Шолу

Оқушылардың жазғы демалысын қалай ұйымдастыру керек

Білім және ғылым министрлігі жазғы демалыс кезінде оқушылардың бос уақыты мен жұмыспен қамту ету жұмыстарын жалғастырып жатыр. Оқушыларды жазғы демалыста өңірлердегі лагерлерге немесе мектеп жанындағы лагерге апаруға болады. Жазғы демалысты ұйымдастыру жайында әзірленген Strategy2050.kz АА материалын ұсынамыз.
Астана қаласы29 Мамыр , 11:50

Үкімет отырысында Білім министрі Ерлан Сағадиев айтып өткендей, министрлік оқушылардың жазғы демалысын барынша тиімді етуге тырысып жатыр.

«Осы жылы  2 млн  815 мың  1-10 сынып оқушыларының   2 млн  600 мыңы  немесе  92 пайызы лагерлерде демалады  деп күтілуде.   Ол былтырғы жылмен салыстырғанда  120 мың балаға көп.  1 маусымнан бастап  1,5 млн балаға арналған  12,5 мектеп жанындағы лагерь  өз жұмысын бастайды.  Жаз бойынша  125 қала сыртындағы және  2 мыңға жуық шатырлық спорттық  киіз үйлік   лагерь жұмыс істейді. Сонымен қатар,  жаз кезінде білім беру ұйымдарында секциялар, клубтар  жұмыс жасайды», - деді министр.

 Министр айтқандай,  ұйымдарға  2,5 млн-нан астам оқушы немесе  91 пайыз оқушы барады деп жоспарлануда.

«Жаздың ең үлкен шарасы музыкалық ансамбльдер парады болмақ. Биыл 1 маусым күні өтетін музыкалық  ансамбльдердің   парадына барлық өңірлерден  500 мың адам қатысады деп жоспарланған. Былтыр  100 мың бала қатысса, биыл  ол көрсеткіштің 5 есе өскенін көріп отырмыз. Көптеген ата-аналар балаларының қала сыртындағы лагерде демалғанын қалайды. Алайда, өңірлердегі лагерьлер   барлық балаларды  демалыспен қамтуға жетпейді.  Бізде балалардың демалыспен қамтылуы облыстар бойынша біркелкі емес. Әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларын жазғы демалысын ұйымдастыруға биыл  4 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдарға осы санаттағы балаларды өзге облыстардағы лагерлерде ұйымдастыруды ұсынамыз. Жыл сайын министрліктің «Балдәурен»  және «Қапшағай балдәурен» республикалық орталықтарында барлық өңірден келетін  9 мыңға жуық баланың демалысы ұйымдастырылады. Жергілікті атқарушы органдарына балаларды еліміздің көршілес елдерде демалдыру тәжірибесі бар, осыған аса назар аударуды сұраймын. Өңірлерде балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру динамикасын зерттеуді қажет етеді. Былтыр ол бойынша қоғамдық бақылау  құрылған болатын. Қоғамдық комиссия құрамына үкіметтік емес және ата-аналар кеңесінің өкілдері енді. Комиссия  12 мың лагердің жұмысына мониторинг жүргізді, олар бойынша әкімдіктерге ұсыныстар берілді», - деді Е.Сағадиев.

Сондай-ақ, министр айтып өткендей,  жазғы  уақытта  балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударған жөн.

«Былтыр балаларға қатысты жағдайлардың орын алуы қауіпсіздік шараларының орындалмауы және ата-аналардың дұрыс бақыламауы. Оның ішінде  шомылу маусымында  99 бала суға кеткен. Осы орайда министрлік ішкі істер министрлігімен бірлесіп, балаларды жүзуге үйрету бойынша ведомстволық жоспар қабылданды. Ол бойынша әрбір мектепке жүзу  бассейн бекітіліп, жүзу үйретіледі. Осы жоспар бойынша жарты жыл ішінде  1-11 сынып аралығындағы балалардың саны  5 пайызға өсіп, 15 пайызды құрады. Ең  жоғарғы көрсеткіш  70 пайыз Қарағанды облысында болса, ең төмен Алматы, Жамбыл, Астана қаласында 1-2 пайызды құрады. Осы мәселеге әкімдердің назар аударуын сұраймыз. Жалпы, министрлік жазға дайын, барлық жағдай министрліктің бақылауында», - деді министр.

Өз кезегінде, Астана әкімі Әсет Исекешев қала бойынша жазғы демалысқа  133 мың  оқушы жіберілгенін айтты.

«Демалыс бірнеше бағыт бойынша ұйымдастырылады. Оқушылар сарайы арнайы кестемен жұмыс істейді. Бюджеттен қажетті ақпарат бөлінді. Бұл жергілікті бюджет есебіне есептелген шаралар, ал егер де ата-аналар мен демеушілердің қаржысын қоссақ, ол көрсеткіш  89 пайызды құрайды», - деді Ә.Исекешев.

Ал Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев әкімдіктер балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше мән беруін сұрады.

Аягөз Құрмаш 




Яндекс.Метрика