  ҚХА Төрағасының екі орынбасары тағайындалатынын айтты. Мемлекет басшысы  Төраға орынбасарлары болып ҚХА мүшесі, Тварионас Виталий Иононы және ҚХА мүшесі Салжанов Исламбек  Төлеубайұлын тағайындау туралы өкімге қол қойды. 

Отырысқа  ҚХА-ның   463 мүшесі қатысты. Ал, XXVI сессияның жұмысына 1 500-ден астам адам қатыcты.

 Олардың қатарында елдің барлық өңірлерінен келген Ассамблеяның ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени  бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, ЖОО ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының, ғылыми, шығармашыл зиялы қауымның және БАҚ-тың өкілдері бар.

Сессия  қорытындысы бойынша мерекелік концерт қойылды.

Айта кетейік,  2018 жылдың  1 тоқсаны  бойынша Қазақстанда  29 республикалық,75   өңірлік,530  жергілікті  этномәдени   ұйым  жұмыс істейді. 1071 – этномәдени ұйым, 39  Достық үйі  бар.

Аягөз Құрмаш 




Яндекс.Метрика