Шолу

АЭФ: Планетаны дамытудың 5 басты мегатренді

Планетаны дамытудың бес басты мегатренді белгілі болды. Бұл туралы бүгін XI Астана экономикалық форумы аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жаһандық сын-тегеуріндер әлемі» пленарлық отырысында мәлімдеді. ХI Астана экономикалық форумында Елбасы көтерген мәселелер туралы Strategy2050.kz АА дайындаған шолудан оқи аласыздар.
Астана қаласы17 Мамыр , 12:01

Бүгін Астана  экономикалық форумының бірінші күні. Панельдік сессияларда жаһандық маңызы бар мәселелер талқыланды. Елбасы осыған орай планетаны дамытудың бес мегатрендін жариялады.

«Құрметті форумға қатысушылар,Құрметті достар, ең алдымен  бүгінгі форумға қатысып жатқан  өкілдер олар  менің ежелгі достарым қошемет көрсетіп бастауға рұқсат етіңіздер. Олар әлемнің  белгілі тұлғалары. Біз бүгін осында  оларды өздерінің зор тәжірибесімен бөлісуге шақырдық. Бүгін өте қызықты әңгімелер болады деген ойдамын. Қатарынан  11 рет өткізіліп отырған форум  әлемдік экономика, инвестиция, инновация мәселелерін талқылайтын алаң. Құрметті форумға қатысушылар, даудамай мен қақтығыстар адамзатпен бірге келе жатқан құбылыстар. Алайда, қазір болып жатқан қарама-қайшылықтар әлдеқайда тереңірек мәні бар. Ол біздің өркениеттің кезекті жаһандық трансформациясы туралы айтып отыр. Тарихта мұндай трансформациялар өте көп болған. Оны сіздер білесіздер. Жаңағы қысқа ғана ролик адамзаттың даму кезеңдерін қысқаша көрсетті. Олар даму мүмкіндіктерімен қоса регресстік өкілдермен байланысты болды. Бүгінгі  таңда тарихи уақыттың нығыстығы көбейді. Әлем жылдамдықпен өзгеріп жатыр, кезекті рет олар жол айрығында тұр, ол жолдың қайда бұрылатыны, адамды не күтіп тұрғаны белгілі болады», - деді Елбасы Н.Назарбаев.

Елбасы , аталмыш  процесстер объективті әрі жаһандық өзгерістерге байланысты, олардың сипатын  планетаның дамуының басты  5 мегатрендімен байланыстыруға болатынын айтты.

«Бірінші тренд - адамзат тарихының  және қызметінің, барлық аспектілерінің цифрлануы. Біздің көз алдымызда жаңа экономикалық модель туындады. Онда бизнес қана емес, бүкіл қоғам өмірі сатыланған. Жаңа технологияның сыни массасына қол жеткізу осы уақытқа дейін елдердің  қабілеттігін қайтпас  фактор болып өзгертеді. 2030 жылға қарай жасанды интеллект әлем экономикасын 16 трлн долларға ұлғайтады. Криптовалюта, блокчейндер  технологиясы банкті қоса алғанда қаржы нарығында түбегейлі өзгерістер әкеледі деп айтуға болады.Сарапшылардың айтуынша, 500 ірі компанияның 200 таяудағы  10 жылдықта жойылады.  Цифрландыру кейбір қылмыстың көбеюіне де себепші болып отыр. 2017 жылы ол бизнеске өте үлкен қауіп төндірген еді. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қолға алынды. Оның іске асырылуы инфрақұрылымның, елдегі IT жүйенің дамуын  қалыптастырады. Халықтың цифрлық сауаттылығы 100 пайызға жетеді. Ол  5 жылдың ішінде өңдеуші сектордағы жаңа технологяларды 1,5 есеге өсіртеді», - деді Елбасы.

Елбасы айтып өткендей,  екінші жаһандық тренд ол – энергетикалық реолюция.

«Бар болғаны  30 жылдың ішінде жаңартылған көздерден пайдаланылатын энергиялар көзі артты. Қазір электромобильдер қолданылып жатыр, егер барлық автопарктерде элетрокарларға ауыстыратын болса, бұл 200 жыл бұрын болған  ауаны қалпына келтіруге болады. Табиғи ресурстарға деген әлемдік сұраныстардың  сақталуына қарамастан, олардың бар екендігі елдер үшін артықшылығы болудан, олардың  кірістері көзі болудан қалып бара жатыр. Біз дәстүрлі энергетикалық нарықтардың дамуына корпорациялар мен елдер жаңа энергетикаға инвестиция салумен айналысып жатыр. Қазақстан да бұл үрдістен қалған жоқ», - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев,  өткен жылы өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі «Болашақтың энергиясы» тақырыбында өткенін ерекше атап өтті.

