Парламент

Елде жолаушылар тасымалының сапасы артады

Елде жолаушылар тасымалының сапасы артады. Бұл Мәжілісте таныстырылған «Көлік мәсселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енізу туралы» Заң жобасындағы бағыттардың бірі. Заң жобасын ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев таныстырған болатын.
Астана қаласы13 Қыркүйек , 11:06

 Құжат көлік саласындағы әкімшілік тосқауылдарды жоюға, тасымалдау сапасын арттыруға, теміржол және су көлігіндегі тергеу жүргізу үрдісін жетілдіруге, көлік құралдарын пайдаланған кезде қауіпсіздік деңгейін арттыруға және Халықаралық теңіз ұйымының аудиті ескертпелерін жоюға бағытталған.

«Ең алдымен республикалық жолдардағы көлік құралдарын жаппай тоқтату тәжірибесінен бас тарту көзделген. Осындай тексерістер жүргізу үшін нақты негіздеме тізімі енгізіледі. Тармақтарда арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарында (ААӨҚ) тіркелген заң бұзушылықтар; шетел көлік құралдарының жүріп өтуі; ААҚӨ арқылы дұрыс жүріп өтпеу; көлік құралының уәкілетті органда тіркелмеуі; мемлекеттік органдармен бірегей шаралар өткізу сияқтыт мәселелер қамтылған», - деді Т.Тоқтабаев.

Вице-министрдің айтуынша,  бұл тәртіпті енгізу 100 мың ауыр жүк көліктерін тоқтатуды қысқартуға, көліктің жүру жылдамдығын арттыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді, деп жоспарлануда.  

Сонымен қатар, ААӨҚ жүйесінен алынған мәліметтер тасымалдаушыда рұқсаттама құжаттарының, техникалық байқаудан өткен-өтпегенін білуге және төленбеген айыппұлдарды анықтауға мүмкіндік береді. 

«Заң жобасының бірқатар өзгертулері жолаушылар тасымалының сапасын арттыруға бағытталған. Автомобиль көлігі туралы заңның нормалары тұрақты халықаралық  рейстерді жасағанда жолаушыларды Қазақстан территориясы бойынша елді-мекендер аралығында тасымалдауға тыйым салады. Енді қазақстандық тасымалдаушыларға бір шекаралы облыстың елді мекендері арасында тасымал жасау ұсынылып отыр. Бұл 300 елді мекеннің жолаушыларын тұрақты тасымалдауға қосымша мүмкіндік береді», - деді ол.

Жолаушылар мүддесін қорғау және мобилді қосымшаны пайдаланатын 50 мың жасырын тасымалдаушыларды «көлеңкеден» шығару мақсатында автомобиль көлігі туралы заңда «таксимен тасымалдау» ұғымын ескеру ұсынылып отыр. Осылайша көлікті жалдау шартын құрып, «Яндекс.Такси», Uber, InDriver сияқты сервистер арқылы жолаушыларды тасымалдау енді таксимен тасымалдауға жататын болады.

Сондай-ақ, теміржол және су көлігі саласында комиссия құрып, тергеу өткізу бойынша уәкілетті органның құзыретін және тергеу бойынша өкілдің міндеттерін реттеу ұсынылып отыр.

«Автомобильдердің пайладану қауіпсіздігін арттыру үшін Жол қозғалысы заңында «Міндетті техникалық байқау біргей ақпарат жүйесінің операторы» ұғымын белгілеу қажеттілігі және оның міндеттін реттеу жөнінде мәселе көтеріліп отыр. Бұдан бөлек, көлік саласында уәкілетті органның құзыретіне «Техникалық байқау» жүйесімен ақпараттық іс-қимыл жасайтын арнайы бағдарламаларға қойылатын талаптарды бекітуді енгізу ұсынылып отыр», - деді Т.Тоқтабаев.

Бұл техникалық байқаудан өткен кезде жалған диагностикалық карталарды беру мүмкіндігін жояды.

Халықаралық теңіз ұйымы аудитінің ескертпелерін жою аясында бірқатар халықаралық конвенциялар талаптарын имплементациялау нормаларын қарастыру көзделіп отыр. Кемелер тексерісін оптимизациялау мақсатында міндетті байқауды алты айда бір рет өткізу жоспарланып отыр.

Заң жобасы барлығы 6 заңға 124 түзету енгізуді қарастырады.

Айта кетейік,  енді жаңа көлік мәселелері бойынша Заң жобасы Мәжіліс депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі - Павел Казанцев жетекшілік ететін жұмыс тобында қаралатын болады.
 




Яндекс.Метрика