« Көрме  біздегі жасыл экономиканың дамуының басы болды. Тұтастай алған кезде  2030 жылға қарай баламалы энергияның үлесі  30 пайызға жететін болады», - деді ол.  

Елбасы айтып өткендей, үшінші мегатренд- ол планета халқы санының тез өсуі.

«Ғылыми прогрестің  соңғы  10 жылдықтағы дамуы адамның орташа жасын әжептеуір өсіруге қол жеткізді. Соңғы 70 жылдың ішінде оның жасы  23 жасқа ұзарды. 48 жастан  71 жасқа жетті. Ал, Қазақстанда бұл көрсеткіш 7  жасқа ұлғайды. 65 жастан 72 жасқа дейін. Жалпы,өмір сүру инсдустриясы әлемдік экономиканың маңызды бөлігі болып табылады. Алайда, мұндай ктез демографиялық өзгерістер осыған сәйкес келетін мәселелерді тез шешуді талап етеді. 10 млрд-тық халықты асырау үшін  елдерде азық-түлік өндіруді  60 пайызға арттыру керек», - деді Елбасы.  

Елбасы айтқандай, бұл   базалық ресурстардың шектелуі  мен ауыз судың тапшылығын ескерген кезде оңай шаруа емес екенін айтты.

« Ол үшін аграрлық өнеркәсіп кешенінің ресурстық  тиімділігі мен еңбек өнімділігін арттыруды қажет етеді. Қазақстанда қазіргі заманғы жетістіктерді қолдана отырып, соңғы  5 жылдың ішінде аграөнеркәсіптік 2,5 есеге көбейту мақсаты қойылған. Сол сияқты халықтың қартаюына байланысты тағы бір  сын-қатер, ол зейнетақы жүйесі мен әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін түбегейлі қайта өзгерту. Олар қазіргі өмірге сәйкес болуы керек»,-деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент айтқандай,  төртінші мегатренд. Ол урбанизацияның қарқыны мен сипатының өзгеруі.

«БҰҰ-ның бағалауы бойынша, ғасыр ортасында әлемдегі адам саны  7 млрд-қа жетеді. Бұл ретте мегаполистер дәуірі туындайды. Олар инвестициялар мен  технологиялар үшін күресіп, олар үшін барлық жағдайды тудыратын болады. Ол білім үшін өте маңызды. Осыны ескере отырып, Қазақстан агломерация стратегиясын қолға алды. Егер осыған дейін  миллиондық бір ғана қала-Алматы болса, қазір олардың қатарына Астана мен Алматы қосылды. Бұл процесс бізде жалғасатын болады. Астананың  20 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберін бізде Жібек Жолындағы елдердің ірі қалаларының форумы  5 шілдеде өтеді», - деді Елбасы.  

Ал,  бесінші мегатренд – жаһандық еңбек нарығының трансформациялануы.

«Қол еңбегі соңғы жылдары  80 пайызға роботталған жүйелермен ауыстырылуы мүмкін. Қазіргі кәсіпорындар үшін жұмыс қолының арзандығы маңызды емес, олардағы маңызды қызметкерлердің бары маңызды. Қазіргі кезде өздерінің өндірістерін дамыған өндірістерге алмастыру, оларды қайтадан дамытуға апарады. Ол ұлттық экономикалар мен әлеуметтік жүйелер үшін сын-қатер болып табылады. Бұл жердегі маңызды жауап білім беру саласының дамуы болып табылады. Ол білім беру мен креативті ойлау дағдыларын қалыптастыруға және тиісті ақпаратты тауып, оны дұрыс пайдалануды көздеп отыр. Адамның  техникалық дамуының жылдамдығы бірнеше мамандықты өмір бойы оқуды талап етеді. Соған байланысты бұл жұмыстарды әрі қарай дамытамыз. Барлық деңгейдегі оқыту бағдарламаларын өзгертіп жатырмыз», - деді Елбасы Н.Назарбаев.  

Президент айтқандай,  КСРО ыдыраған соң сондай күрделі кезең болған кезде де, ақша тапшылығы болғанына қарамастан біз "Болашақ" бағдарламасын іске қостық.

«25 жыл ішінде жастарымыз әлемнің үздік университеттерінде мемлекеттік қаржыландыруымен 12,5 мың қазақстандық білім алуға мүмкіндік алды. Қазір  шетелде 70 мыңнан астам қазақстандық білім алуда. Сондай-ақ, біз әлемдік деңгейдегі университеттерді елде аштық. Олар: Назарбаев университеті, Қазақстан-Британ университеті, Қазақстан экономика  жоспарлау университеті, Ақпараттық технолгиялар халықаралық университеті. Қазіргі таңда олар білікті мамандар дайындап жатыр. Қазіргі кезеңде мемлекет гранттар санын арттырып, студенттерге қолайлы жағдайлар жасауды арттыруда. Өткен жылы біз кәсіби-техникалық білім алу бағдарламасын бастадық. Олар тегін білім алып, әрі қарай оқуларын жалғастырып, жұмысқа тұра алады.  Шынымен де, бұл бағдарлама өзінің пәрменділігін көрсетті. Мектептерде реформалар жүргізілуде. Болашақ студенттерді әлемдік университеттерге шығару үшін біз 20 зияткерлік мектептерді құрдық. Олар әлемдік деңгейдегі мектептер, халықаралық аккредитациясы бар, барлық жоғары стандарттарға сай келеді. Біз өзге мектептерді де сондай болуға жұмыс жасап жатырмыз», - деді Елбасы.

Елбасы атаған   5 мегатренд  р қазіргі кезеңде әлемдегі тұрақсыздықтың көрсеткіші болып отырғанын жеткізді.

«Әсіресе, геосаяси шиеленістер, өзара санкциялар, сауда қатынастардың қайтадан қарау, Дүниежүзілік сауда ұйымының осы ережелеріне қарамастан, осындай іс-шаралар болып жатыр. Бірақ, қазіргі трансформацияның ең басты ерекшілігі, бірінші рет жаһандық  әлемде жүргізілуі. Сондай-ақ, аутсайдер елдердің проблемалары табысты  елдердің игілігіне әсер ететінін түсінуіміз керек. Олар, көші-қон, экологиялық  апаттар, экстремизм, терорризм сынды іс-қимылдар. Олардың шекара таңдамайтынын білеміз. Байлар мен кедейлердің арасындағы кіріс айырмашылығын қысқартуымыз керек. Оның барлығы әлеуметтік қайшылықтарды туындатып жатқанын көрудеміз. Қазіргі кезеңдегі макроэкономикалық жағдайға қарайтын болсақ, ол сырт жағынан позитивті , халықаралық валюта қорының есептеуі бойынша әлемдік ЖІӨ 2017 жылы  3,07 болса, осы жылы 3,09 пайызға өсуі мүмкін деп айтуда. Қазіргі кезеңде осындай өсу қарқыны  120 мемлекетте байқалуда. Бірақ, 6 мемлекетте тұрғындардың  кірісіндегі теңсіздікті көрудеміз. Сондықтан да  әлемнің дамуы, әрі сапалы  дамуы өте өзекті. Бүгінгі күнде 62 ең бай адамның активтері  3,5 млрд адаммен теңесіп тұрғанын көрудеміз. Технологиялық революция барлық  адамның жағдайын жақсартуы керек еді, бірақ қарап отырсақ, осындай түйіткілдер бар. Оларды еңсеру үшін мемлекет арасындағы тиімді тетіктерді ұйымдастырумыз қажет. G20, G7 форматындағы жиындарға қатыстым, менің ойымша, олардың барлығы әлемдік, жаһандық көзқарасты қамтымай отыр. Сондықтан да біз G-Global  платформасын ұсынған болатынбыз. Олардың барлығы бүкіл мемлекеттік көзқарасы мен пікірлерін топтастыруға мүмкіндік берді.  G-Global  теңгерімді қабылдауға мүмкіндік береді. Орнықты даму мәселелрі, кедейшілік пен аштықпен, экологиялық апаттарға төтеп беру, алшақтық, кіріс мәселелерін қарастыруға болатын еді», - деді Елбасы.

Сондай-ақ, Елбасы қазір елде жүзеге асырылып жатқан  5 әлеуметтік бастаманың тетіктерін айтып өтті. 

Елбасы айтып өткендей, бүгінгі айтып отырған мәселелерді бүгінгі спикерлер де айтатын болады. Даму дағдарысы туралы  тақырып көтеріледі.

«Астана экономикалық форумында жаһандық сын-қатерлерге жауап беретін тиімді тетіктер ұсынылатынын күтемін. Форум тиімді әрі нәтижелі болатынына сенемін. Сәттілік тілеймін", - деді Елбасы. 

Айта кетейік, Астана экономикалық форум – Еуразияның жыл сайынғы орталық іскерлік оқиғасы. Биылғы форумға 111 елдің делегаты мен  120 шетелдік БАҚ өкілі  қатысуда. Жалпы қатысушылардың  саны  6 мыңға жуық.  Үш күндік форумда жаһандық маңызы бар 11 трек талқыланатын болады. 75-тен астам  шара өтеді, оның ішінде  5-уі арнайы.   Тақырыптар  панельдік сессияларда жеке талқыланады. Трансұлттық компаниялармен 8 келісімшарт түзіледі деп жоспарланған. Сондай-ақ, форумның ресми серіктестерінің қатарында  ҚР Үкіметі, «Бәйтерек» Холдингі, Strategy2050.kz АА, Baq.kz АА бар.

Аягөз Құрмаш

Фото: Бауыржан Жуасбаев 




Яндекс.Метрика